"Қайрат" шақыртылуы

12 Сәуір 2013, 06:30

  – Сені «Қайрат» командасы өз құрамына алғылары келеді, – деді ректор. – Бірақ сен күндізгі бөлім­нің студентісің. Сондықтан, саған сабақтарға еркін қатысып, емти­хан­дарды ыңғайлы уақытта тапсы­руға рұқсат етемін. Осылай етуді рес­публика спорт комитетінің төр­ағасы Кәркен Ахметов те қолқалап сұрап отыр. Тек сен жаман оқитын болсаң, ешқандай да футбол бол­майды. Елдің бас ко­ман­дасына бекер алынбағаныңды дәлелдеуге тиіс­сің. Мүмкіндік беріп тұрғанда, аянбай, барыңды сал, айналайын. Намысты қолдан берме! Үлкен жүректі азамат Хамзекең Тимурға осылайша ақ жол тілеп, батасын беріп аттандырып салып еді. Шәкірті сол жақсылықты еш­қашан ұмытқан емес. (Тимур Сан­жарұлы Қазақ туризм және спорт академиясына осы оқу ордасының негізін қалап, ұзақ жылдар ректор болған қайраткер Хамза Мұхамед­жановтың есімі берілгелі жатқан хабарын естіп, қатты қуанулы екен). Түрлі сылтау айтып қаса­рыс­қан команда басшылығын тізеге салып «Қайратқа» алғызған бас қамқоршысы Кәркен аға екенін кейін естіп білген. Қалай болғанда да, футболда қазақ өрендерінің өр­кен жайып, өрісі кеңеюін қа­лаған осынау асыл ағалар үмітін Тимур артығымен ақтап шығып еді. Нышандап айтар тағы бір жа­ғ­дай сол, оның командаға алынуы «Қайраттың» одақтық чемпионат­тың жоғарғы тобында алғаш рет өнер көрсетер уақытымен тұспа-тұс келді. Осылайша «Қайрат» пен оның барлық уақыттағы бас қаһар­манының тағдырлары мәңгілік ажырамас бір арнада тоғысты. Бұл – 1960 жылдың көктемі. Тимур жалындаған 19 жаста болатын. Сухуми маңындағы Қара теңіз жа­ғалауында жаттығып жатқан ко­манданың соңынан арманына асы­ға алабұртып жалғыз жол тартқаны есінде. Бапкер Н.Глебов Минскіде бо­ла­т­ын маңызды матч алдында жол­шыбай Гомельде жолдастық кез­десу өткізіп, үміткер үш ойын­шы­ның екеуін таңдап алуға тиіс болды. Олар Ангарскіден келген Вадим Степанов, Тимур және тағы бір жігіт еді. Әрқайсысына өз ор­нында ойнауға 30 минуттан берілді. Бірінші Степанов ойнап, оған «өте жақсы» деген баға қо­йылды. Содан кейін шыққан Тимур жай ғана жақсы болмай, жарты сағатта екі гол соғып үлгерді. Үшін­ші жігіттің ойынын бапкер ұнатпады. Осыдан көп ұзамай әлемнің алтыдан бірін алып жатқан Кеңес Одағы көлемінде жұлдызы жар­қыраған алғашқы көзайым күн де келіп жетті. Иә, 1960 жылдың 12 мамыры Тимур Сегізбаев өмірін­дегі шын мәніндегі ерекше күн. Осы бір ғажайып футболшы жа­йында айтылар әңгіменің ешқайсы да бұл күнді аттап өте алмайды. Себебі, ол талайлы жас жігіттің жай 19-ға толған кезекті ғана туған күні емес-тін. Бұл күні ол алғаш рет «Қайраттың» негізгі құрамын­да алаңға шығып, тұңғыш ойында өз туған күніне талайды тамсан­дыр­ған тамаша сыйлық тартты. Тимурдың нақ осы матчта Минск «Беларусінің» қақпасына салған егіз қозыдай қос добы алматы­лық­тардың жоғарғы лигадағы алғашқы жеңісіне жол ашып, бүкіл коман­даны абырой төріне шығарды. Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»

 

– Сені «Қайрат» командасы өз құрамына алғылары келеді, – деді ректор. – Бірақ сен күндізгі бөлім­нің студентісің. Сондықтан, саған сабақтарға еркін қатысып, емти­хан­дарды ыңғайлы уақытта тапсы­руға рұқсат етемін. Осылай етуді рес­публика спорт комитетінің төр­ағасы Кәркен Ахметов те қолқалап сұрап отыр. Тек сен жаман оқитын болсаң, ешқандай да футбол бол­майды. Елдің бас ко­ман­дасына бекер алынбағаныңды дәлелдеуге тиіс­сің. Мүмкіндік беріп тұрғанда, аянбай, барыңды сал, айналайын. Намысты қолдан берме!

Үлкен жүректі азамат Хамзекең Тимурға осылайша ақ жол тілеп, батасын беріп аттандырып салып еді. Шәкірті сол жақсылықты еш­қашан ұмытқан емес. (Тимур Сан­жарұлы Қазақ туризм және спорт академиясына осы оқу ордасының негізін қалап, ұзақ жылдар ректор болған қайраткер Хамза Мұхамед­жановтың есімі берілгелі жатқан хабарын естіп, қатты қуанулы екен). Түрлі сылтау айтып қаса­рыс­қан команда басшылығын тізеге салып «Қайратқа» алғызған бас қамқоршысы Кәркен аға екенін кейін естіп білген. Қалай болғанда да, футболда қазақ өрендерінің өр­кен жайып, өрісі кеңеюін қа­лаған осынау асыл ағалар үмітін Тимур артығымен ақтап шығып еді.

Нышандап айтар тағы бір жа­ғ­дай сол, оның командаға алынуы «Қайраттың» одақтық чемпионат­тың жоғарғы тобында алғаш рет өнер көрсетер уақытымен тұспа-тұс келді. Осылайша «Қайрат» пен оның барлық уақыттағы бас қаһар­манының тағдырлары мәңгілік ажырамас бір арнада тоғысты. Бұл – 1960 жылдың көктемі. Тимур жалындаған 19 жаста болатын. Сухуми маңындағы Қара теңіз жа­ғалауында жаттығып жатқан ко­манданың соңынан арманына асы­ға алабұртып жалғыз жол тартқаны есінде.

Бапкер Н.Глебов Минскіде бо­ла­т­ын маңызды матч алдында жол­шыбай Гомельде жолдастық кез­десу өткізіп, үміткер үш ойын­шы­ның екеуін таңдап алуға тиіс болды. Олар Ангарскіден келген Вадим Степанов, Тимур және тағы бір жігіт еді. Әрқайсысына өз ор­нында ойнауға 30 минуттан берілді. Бірінші Степанов ойнап, оған «өте жақсы» деген баға қо­йылды. Содан кейін шыққан Тимур жай ғана жақсы болмай, жарты сағатта екі гол соғып үлгерді. Үшін­ші жігіттің ойынын бапкер ұнатпады.

Осыдан көп ұзамай әлемнің алтыдан бірін алып жатқан Кеңес Одағы көлемінде жұлдызы жар­қыраған алғашқы көзайым күн де келіп жетті. Иә, 1960 жылдың 12 мамыры Тимур Сегізбаев өмірін­дегі шын мәніндегі ерекше күн. Осы бір ғажайып футболшы жа­йында айтылар әңгіменің ешқайсы да бұл күнді аттап өте алмайды. Себебі, ол талайлы жас жігіттің жай 19-ға толған кезекті ғана туған күні емес-тін. Бұл күні ол алғаш рет «Қайраттың» негізгі құрамын­да алаңға шығып, тұңғыш ойында өз туған күніне талайды тамсан­дыр­ған тамаша сыйлық тартты. Тимурдың нақ осы матчта Минск «Беларусінің» қақпасына салған егіз қозыдай қос добы алматы­лық­тардың жоғарғы лигадағы алғашқы жеңісіне жол ашып, бүкіл коман­даны абырой төріне шығарды.

Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»

Бөлісу: