Дина Нұрпейісова

9 Қараша 2012, 02:48

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   Дина Нұрпейісова, Дина Кенжеқызы Нұрпейіс келіні (1861, Батыс Қазақстан обл. Жаңақала ауд. — 31.1.1955, Алматы) — домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық артисі (1944; 1940 жылдан Қазақстанның еңб. сің. арт.), қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі белгілі домбырашы болған. Д. домбыра тартуды 8 — 9 жасында үйренеді. Оның Құрманғазымен кездесуі (1870) болашақ өнер жолында шешуші рөл атқарған. Құрманғазы Д-ның дарынына тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күй үйретеді, оны өзіне шәкірт тұтады. Д. ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнеріндегі ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Өзі өсіп-өнген ортадағы күйшілік өнерді толық меңгеру, Құрманғазының “мектебінен” өту Д-ның домбырашылық өнерін шыңдай түсті. Ол өз жанынан күй шығара бастайды. Д-ның тырнақалды “Бұлбұл”, “Байжұма”, “Көгентүп” атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. Қазақ даласындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Д-ның шығармашылығына елеулі әсер етті. Аталмыш оқиға арқау болған “Он алтыншы жыл” күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арналған “Кішкентай” күйінің әсері байқалады. Бұл күйде Д. жарқын болашақ, азаттық өмір аңсаған ұстазының асыл арманын одан әрі жалғастыра түскендей болады. Д-ның шығармашылығының кемелденіп, күйшілік-орындаушылық өнерінің толысуы кеңестік дәуірмен тұспа-тұс келді. 1937 ж. ол Халық өнерпаздарының респ. байқауына қатысып, 1-жүлдеге ие болса, 1939 ж. Мәскеуде өткен Халық муз. аспаптарын орындаушылардың бүкілодақтық байқауында 1-орын алып, “Домбыраның Жамбылы” атанды. Оның салтанатты, асқақ рухтағы, шаттыққа толы “Тойбастары”, әсем, нәзік сазды “Бұлбұлы” мен “Әсемқоңыры” — әуезді үн-бояуымен, терең тебіреністі мазмұнымен қазақ халқының жаңа бағыттағы күйлерінің негізін салған үздік туындылар. Күйші замана шындығын, кезеңдік оқиғаларды өз шығармаларында асқақ шабытпен, тебіреністі сезіммен күйге қосты (“Жеңіс”, “Ана аманаты”, “Сегізінші март”, “Сауыншы”, “Еңбек ері”, т.б.). Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Түркештің дәстүрін дамыта келіп, Д. қазақтың өз кезеңіндегі күйшілік өнерін жаңа бір белеске көтерді. Оның шығарм. өмір жолы, өнері туралы А.Жұбанов, Г.Бисенова, Ж.Рсалдин, т.б. зерттеулер, жазушы С.Бақбергенов “Қайран шешем” (1963) атты роман жазды. Суретші А.М. Черкасский 1946 ж. “Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісованың кездесуі” картинасын, ал 1963 ж. Г.Ысмайылова Д-ның портретін салды. Д-ның есімімен бірнеше музыка мектептері, қала көшелері аталады. 1996 жылдан бастап жыл сайын жасөспірім домбырашы қыздар арасында Д. атындағы “Бұлбұл домбыра” респ. байқауын өткізу дәстүрі қалыптасқан. Д. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған. Қ. Ахмедияров Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

Дина Нұрпейісова, Дина Кенжеқызы Нұрпейіс келіні (1861, Батыс Қазақстан обл. Жаңақала ауд. — 31.1.1955, Алматы) — домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық артисі (1944; 1940 жылдан Қазақстанның еңб. сің. арт.), қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі белгілі домбырашы болған. Д. домбыра тартуды 8 — 9 жасында үйренеді. Оның Құрманғазымен кездесуі (1870) болашақ өнер жолында шешуші рөл атқарған. Құрманғазы Д-ның дарынына тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күй үйретеді, оны өзіне шәкірт тұтады. Д. ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнеріндегі ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Өзі өсіп-өнген ортадағы күйшілік өнерді толық меңгеру, Құрманғазының “мектебінен” өту Д-ның домбырашылық өнерін шыңдай түсті. Ол өз жанынан күй шығара бастайды. Д-ның тырнақалды “Бұлбұл”, “Байжұма”, “Көгентүп” атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. Қазақ даласындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Д-ның шығармашылығына елеулі әсер етті. Аталмыш оқиға арқау болған “Он алтыншы жыл” күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арналған “Кішкентай” күйінің әсері байқалады. Бұл күйде Д. жарқын болашақ, азаттық өмір аңсаған ұстазының асыл арманын одан әрі жалғастыра түскендей болады. Д-ның шығармашылығының кемелденіп, күйшілік-орындаушылық өнерінің толысуы кеңестік дәуірмен тұспа-тұс келді. 1937 ж. ол Халық өнерпаздарының респ. байқауына қатысып, 1-жүлдеге ие болса, 1939 ж. Мәскеуде өткен Халық муз. аспаптарын орындаушылардың бүкілодақтық байқауында 1-орын алып, “Домбыраның Жамбылы” атанды. Оның салтанатты, асқақ рухтағы, шаттыққа толы “Тойбастары”, әсем, нәзік сазды “Бұлбұлы” мен “Әсемқоңыры” — әуезді үн-бояуымен, терең тебіреністі мазмұнымен қазақ халқының жаңа бағыттағы күйлерінің негізін салған үздік туындылар. Күйші замана шындығын, кезеңдік оқиғаларды өз шығармаларында асқақ шабытпен, тебіреністі сезіммен күйге қосты (“Жеңіс”, “Ана аманаты”, “Сегізінші март”, “Сауыншы”, “Еңбек ері”, т.б.). Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Түркештің дәстүрін дамыта келіп, Д. қазақтың өз кезеңіндегі күйшілік өнерін жаңа бір белеске көтерді. Оның шығарм. өмір жолы, өнері туралы А.Жұбанов, Г.Бисенова, Ж.Рсалдин, т.б. зерттеулер, жазушы С.Бақбергенов “Қайран шешем” (1963) атты роман жазды. Суретші А.М. Черкасский 1946 ж. “Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісованың кездесуі” картинасын, ал 1963 ж. Г.Ысмайылова Д-ның портретін салды. Д-ның есімімен бірнеше музыка мектептері, қала көшелері аталады. 1996 жылдан бастап жыл сайын жасөспірім домбырашы қыздар арасында Д. атындағы “Бұлбұл домбыра” респ. байқауын өткізу дәстүрі қалыптасқан. Д. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған.

Қ. Ахмедияров

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Бөлісу: