Тимур және Георгий Козелько

12 Сәуір 2013, 06:30

  Одан Горький атындағы саябақтағы «Спар­так» стадионында мектеп оқу­шы­лары арасында жиі-жиі ұйымдасты­ры­латын матчтар. Міне, нақ осы додаларда Тимурды кәсіпқой футбол маманы Георгий Козелько бай­қай­ды. Маңдайына жазылған болар, сол жылдарда Алматыда жер аударылып жүрген кеңес фут­болының сайыпқыраны Николай Старостинмен де кездесіп, әң­гі­месін тыңдап, ғажап әсерге бө­ленудің сәті түседі. Мұны да кез­дейсоқ деудің реті келмес. 1957 жылы Тимур Қазақстан құрама­сы­ның сапында КСРО мектеп оқуш­ы­ларының спартакиадасына қатысу үшін Ригаға аттанды. Сонда Москвада бірер күн аялдағанда фут­болға құлай беріліп, бетін біржола бұрғызған бір оқиға болды. 16 жасар бозбала өткен жылы ғана са­лынған ғажайып «Лужники» ста­дио­нында жүз мың жанкүйердің жаныққан айқай-атойымен бұрқ-сарқ қайнаған футбол аламанын таң­данып, тебірене тамашалады, футбол құдіретіндей елестеген атышулы Эдуард Стрельцовтың жойқын ша­буылдары мен өзгеше ойынын көрді. Сірә, Валентин Ивановтың «Огонек» журналында: «Стрельцов сот­та­лып кетіп, бірнеше алтын жылды зая жіберіп алмағанда футбол королі кім болатыны екіталай еді» деп жазуы тегін де емес шығар. «Үлкен футбол осы екен ғой» деп ойлады Тимур. Жан дүниесінде жаңа бір жанартау оянғандай толқыды. Сөйтіп, үлкен футболда өзінің де бағын сынауға бекінді. Бақ сынағаны сол, бұл кезде ол Қазақстанның жасөспірімдер құра­ма­сының белді ойыншыларының қатарында-тын. Жақында ғана Фрунзе қаласында Қырғызстан ас­танасының құрамасын алматылық өрендер 5:0 етіп ойсырата жеңген­дерінде 2 голды өзі соққанына іштей мерейленіп жүрген жайы бар еді. Ал енді Стрельцовтың тау құлатардай екпінін көргеннен кейін Ригадағы оқушылар спарта­киа­дасында Тимурдың шабуыл ұйым­дастыру таланты мен доп соққыш мергендік қасиеті жарқырап ашыл­ды. Осы жолы ол армян құрама­сы­мен болған ойында болмасты бол­дырған керемет жасап, жұртты таң қалдырды. Футбол маманда­рына еріксіз бас шайқатқан ол не ғала­мат десеңіз, айтайық. Бірінші тайм­нан кейін қазақстандықтар қарсылас­тарына 0:5 болып ұтылып, салдары суға кетіп тұрған. Ал, екінші тайм­ның 45 минуты өткенде таблодағы есеп 5:5 болып өзгерді. Бес допты да Сегізбаев соққан болатын. Әл­бетте, бұл жай қазақ футболының болашағына немқұрайды қарай алмайтын адамдардың назарына ілінбей қалмады. Тимур Санжарұлының жадын­да жатталып қалған тағы бір ұмы­тылмас жағдай мынадай. Қазақ физкультура институтының екінші курсында оқып жүрген кезі. Бірде оны институт ректоры Хамза Мұ­ха­меджанов шақырды кабинетіне. Қасында «Қайрат» командасының бапкерлері отыр екен. Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»  

 

Одан Горький атындағы саябақтағы «Спар­так» стадионында мектеп оқу­шы­лары арасында жиі-жиі ұйымдасты­ры­латын матчтар. Міне, нақ осы додаларда Тимурды кәсіпқой футбол маманы Георгий Козелько бай­қай­ды. Маңдайына жазылған болар, сол жылдарда Алматыда жер аударылып жүрген кеңес фут­болының сайыпқыраны Николай Старостинмен де кездесіп, әң­гі­месін тыңдап, ғажап әсерге бө­ленудің сәті түседі. Мұны да кез­дейсоқ деудің реті келмес. 1957 жылы Тимур Қазақстан құрама­сы­ның сапында КСРО мектеп оқуш­ы­ларының спартакиадасына қатысу үшін Ригаға аттанды. Сонда Москвада бірер күн аялдағанда фут­болға құлай беріліп, бетін біржола бұрғызған бір оқиға болды. 16 жасар бозбала өткен жылы ғана са­лынған ғажайып «Лужники» ста­дио­нында жүз мың жанкүйердің жаныққан айқай-атойымен бұрқ-сарқ қайнаған футбол аламанын таң­данып, тебірене тамашалады, футбол құдіретіндей елестеген атышулы Эдуард Стрельцовтың жойқын ша­буылдары мен өзгеше ойынын көрді. Сірә, Валентин Ивановтың «Огонек» журналында: «Стрельцов сот­та­лып кетіп, бірнеше алтын жылды зая жіберіп алмағанда футбол королі кім болатыны екіталай еді» деп жазуы тегін де емес шығар. «Үлкен футбол осы екен ғой» деп ойлады Тимур. Жан дүниесінде жаңа бір жанартау оянғандай толқыды. Сөйтіп, үлкен футболда өзінің де бағын сынауға бекінді.

Бақ сынағаны сол, бұл кезде ол Қазақстанның жасөспірімдер құра­ма­сының белді ойыншыларының қатарында-тын. Жақында ғана Фрунзе қаласында Қырғызстан ас­танасының құрамасын алматылық өрендер 5:0 етіп ойсырата жеңген­дерінде 2 голды өзі соққанына іштей мерейленіп жүрген жайы бар еді. Ал енді Стрельцовтың тау құлатардай екпінін көргеннен кейін Ригадағы оқушылар спарта­киа­дасында Тимурдың шабуыл ұйым­дастыру таланты мен доп соққыш мергендік қасиеті жарқырап ашыл­ды. Осы жолы ол армян құрама­сы­мен болған ойында болмасты бол­дырған керемет жасап, жұртты таң қалдырды. Футбол маманда­рына еріксіз бас шайқатқан ол не ғала­мат десеңіз, айтайық. Бірінші тайм­нан кейін қазақстандықтар қарсылас­тарына 0:5 болып ұтылып, салдары суға кетіп тұрған. Ал, екінші тайм­ның 45 минуты өткенде таблодағы есеп 5:5 болып өзгерді. Бес допты да Сегізбаев соққан болатын. Әл­бетте, бұл жай қазақ футболының болашағына немқұрайды қарай алмайтын адамдардың назарына ілінбей қалмады.

Тимур Санжарұлының жадын­да жатталып қалған тағы бір ұмы­тылмас жағдай мынадай. Қазақ физкультура институтының екінші курсында оқып жүрген кезі. Бірде оны институт ректоры Хамза Мұ­ха­меджанов шақырды кабинетіне. Қасында «Қайрат» командасының бапкерлері отыр екен.

Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»

 

Бөлісу: