Әбіш Кекілбаев

9 Қараша 2012, 03:12

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 КЕКІЛБАЕВ Әбіш (6.12.1939 ж.т., Маңғыстау обл., Оңды а.) – жазушы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1992), Қырғыз Республикасының еңб. сің. мәдениет қайраткері (1995). ҚазМУ-ді бітірген (1962). 1962 – 65 ж. “Қазақ әдебиеті”, “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1964 – 68 ж. Мәдениет мин-нде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесі қызметтерінде болды. 1970 – 75 ж. “Қазақфильм” киностудиясында бас редактор, 1975 – 84 ж. Қазақстан КП Орт. Комитетінің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі. 1984 – 86 ж. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, 1986 – 88 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1988 – 90 ж. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орт. кеңесі президиумының төрағасы. 1990 ж. Қазақстан КП Орт. Комитетінің бөлім меңгерушісі, 1991 ж. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің депутаты Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту к-тінің төрағасы, 1992 – 93 ж. “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1993 – 94 ж. Қазақстан Республикасының Мемл. кеңесшісі, 1994–95 ж. Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесінің төрағасы, 1995 ж. Мемл. кеңесші, 1996 ж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, к-т төрағасы қызметтерін атқарған. 1996 – 2002 ж. Қазақстан Республикасының Мемл. хатшысы болды. 2002 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. К. ең әуелі халыққа көркем шығармашылығымен танылды. Оның алғашқы өлеңдері (“Алтын шуақ”, 1962 ж.), мақалалары, әңгімелері жалпы шығармашылық мүмкіндіктерінен хабар берсе, шағын көлемді повестері автордың жазушылық қарымын, өзіне тән қолтаңбасын, қалыптасқан стилін айқын танытты. “Бір шөкім бұлт” (1966), “Дала балладалары” (1968), “Тырау-тырау тырналар” (1973), “Бір уыс топырақ” (1974), “Құс қанаты” (1975), т.б. әңгімелер мен повестер жинақтары, эсселер мен романдары шығармашылық мұрат-мақсаттарының ауқымын анықтап, оның стиліндегі эпиктерге тән байсалды баяндау, филос., психологиялық тереңдіктерге бару, кең тынысты бейнелі, иірімді тілдік құралдарды пайдалану секілді ерекшеліктерін байқатты. Жазушының “Шыңырау” (1982), “Бәсеке” (1968) атты повестері қарапайым оқиғаны шебер реалистік мәнерде трагедиялық коллизиялар дәрежесіне көтереді, сөйтіп, адамшылық, этик. мәселелерді күн тәртібіне қояды. Осы аталған повестердегі көркемдік-эстет., әлеум.-филос. сипаттар “Аңыздың ақыры” (1971) романында әрі қарай жалғасып дами түсті. К-тың тарихи балладалар цикліндегі ізденістері осы романда өзінің толық көркемдік шешімін тапқан. “Аңыздың ақырында” бірінші кезекте адам жанының алуан иірімдері, терең психологиясы, пейіл-мұрат, мінез-құлық, ішкі драм. коллизия, сырт көзге онша байқала бермейтін, бірақ іште қайнап жатқан ой-сезім, сөз бен әрекеттің арбасуы тәптіштеледі. К. повестеріндегі кейіпкерлер – туған жер алдындағы парыз бен қарызды жете түсінген, жеке адам өмірі келте болғанмен, жер бетіндегі тірлік әуенінің мәңгі үзілмейтінін жақсы білетін, сондықтан айналасындағы әулетінің, жақын-жұрағатының қу құлқынның құлына айналып, күнәкарлықпен күнін өткізбеуін қалайтын Тілеу шал (“Бір шоқ жиде”), құлан жортқан құла түзге ирек-ирек жол салып, далалықтар үшін жаңалық болып көрінетін мамандықты игерген Жақан (“Автомобиль”, 1978), өмір ағымына еріксіз еріп кетіп, жеңілтектік кесірінен жалғыздық зардабын тартқан сұлу Зуїра (“Шеткері үй”, 1978), баласының соңына еріп қалаға келген кәрі кемпірдің көзбен көріп, көңілге түйгендері (“Құс қанаты”) – осының бәрі бүгінгі тіршілікті әр қырынан көрсетіп, рухани әлемдегі психол., әлеум., этик., моральдық өзгеріс-қозғалыстарды көркемдік шындық аясында суреттеуге негіз болған. Шығармаларының негізгі арқауы – белгілі тарихи жағдай мен оған тап болған жеке адам, халық ахуалы, тағдыры, олардың бір-біріне тигізетін ықпалы, соларға берілетін бүгінгі күннің бағасы (“Үркер”, 1981; “Елең-алаң”, 1984 романдары; Қазақстан Мемл. сыйл., 1986). К-тың көркемдік палитрасының қуаты мен қасиеті ежелгі аңыз, әңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізе отырып, тарихи филос. тұрғыдан екшей алатындығында, сол әңгімелерден күллі адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып, өткен күндер шындығына бүгінгі күннің жарық сәулесін түсіретіндігінде. К. көтерген тақырыптардың бірі – әділеттілік пен сүйіспеншілікке, адамшылық пен қайырымдылыққа қарама-қарсы суреттелген, көпшілікті өлшеусіз қасірет-қайғыға, алапат ойран-сұмдықтарға бастайтын шегі-шеті жоқ билік пен қарақан басының қамын күйттеген билік иесінің ештен кеш болса да райынан қайту кезеңі (“Күй”, 1969), рухани қайыршылық көріністері (“Ханша-дария хикаясы”, 1978). К. прозасы, жалпы алғанда, өмір құбылыстарына байсалды ой-парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұл проза қазақ халқының рухани әлемінің сан ғасырлық озық дәстүрлеріне арқа сүйейді, содан да ол филос., интеллектуалдық мағыналарға бай болып келеді. К. шығармалары адам өмірінің мәнін, заман сырын терең, шебер бейнелеуімен, даралық стилімен, ұлттық рухымен ерекшеленеді. Сонымен қатар К. тарих пен бүгінгі күннің маңызды мәселелерін ұтырлы қозғап, әлеум. ірі идеяларды өзек ететін, адам баласының болмысы мен оның іс-әрекетінің себеп-салдарын іздеп, үнемі ой толғайтынын көптеген тарихи, филос., ғыл.-танымдық, әдеби-эстет., эсселер мен публицистикалық шығармалардың (“Ұйқыдағы арудың оянуы”, 1979; “Дәуірмен бетпе-бет”, 1972; “Заманмен сұхбат”, 1996) авторы. К. жауапты мемл. қызметтердің қай саласында жұмыс істесе де өзінің кең ауқымда ойлай білетін қайраткерлігімен, осы жолдағы елдің игілігі үшін жасалған іс-әрекеттерді табанды түрде жүзеге асыра білетіндігімен танылды. Оның қоғам қайраткері ретінде кеңінен танымал болған кезі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен тұспа тұс келді. Тәуелсіздікті нығайту мен баянды ету жолындағы шешуші сәттердегі маңызды шешімдерді қабылдау барысында оның жоғары парасаттылығы мен өзіне мол жауапкершілікті ала білетіндігі айқын көрінді. Елде ұлтаралық жанжалдарды болдырмау, саяси мәселелерді ушықтырмай тиянақты, дұрыс шешу жолдарын қарастыру кезінде сарабдал саясаткерге тән саяси көрегенділік таныта білді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында пайда болған экон. дағдарыстар мен өзге де саяси-әлеум. тығырықтардан шығу үшін жүргізілген реформалардың халық тарапынан қолдау табуына К. айрықша үлес қосты. Халықты тәуелсіз мемлекеттілік қалыптастыру барысында кездеспей қоймайтын қиындықтарға төзе білуге, сол жолда ішкі бірлікті сақтап, ұшқарылыққа бармай, қажет кезде басалқылық таныта білуге шақырған К-тың публицистикалық шығармалары өзінің шынайы объективтілігімен ерекшеленіп, халық тарапынан кеңінен қолдауға ие болды. Сонымен қатар елдің өзгелерге ұқсай бермейтін өзіндік ерекшелігі бар тұрақты сыртқы саясатының қалыптасуына ат салысып, Қазақстанның әлемдік саяси кеңістікте беделді орынға ие болуына үлкен үлес қосты. Сондай-ақ, К. халқымыздың тарихи жадын жаңғыртуға, рухани мұраларын қайта қалпына келтіруге өлшеусіз үлес қосты. Оның қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалар бейнесін терең ашқан, тарихи оқиғалардың мән-маңызын айқындаған шығармалары тың деректерімен, ой-толғаныстарының ауқымдылығымен құнды. К-тің “Баллада степей” (1975), “Конец легенды” (1979), “Степные легенды” (1984) атты кітаптары орыс тілінде басылды. Шығармалары әлем халықтарының басқа да көптеген тілдеріне аударылған. Ол Л.Толстой, К.Гоци, Г.Мопассан, Г.Ибсен, А.Чехов, И.Буниннің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударды. Немістің “Фольк унд Вельт” кітап баспасы жүргізген сауалнама хаттамасында К. есімі “ХХ ғасырдың таңдаулы жазушылары” тізіміне енгізілген. Ол кеңестік кезеңде КСРО Жазушылар одағы алқасының, халықар. “Лотос” жазушылар сыйлығы қазылар алқасының, Мәскеудегі “Художественная литература”, “Дружба народов” баспаларының редакциялық алқа мүшесі болды, Азия-Африка жазушылары халықар. к-тінің мүшелігіне сайланды. К. шығармаларын М.Әуезов, Ш.Айтматов, З.Кедрина, т.б. белгілі қаламгерлер жоғары бағалады. “Абылай хан” драмасы Қазақ драма театры сахнасында қойылды. К. бұл драм. шығармасында ұлы қолбасшы, дана саясаткер Абылай ханды елдің еркіндігін, келешегін ойлаған кесек тұлға ретінде шынайы бейнелеген. Соңғы кездерде – “Дүние ғапыл” (1999), “Дала балладалары” (2 том, 2001), сондай-ақ, “Қазақ классикасы сериясы” бойынша 12 томдық шығармалар жинағы (1999) жарық көрді. Қазақстан Мемл. сыйл. (1987), Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйл. (1995) лауреаты, “Отан”, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған. Г. Бельгер Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

КЕКІЛБАЕВ Әбіш (6.12.1939 ж.т., Маңғыстау обл., Оңды а.) – жазушы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1992), Қырғыз Республикасының еңб. сің. мәдениет қайраткері (1995). ҚазМУ-ді бітірген (1962). 1962 – 65 ж. “Қазақ әдебиеті”, “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1964 – 68 ж. Мәдениет мин-нде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесі қызметтерінде болды. 1970 – 75 ж. “Қазақфильм” киностудиясында бас редактор, 1975 – 84 ж. Қазақстан КП Орт. Комитетінің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі. 1984 – 86 ж. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, 1986 – 88 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1988 – 90 ж. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орт. кеңесі президиумының төрағасы. 1990 ж. Қазақстан КП Орт. Комитетінің бөлім меңгерушісі, 1991 ж. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің депутаты Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту к-тінің төрағасы, 1992 – 93 ж. “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1993 – 94 ж. Қазақстан Республикасының Мемл. кеңесшісі, 1994–95 ж. Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесінің төрағасы, 1995 ж. Мемл. кеңесші, 1996 ж. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, к-т төрағасы қызметтерін атқарған. 1996 – 2002 ж. Қазақстан Республикасының Мемл. хатшысы болды. 2002 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

К. ең әуелі халыққа көркем шығармашылығымен танылды. Оның алғашқы өлеңдері (“Алтын шуақ”, 1962 ж.), мақалалары, әңгімелері жалпы шығармашылық мүмкіндіктерінен хабар берсе, шағын көлемді повестері автордың жазушылық қарымын, өзіне тән қолтаңбасын, қалыптасқан стилін айқын танытты. “Бір шөкім бұлт” (1966), “Дала балладалары” (1968), “Тырау-тырау тырналар” (1973), “Бір уыс топырақ” (1974), “Құс қанаты” (1975), т.б. әңгімелер мен повестер жинақтары, эсселер мен романдары шығармашылық мұрат-мақсаттарының ауқымын анықтап, оның стиліндегі эпиктерге тән байсалды баяндау, филос., психологиялық тереңдіктерге бару, кең тынысты бейнелі, иірімді тілдік құралдарды пайдалану секілді ерекшеліктерін байқатты. Жазушының “Шыңырау” (1982), “Бәсеке” (1968) атты повестері қарапайым оқиғаны шебер реалистік мәнерде трагедиялық коллизиялар дәрежесіне көтереді, сөйтіп, адамшылық, этик. мәселелерді күн тәртібіне қояды. Осы аталған повестердегі көркемдік-эстет., әлеум.-филос. сипаттар “Аңыздың ақыры” (1971) романында әрі қарай жалғасып дами түсті. К-тың тарихи балладалар цикліндегі ізденістері осы романда өзінің толық көркемдік шешімін тапқан. “Аңыздың ақырында” бірінші кезекте адам жанының алуан иірімдері, терең психологиясы, пейіл-мұрат, мінез-құлық, ішкі драм. коллизия, сырт көзге онша байқала бермейтін, бірақ іште қайнап жатқан ой-сезім, сөз бен әрекеттің арбасуы тәптіштеледі. К. повестеріндегі кейіпкерлер – туған жер алдындағы парыз бен қарызды жете түсінген, жеке адам өмірі келте болғанмен, жер бетіндегі тірлік әуенінің мәңгі үзілмейтінін жақсы білетін, сондықтан айналасындағы әулетінің, жақын-жұрағатының қу құлқынның құлына айналып, күнәкарлықпен күнін өткізбеуін қалайтын Тілеу шал (“Бір шоқ жиде”), құлан жортқан құла түзге ирек-ирек жол салып, далалықтар үшін жаңалық болып көрінетін мамандықты игерген Жақан (“Автомобиль”, 1978), өмір ағымына еріксіз еріп кетіп, жеңілтектік кесірінен жалғыздық зардабын тартқан сұлу Зуїра (“Шеткері үй”, 1978), баласының соңына еріп қалаға келген кәрі кемпірдің көзбен көріп, көңілге түйгендері (“Құс қанаты”) – осының бәрі бүгінгі тіршілікті әр қырынан көрсетіп, рухани әлемдегі психол., әлеум., этик., моральдық өзгеріс-қозғалыстарды көркемдік шындық аясында суреттеуге негіз болған. Шығармаларының негізгі арқауы – белгілі тарихи жағдай мен оған тап болған жеке адам, халық ахуалы, тағдыры, олардың бір-біріне тигізетін ықпалы, соларға берілетін бүгінгі күннің бағасы (“Үркер”, 1981; “Елең-алаң”, 1984 романдары; Қазақстан Мемл. сыйл., 1986). К-тың көркемдік палитрасының қуаты мен қасиеті ежелгі аңыз, әңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізе отырып, тарихи филос. тұрғыдан екшей алатындығында, сол әңгімелерден күллі адам баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып, өткен күндер шындығына бүгінгі күннің жарық сәулесін түсіретіндігінде. К. көтерген тақырыптардың бірі – әділеттілік пен сүйіспеншілікке, адамшылық пен қайырымдылыққа қарама-қарсы суреттелген, көпшілікті өлшеусіз қасірет-қайғыға, алапат ойран-сұмдықтарға бастайтын шегі-шеті жоқ билік пен қарақан басының қамын күйттеген билік иесінің ештен кеш болса да райынан қайту кезеңі (“Күй”, 1969), рухани қайыршылық көріністері (“Ханша-дария хикаясы”, 1978). К. прозасы, жалпы алғанда, өмір құбылыстарына байсалды ой-парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұл проза қазақ халқының рухани әлемінің сан ғасырлық озық дәстүрлеріне арқа сүйейді, содан да ол филос., интеллектуалдық мағыналарға бай болып келеді. К. шығармалары адам өмірінің мәнін, заман сырын терең, шебер бейнелеуімен, даралық стилімен, ұлттық рухымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар К. тарих пен бүгінгі күннің маңызды мәселелерін ұтырлы қозғап, әлеум. ірі идеяларды өзек ететін, адам баласының болмысы мен оның іс-әрекетінің себеп-салдарын іздеп, үнемі ой толғайтынын көптеген тарихи, филос., ғыл.-танымдық, әдеби-эстет., эсселер мен публицистикалық шығармалардың (“Ұйқыдағы арудың оянуы”, 1979; “Дәуірмен бетпе-бет”, 1972; “Заманмен сұхбат”, 1996) авторы. К. жауапты мемл. қызметтердің қай саласында жұмыс істесе де өзінің кең ауқымда ойлай білетін қайраткерлігімен, осы жолдағы елдің игілігі үшін жасалған іс-әрекеттерді табанды түрде жүзеге асыра білетіндігімен танылды. Оның қоғам қайраткері ретінде кеңінен танымал болған кезі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен тұспа тұс келді. Тәуелсіздікті нығайту мен баянды ету жолындағы шешуші сәттердегі маңызды шешімдерді қабылдау барысында оның жоғары парасаттылығы мен өзіне мол жауапкершілікті ала білетіндігі айқын көрінді. Елде ұлтаралық жанжалдарды болдырмау, саяси мәселелерді ушықтырмай тиянақты, дұрыс шешу жолдарын қарастыру кезінде сарабдал саясаткерге тән саяси көрегенділік таныта білді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында пайда болған экон. дағдарыстар мен өзге де саяси-әлеум. тығырықтардан шығу үшін жүргізілген реформалардың халық тарапынан қолдау табуына К. айрықша үлес қосты. Халықты тәуелсіз мемлекеттілік қалыптастыру барысында кездеспей қоймайтын қиындықтарға төзе білуге, сол жолда ішкі бірлікті сақтап, ұшқарылыққа бармай, қажет кезде басалқылық таныта білуге шақырған К-тың публицистикалық шығармалары өзінің шынайы объективтілігімен ерекшеленіп, халық тарапынан кеңінен қолдауға ие болды. Сонымен қатар елдің өзгелерге ұқсай бермейтін өзіндік ерекшелігі бар тұрақты сыртқы саясатының қалыптасуына ат салысып, Қазақстанның әлемдік саяси кеңістікте беделді орынға ие болуына үлкен үлес қосты. Сондай-ақ, К. халқымыздың тарихи жадын жаңғыртуға, рухани мұраларын қайта қалпына келтіруге өлшеусіз үлес қосты. Оның қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалар бейнесін терең ашқан, тарихи оқиғалардың мән-маңызын айқындаған шығармалары тың деректерімен, ой-толғаныстарының ауқымдылығымен құнды. К-тің “Баллада степей” (1975), “Конец легенды” (1979), “Степные легенды” (1984) атты кітаптары орыс тілінде басылды. Шығармалары әлем халықтарының басқа да көптеген тілдеріне аударылған. Ол Л.Толстой, К.Гоци, Г.Мопассан, Г.Ибсен, А.Чехов, И.Буниннің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударды. Немістің “Фольк унд Вельт” кітап баспасы жүргізген сауалнама хаттамасында К. есімі “ХХ ғасырдың таңдаулы жазушылары” тізіміне енгізілген. Ол кеңестік кезеңде КСРО Жазушылар одағы алқасының, халықар. “Лотос” жазушылар сыйлығы қазылар алқасының, Мәскеудегі “Художественная литература”, “Дружба народов” баспаларының редакциялық алқа мүшесі болды, Азия-Африка жазушылары халықар. к-тінің мүшелігіне сайланды. К. шығармаларын М.Әуезов, Ш.Айтматов, З.Кедрина, т.б. белгілі қаламгерлер жоғары бағалады. “Абылай хан” драмасы Қазақ драма театры сахнасында қойылды. К. бұл драм. шығармасында ұлы қолбасшы, дана саясаткер Абылай ханды елдің еркіндігін, келешегін ойлаған кесек тұлға ретінде шынайы бейнелеген. Соңғы кездерде – “Дүние ғапыл” (1999), “Дала балладалары” (2 том, 2001), сондай-ақ, “Қазақ классикасы сериясы” бойынша 12 томдық шығармалар жинағы (1999) жарық көрді. Қазақстан Мемл. сыйл. (1987), Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйл. (1995) лауреаты, “Отан”, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.

Г. Бельгер

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу: