Тұрғын үй құрылысының дамуымен бірге құрылыс индустриясында да оң өзгерістер бар

12 Сәуір 2013, 04:18

Сонымен бірге, болашақ тұрғын үй иелеріне ұйым жарнасы есебінен пайызсыз несиелер беріледі, алғашқы жарналарын ішінара төлеу жүргізіледі және басқа көмек түрлері көрсетіледі. Өз қызметкерлері үшін ипотекалық пәтер сатып алуда «ПЗТМ» АҚ-ы, «ЗИКСТО» АҚ-ы және "Аксесс Энерго" ЖШС-і басшылары белсенділік танытуда. Тұрғын үй құрылысының дамуымен бірге құрылыс индустриясында да оң өзгерістер бар. Петропавлда 400-ден астам заңды және жеке тұлғалар сәулеткерлік, қала құрылысы және құрылыс қызметтерімен айналысады. Селолық жерлерде 27 құрылыс индустриясы кәсіпорындары мен 18 құрылыс ұйымдары жұмыс істейді. 2004 жылдан бастап облыс орталығында темір-бетон шығаратын кәсіпорындардың қуаттылығы 2,6 есе өсті, олардың шығаратын өнім түрлері 800 атауға дейін көбейді. Барлық технологиялық желілері жаңартылған "Единство" ЖШС-ында оң өзгерістер болды. Мұндағы шығарылатын өнім көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты; 2006 жылдың 10 айында — 1,3 есе, ал "Гедеон" құрылыс тресі ЖШС-ында — 1,7 есе өсті. 2004-2005 жылдары Қызылжар және Уәлиханов аудандарында әрқайсысы жылына бес миллион кірпіш шығаратын екі зауыт іске қосылды. "ПКФ Пластполимер", "Пласт-Окно", "Народные окна", "Фирма Леонтьев" ЖШС-лары осы заманғы материалдардан өнім шығаруды игерді. Ағашты қайта өндеумен жөне ағаш шеберлігі өнімдерін дайын "Строитель: "Лессервис", "Ассени" "Аналог" ЖШС-лары айналысады. Инвестор қаржысы есебіне "Жансая" ЖШС-ында керамикалық қаптама кірпіш шығарылатын өндірісі іске қосылды. Тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі арқасында, 2005 жылы 7161 облыс тұрғыны жұмысқа орналастырылды. 14418 жаңа жұмыс орны кұрылды, 509 адам оқытылды, 101 жұмыс беруші 465 бос жұмыс орыны барын тіркетті. 2006 жылы қаңтар-қыркүйегінде сәйкес түрде облыстың 6652 тұрғыны жұмысқа орналастырылды, 10972 жаңа жұмыс орыны құрылды, 630 адам оқытылды, 147 жұмыс беруші 542 бос жұмыс орнына өтініш түсірді. Облыстың тұрғын ұй кұрылысы бағдарламасының жүзеге асырылу қарқыны мамандарға 2005-2007 жылдардың тапсырмасын 387,5 мыңнан 447 мың шаршы метрге дейін, яғни 15 пайыздан астам асыра орындауға болжам жасауға негіз береді. Бұл Солтүстік Қазақстанның 4850 отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік туғызады. Алайда әрбір елді мекендегі ғимараттар мен қоныс жайлар бас жоспарға сәикес салынуы, қажетті жайлылықпен және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі үшін атқарылар істер әлі де аз емес. Сөз жоқ, бұл өте ауыр еңбек, бірақ кең ауқымды тұрғын үй құрылысындағы жүйелі іс-қимыл бұл мәселені осы заманғы деңгейде шешуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, болашақ тұрғын үй иелеріне ұйым жарнасы есебінен пайызсыз несиелер беріледі, алғашқы жарналарын ішінара төлеу жүргізіледі және басқа көмек түрлері көрсетіледі. Өз қызметкерлері үшін ипотекалық пәтер сатып алуда «ПЗТМ» АҚ-ы, «ЗИКСТО» АҚ-ы және "Аксесс Энерго" ЖШС-і басшылары белсенділік танытуда.

Тұрғын үй құрылысының дамуымен бірге құрылыс индустриясында да оң өзгерістер бар. Петропавлда 400-ден астам заңды және жеке тұлғалар сәулеткерлік, қала құрылысы және құрылыс қызметтерімен айналысады. Селолық жерлерде 27 құрылыс индустриясы кәсіпорындары мен 18 құрылыс ұйымдары жұмыс істейді. 2004 жылдан бастап облыс орталығында темір-бетон шығаратын кәсіпорындардың қуаттылығы 2,6 есе өсті, олардың шығаратын өнім түрлері 800 атауға дейін көбейді. Барлық технологиялық желілері жаңартылған "Единство" ЖШС-ында оң өзгерістер болды. Мұндағы шығарылатын өнім көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты; 2006 жылдың 10 айында — 1,3 есе, ал "Гедеон" құрылыс тресі ЖШС-ында — 1,7 есе өсті. 2004-2005 жылдары Қызылжар және Уәлиханов аудандарында әрқайсысы жылына бес миллион кірпіш шығаратын екі зауыт іске қосылды. "ПКФ Пластполимер", "Пласт-Окно", "Народные окна", "Фирма Леонтьев" ЖШС-лары осы заманғы материалдардан өнім шығаруды игерді. Ағашты қайта өндеумен жөне ағаш шеберлігі өнімдерін дайын "Строитель: "Лессервис", "Ассени" "Аналог" ЖШС-лары айналысады. Инвестор қаржысы есебіне "Жансая" ЖШС-ында керамикалық қаптама кірпіш шығарылатын өндірісі іске қосылды.

Тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі арқасында, 2005 жылы 7161 облыс тұрғыны жұмысқа орналастырылды. 14418 жаңа жұмыс орны кұрылды, 509 адам оқытылды, 101 жұмыс беруші 465 бос жұмыс орыны барын тіркетті. 2006 жылы қаңтар-қыркүйегінде сәйкес түрде облыстың 6652 тұрғыны жұмысқа орналастырылды, 10972 жаңа жұмыс орыны құрылды, 630 адам оқытылды, 147 жұмыс беруші 542 бос жұмыс орнына өтініш түсірді.

Облыстың тұрғын ұй кұрылысы бағдарламасының жүзеге асырылу қарқыны мамандарға 2005-2007 жылдардың тапсырмасын 387,5 мыңнан 447 мың шаршы метрге дейін, яғни 15 пайыздан астам асыра орындауға болжам жасауға негіз береді. Бұл Солтүстік Қазақстанның 4850 отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік туғызады. Алайда әрбір елді мекендегі ғимараттар мен қоныс жайлар бас жоспарға сәикес салынуы, қажетті жайлылықпен және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі үшін атқарылар істер әлі де аз емес. Сөз жоқ, бұл өте ауыр еңбек, бірақ кең ауқымды тұрғын үй құрылысындағы жүйелі іс-қимыл бұл мәселені осы заманғы деңгейде шешуге мүмкіндік береді.

Бөлісу: