Ершік

9 Қараша 2012, 03:14

Соңғы редакциялау 31 қазан 2012   Ершік – жегу әбзелдерінің бірі. Ол арба, шанаға жегілетін көліктің арқасына салынатын ер тәрізді болады, қамыт көліктің (аттың) омырауын қағып, иығын баспау үшін де керек. Оның қос қапталының астына киіз жапсырылады да, сосын тоқым үстіне салынады, содан кйін оның үстіндегі тесігінен өткізілген қайыс айылмен қос тәрте тиісті дәрежеде көтеріліп байланады. Кейде ершіктің орнына ер мен ашамай да қолданылады. Жабу – малды ыстық-суықтан, шыбын-шіркейден, сона-масадан қорғау не түйеге артқан жүкті жауын-шашынға тигізбеу, кейде сәндік үшін түйе мен бәйге аттарына жабылатын жамылғы. Оны Қазақстанның әр облысында жергілікті қалыптасқан дәсүрге сай әр түрлі тіп жасайды. Жабудың қыстық және жаздық түрлері болады. Қыстық жабуды киізден, ал жаздық жабуды терме алашадан, кейде сәнді матадан да тігеді. Желдік – тоқым мен ер қапталының арасына салынатын, былғарымен қапталған екі бөлек киіз. Олар төмен сырғып түспеуі үшін екі жерінен тесіп, қайыс тағып байлайды. Оны аттың арқасына ердің оқпаны тиіп, батпауы үшін салады. Жүген – жылқыны жөнге бұру, байлау үшін қолданылатын әбзел. Қазақ шебері жүген жасауға да көп көңіл бөлген. Оны былғары мен қайыстан т.б. жасаған. Ол үшін қайысты тігіп, өріп, түйіп әшекейлеген. Жүгеннің қайыс, түйме, былғары, өрме жүген деген бірнеше түрлері бар. Былғары жүгенді астына қайыс салып тігеді. Жүген кеңсірік, желкелік, кекілдік, сағалдырық, ауыздық, сулық, тізгін, шылбыр сияқты детальдардан құралады. Тізгіннің қайыстан, ал шылбырдың қылдан өрілгені абзал. Жүген аттың басынан сыпырылып кетпеуі үшін сағалдырықты аттың жағының астынан тоға арқылы бекітеді. Былғары жүген күмістелген бүркеншектермен әшекейленеді, кеңсірік пен кекілдік арасын өрмемен жалғастырып, айқасқан жеріне асыл тас орнатады. Көтерме – атты арбаға, шанаға жеккенде ағаш жетегін көтеретін бау. Бұл бау ершіктің үстінен салынады. Кісен – (темір тұсау) – жылқыны матау әбзелі. Шеберлер кісенді аттың аяғына темірден келістіріп иіп, аяққа тиетін жеріне киіз салып, сыртын былғарымен қаптап тігіп жасайды. Кісеннің аттың аяғына салатын жерінің темірі екі бөлшектен тұрады, ашылу, жабылу жағдайы тоға арқылы істеледі, аттың оң аяғына салынатын кісеннің бөлшегінің біреуінде кішкентай шығыр болады, сол шығырдан кісеннің шынжырын өткізгенде бөлшек жабылады, ал екінші аяғына салатын кісеннің бөлшектерінің екі ұшында айқастырып жабылатын кілті болады. Кісен тек кілтпен ашылып, жабылады. Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.  

Соңғы редакциялау

31 қазан 2012

 

Ершік – жегу әбзелдерінің бірі. Ол арба, шанаға жегілетін көліктің арқасына салынатын ер тәрізді болады, қамыт көліктің (аттың) омырауын қағып, иығын баспау үшін де керек. Оның қос қапталының астына киіз жапсырылады да, сосын тоқым үстіне салынады, содан кйін оның үстіндегі тесігінен өткізілген қайыс айылмен қос тәрте тиісті дәрежеде көтеріліп байланады. Кейде ершіктің орнына ер мен ашамай да қолданылады.

Жабу – малды ыстық-суықтан, шыбын-шіркейден, сона-масадан қорғау не түйеге артқан жүкті жауын-шашынға тигізбеу, кейде сәндік үшін түйе мен бәйге аттарына жабылатын жамылғы. Оны Қазақстанның әр облысында жергілікті қалыптасқан дәсүрге сай әр түрлі тіп жасайды. Жабудың қыстық және жаздық түрлері болады. Қыстық жабуды киізден, ал жаздық жабуды терме алашадан, кейде сәнді матадан да тігеді.

Желдік – тоқым мен ер қапталының арасына салынатын, былғарымен қапталған екі бөлек киіз. Олар төмен сырғып түспеуі үшін екі жерінен тесіп, қайыс тағып байлайды. Оны аттың арқасына ердің оқпаны тиіп, батпауы үшін салады.

Жүген – жылқыны жөнге бұру, байлау үшін қолданылатын әбзел. Қазақ шебері жүген жасауға да көп көңіл бөлген. Оны былғары мен қайыстан т.б. жасаған. Ол үшін қайысты тігіп, өріп, түйіп әшекейлеген. Жүгеннің қайыс, түйме, былғары, өрме жүген деген бірнеше түрлері бар. Былғары жүгенді астына қайыс салып тігеді. Жүген кеңсірік, желкелік, кекілдік, сағалдырық, ауыздық, сулық, тізгін, шылбыр сияқты детальдардан құралады.

Тізгіннің қайыстан, ал шылбырдың қылдан өрілгені абзал. Жүген аттың басынан сыпырылып кетпеуі үшін сағалдырықты аттың жағының астынан тоға арқылы бекітеді. Былғары жүген күмістелген бүркеншектермен әшекейленеді, кеңсірік пен кекілдік арасын өрмемен жалғастырып, айқасқан жеріне асыл тас орнатады.

Көтерме – атты арбаға, шанаға жеккенде ағаш жетегін көтеретін бау. Бұл бау ершіктің үстінен салынады.

Кісен – (темір тұсау) – жылқыны матау әбзелі. Шеберлер кісенді аттың аяғына темірден келістіріп иіп, аяққа тиетін жеріне киіз салып, сыртын былғарымен қаптап тігіп жасайды. Кісеннің аттың аяғына салатын жерінің темірі екі бөлшектен тұрады, ашылу, жабылу жағдайы тоға арқылы істеледі, аттың оң аяғына салынатын кісеннің бөлшегінің біреуінде кішкентай шығыр болады, сол шығырдан кісеннің шынжырын өткізгенде бөлшек жабылады, ал екінші аяғына салатын кісеннің бөлшектерінің екі ұшында айқастырып жабылатын кілті болады. Кісен тек кілтпен ашылып, жабылады.

Дереккөзі: "Шаңырақ" қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы, Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, Алматы, 1989 ж.

 

Бөлісу: