Марадона Венесуэла президенттігінен үміткер Мадураны қолдады

12 Сәуір 2013, 09:05

Венесуэла президенті лауазымына үміткер Николас Мадураның сайлау алды шарасының аяқталуына орай өткізілген салтанатты жиынға Венесуэлла үкіметінің бағытын қолдайтын атақты аргентиналық футболшы Диего Марадона да қатысты.  Бұл күні Каракастың орталық көшелерінің бірі Боливар даңғылы қызыл түске боялды. Мадураның жақтастары жаппай  қызыл футболка киіп алған. Арқасында дәстүрлі  «10» нөмірі белгіленген қызыл футболка киген Марадона да митингіге қатысушыларды Мадураның қасында тұрып қарсы алды. ҚазАқпарат.    

Венесуэла президенті лауазымына үміткер Николас Мадураның сайлау алды шарасының аяқталуына орай өткізілген салтанатты жиынға Венесуэлла үкіметінің бағытын қолдайтын атақты аргентиналық футболшы Диего Марадона да қатысты.

 Бұл күні Каракастың орталық көшелерінің бірі Боливар даңғылы қызыл түске боялды. Мадураның жақтастары жаппай  қызыл футболка киіп алған. Арқасында дәстүрлі  «10» нөмірі белгіленген қызыл футболка киген Марадона да митингіге қатысушыларды Мадураның қасында тұрып қарсы алды.

ҚазАқпарат.

 

 

Бөлісу: