Астана туристік қалалардың Бүкіләлемдік федерациясына енді

12 Сәуір 2013, 08:46

Астана Бүкіләлемдік туристік қалалар  федерациясының  (World Tourism Cities Federation  (WTCF) құрамына енуге шақыру алды. Аталмыш федерация Лос-Анджелес, Рим, Берлин, Макао, Бейжің, Лондон, Вена және тағы басқа да 50-ден астам мегаполис пен туристік орталықтарды біріктіретін көлемі жағынан 4-ші туристік бірлестік болып табылады. Бір айта кетерлігі, бұрынғы кеңестік елдері қалалары ішінде WTCF қатысушылары тек Мәскеу мен  Минск қана болса, енді оған Астана да еніп отыр. Бұл туралы Бәйтерек халықаралық баспасөз орталығынан хабарланды. Тоқтала кететін жайт, Қазақстан астанасы Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясына Бейжің мэрі Уонг Аншунгтың шақыруы бойынша еніп отыр. «Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясы Кеңесінің  төрағасы ретінде мен Астананы WTCF құрамына қуана ұсындым. Федерацияға қосыла отырып, сіздің қала ұйымдағы басқа қалалармен бірге сәтті тәжірибесімен, туризмді дамыту мүмкіндіктерімен бөлісетіндігіне сенімім зор», - деп атап көрсетті өз сөзінде Бейжің мэрі, Федерациялар Кеңесінің төрағасы Уонг Аншун.  Тоқтала кететін жайт, Астана WTCF-қа кірген әлемнің 56-шы, ал кеңестік елдер арасындағы 3-ші қала болып табылады. Бүгінгі күні Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясына қатысушы ең көрікті 55 қала бар. Олардың қатарында: Амстердам (Голландия), Буэнос-Айрес (Аргентина), Гонконг (Китай), Дубай (ОАЭ), Лондон (Ұлыбритания), Лос-Анджелес (АҚШ), Мәскеу (Ресей), Минк (Беларусь), Оттава (Канада), Рим (Италия), Сеул (Корея), София (Болгария), Тель-Авив (Израиль) тағы басқалары бар. Айта кетерлігі,  Астана Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясы ұсынған барлық түбегейлі талаптарға сай болып шыққан. Қазақстанның жас астанасы өте тартымды туристік келбетімен үлкен әлеуетке ие. Мұндағы дамыған инфрақұрылым, бірегей сәулет өнерінің жетістіктері, бәрі жетерлік. Сонымен қатар, қаланың оңтайлы географиялық аймақта орналасуы да, керемет тарихы да, жоғары қызмет сервисі де, қазіргі заман технологиясын пәрменді қолдануы да қаперге алынған.   ҚазАқпарат.  

Астана Бүкіләлемдік туристік қалалар  федерациясының  (World Tourism Cities Federation  (WTCF) құрамына енуге шақыру алды. Аталмыш федерация Лос-Анджелес, Рим, Берлин, Макао, Бейжің, Лондон, Вена және тағы басқа да 50-ден астам мегаполис пен туристік орталықтарды біріктіретін көлемі жағынан 4-ші туристік бірлестік болып табылады. Бір айта кетерлігі, бұрынғы кеңестік елдері қалалары ішінде WTCF қатысушылары тек Мәскеу мен  Минск қана болса, енді оған Астана да еніп отыр. Бұл туралы Бәйтерек халықаралық баспасөз орталығынан хабарланды.

Тоқтала кететін жайт, Қазақстан астанасы Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясына Бейжің мэрі Уонг Аншунгтың шақыруы бойынша еніп отыр. «Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясы Кеңесінің  төрағасы ретінде мен Астананы WTCF құрамына қуана ұсындым. Федерацияға қосыла отырып, сіздің қала ұйымдағы басқа қалалармен бірге сәтті тәжірибесімен, туризмді дамыту мүмкіндіктерімен бөлісетіндігіне сенімім зор», - деп атап көрсетті өз сөзінде Бейжің мэрі, Федерациялар Кеңесінің төрағасы Уонг Аншун. 

Тоқтала кететін жайт, Астана WTCF-қа кірген әлемнің 56-шы, ал кеңестік елдер арасындағы 3-ші қала болып табылады. Бүгінгі күні Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясына қатысушы ең көрікті 55 қала бар. Олардың қатарында: Амстердам (Голландия), Буэнос-Айрес (Аргентина), Гонконг (Китай), Дубай (ОАЭ), Лондон (Ұлыбритания), Лос-Анджелес (АҚШ), Мәскеу (Ресей), Минк (Беларусь), Оттава (Канада), Рим (Италия), Сеул (Корея), София (Болгария), Тель-Авив (Израиль) тағы басқалары бар.

Айта кетерлігі,  Астана Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясы ұсынған барлық түбегейлі талаптарға сай болып шыққан. Қазақстанның жас астанасы өте тартымды туристік келбетімен үлкен әлеуетке ие. Мұндағы дамыған инфрақұрылым, бірегей сәулет өнерінің жетістіктері, бәрі жетерлік. Сонымен қатар, қаланың оңтайлы географиялық аймақта орналасуы да, керемет тарихы да, жоғары қызмет сервисі де, қазіргі заман технологиясын пәрменді қолдануы да қаперге алынған.  

ҚазАқпарат.

 

Бөлісу: