Мемлекеттік бағдарлама

8 Қараша 2012, 19:17

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА – ресурстар, орындаушылар, ғылыми-зерттеу, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық және басқа шаралар. М. б. экономиканы тікелей реттеу құралы ретінде мемлекетті дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталады. Мемлекетті басқарудың бағдарламалы-мақсатты әдістерін пайдаланудың тиімділігі бірнеше жағдайларға байланысты. Оларға шешілетін мәселенің уақытша сипаты, түпкі мақсатқа белгіленген мерзімде жету мүмкіндігі, міндеттердің кешенді сипаты жатады. М. б-да орындалатын жұмыстар мен міндеттердің барысын танытатын көрсеткіштерге баса назар аударылады. “М. б.” терминінің мағыналық ауқымы кең, ол мемлекет бюджетінің мүмкіндіктерін ескере отырып, түрлі шараларды қаржыландыру кезінде де қолданылады. Ол мазмұнына қарай – ғыл.-тех., инновац., әлеум., инвестиц., экон., қорғаныстық, аймақтық, т.б. түрлерге; әзірлену деңгейі мен мәнділігіне қарай – жалпы мемл. (респ.), аймақтық түрлерге; басқару мен қаржыландыру тәсілдеріне қарай – қатаң тұрпатты бағдарламаларға, атқарымдық бағдарламаларға, демеуқаржы бағдарламаларына бөлінеді. Қатаң тұрпатты бағдарламалар жұмыс істеп тұрған мемл. идаралар шеңберінде дәстүрлі бағыныштылық сатысына сәйкес қабылданатын міндетті шешімдер сипатында басқарылып, қаржыландырылады. Атқарымдық тұрпаттағы бағдарламалар идарадан тыс сипатта болады, бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру барысында орындалатын нақты атқарымдық міндеттерге байланысты басқарылып, қаржыландырылады. Бұл орайда белгілі бір бағдарламаларды немесе белгілі бір тұрпаттағы бағдарламалар топтамасын іске асыру үшін құрылатын икемді басқару нысандары пайдаланылады. Мұндай құрылымдар (қорлар, консорциумдар, қауымдастықтар, т.б.) әдетте бейкоммерц. негізде, мүдделі қатысушылардың қаржылық, материалдық қорларын, кадрларын, т.б. тарта отырып іс-қимыл жасайды, олардың қатаң түрде арнаулы мақсатқа пайдаланылуына күш салады. Демеуқаржы бағдарламалары мемлекеттің түрлі шараларды іске асыру үшін арнаулы ұйымдық нысандар құрмай қаржыландыруын көздейді. М. б. 1922 – 33 жылдардағы Үлкен тоқырауға байланысты негізгі реттеу құралы ретінде қолданыла бастады. Кейінірек 60 – 70 ж. өнеркәсібі дамыған елдерде, ең алдымен, АҚШ-та үздіксіз жоспарлау жүйесінің қажетті құрамы ретінде қарала бастады, негізінен мемлекеттің келешектегі мақсаттары мен міндеттерін оның ағымдағы бюджеттік саясатымен байланыстыру көзделді. Бұл бағыт алғаш рет АҚШ-тың Қорғаныс мин. әзірлеген жоспарлау-бағдарламалау-бюджеттендіру жүйесінде іске асырылды. Кеңестік дәуірде жалпы М. б-ларды әзірлеп, орындаудың елеулі тәжірибесі жинақталды. 1920 ж. қабылданған Ресейді электрлендірудің кешенді бағдарламасы (ГОЭЛРО) М. б-ны жалпы директивалық жоспарлау жүйесінің нышаны ретінде пайдалануға жол ашты. Аса маңызды ғыл.-тех., салалық, аймақтық, т.б. өзекті мәселелерді бағдарламалық тұрғыда пысықтап, шешудің іс-тәжірибесі кеңінен қолданылды. Соңғы онжылдықтарда елдің әлеум.-экон. дамуының бесжылдық жоспарларының негізі ретінде кешенді ғыл.-тех. прогресс бағдарламасы әзірленді. Алайда әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайында М. б-ның бірқатар елеулі кемшіліктері болды: бюджеттік үдеріспен қажетті байланыс болмады, заттай көрсеткіштерге баса мән беріліп, көбіне бағдарламалық шаралар нақты қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеді; тапсырмалар мен материалдық-тех. ресурстарды нақты орындаушылардың мүдделерін ескерместен тікелей бөлу бағдарламаның орындалуына нұқсан келтірді. Соның салдарынан көптеген ірі ауқымды бағдарламалар (“Азық-түлік”, “Қара топырақты аймақты дамыту”, “БАМ аумағын игеру”) толық ауқымда іске асырылмады. Қазақстан бойынша кеңес билігі тұсында бірқатар М. б-лар іске асырылды. Бірақ олар КСРО-ның бірыңғай шаруашылық жүйесінде жасалды. Олардың қатарына атап айтқанда “Азық-түлік бағдарламасы”, “Қазақ КСР-інің кешенді ғыл.-тех. прогресс бағдарламасы” жатады. Соңғы бағдарлама мерзімі бойынша 1991 – 2005, 2006 – 10, 2011 – 15 жылдарға арналып жасалды. Онда әлеум.-экон. прогрестің басты бағыттары, ресурстық әлеуеттің өркендеу жолдары, ғыл.-тех. прогрестің Қазақстандағы салалық және аумақтық мәселелері қарастырылды. Бұл бағдарламаны іске асыруға Қазақстанның 200-ге жуық ғыл.-зерт. ұйымы мен жобалау-конструкторлық мекемесі, мин-тер мен идаралардың мамандары тартылды. Қазақстан өз егемендігін нығайту жолында әсіресе 20 ғ-дың соңғы он жылдығында түрлі бағдарламаларды іске асырды. Олар көбінесе нарықтық экономикаға көшу, институц. басқару жүйесі мен тетіктерін қалыптастыру сияқты келелі міндеттерді шешуге бағытталды. Қазақстан Республикасында мемлекет пен үкіметтің ағымдағы саясаттарын басшылыққа ала отырып, 21 ғ-дың басынан тактик. және стратег. М. б-лар жасала бастады. “Қазақстан – 2030” бағдарламасы тарихи-саяси жаңа кезеңде ел алдында тұрған әлеум.-экон., саяси міндеттерді 30 жыл мерзімде стратег. тұрғыдан шешуге жол ашатын негізгі М. б. болып табылады. Осы стратег. бағдарлама шеңберінде қысқа, орта және ұзақ мерзімді М. б-лар әзірленіп, іске асырыла бастады. Олар: “Қазақстан Республикасының 2003 – 2005 ж-ға арналған мемлекеттік агр. азық-түлік бағдарламасы” (екі кезеңнен тұрады: 2004 – 2006 және 2007 – 2010 ж.), “Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004 – 2010 ж-ға арналған мемл. бағдарламасы”, “Қазақстан Республикасы бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2003 – 2005 ж-ға арналған мемл. бағдарламасы”, “Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратег. жоспары”, “Қазақстан Республикасын индустр.-инновац. дамытудың 2003 – 2015 ж-ға арналған стратегиясы”, “Жаңа тұрғын үй саясаты туралы” М. б. Бұл бағдарламаларда тұтастай алғанда мынадай мақсаттар көзделді: а.ш. саласы бойынша – Қазақстанда тиімді де жүйелі агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыру негізінде елдің азық-түлік жөнінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агробизнестің ішкі және сыртқы рынокта а. ш. өнімдерін сату көлемін ұлғайту, өңделетін азық-түлік өнімдерін молайту, озық агротех. әдістерді игеру, материалдық-тех. деңгейді көтеру, а. ш. өндірісін мемл. қолдау шараларын оңтайландыру; ауылдық аумақтарды өркендету саласы бойынша: ауылдарда экон. қызмет жүйесін кеңейту, инженерлік және әлеум. инфрақұрылымдарды өркендету, яғни ауылдар арасындағы жолдарды жөндеу, ауруханалар салу, білім беру деңгейін көтеру, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй салу, байланыс және пошта жұмысын жақсарту, мәдениет пен спортты дамыту, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту; шағын кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша – тиімді мемл. қолдау шаралары негізінде шағын кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау; Қазақстанды дамыту стратегиясы бойынша – әлеум., өнеркәсіптік-технол., агроиндустр., ақша-несиелік, салықтық-бюджеттік, инвестиц. саясатты жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын, мемл. активтерді басқару, саяси жүйені реформалау, мемл. қызметті орталықсыздандыру, экономиканың шикізаттық бағытынан арылу, индустриялануды тереңдету, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қою, инновац. қызметке, бизнеске қолдау көрсету, ұзақ мерзімді инвестицияны ынталандыру, ақпараттық технологиялар паркін көбейту, технопарктер құру, ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру; тұрғын үй құрылысы бойынша – тұрғын үй құнын арзандату, несиелеу мерзімін ұзарту, несие пайызын төмендету жолымен халықтың басым бөлігін тұрғын үймен қамтамасыз ету. К. Қажымұрат, С. Тоқсанбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА – ресурстар, орындаушылар, ғылыми-зерттеу, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық және басқа шаралар. М. б. экономиканы тікелей реттеу құралы ретінде мемлекетті дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталады. Мемлекетті басқарудың бағдарламалы-мақсатты әдістерін пайдаланудың тиімділігі бірнеше жағдайларға байланысты. Оларға шешілетін мәселенің уақытша сипаты, түпкі мақсатқа белгіленген мерзімде жету мүмкіндігі, міндеттердің кешенді сипаты жатады. М. б-да орындалатын жұмыстар мен міндеттердің барысын танытатын көрсеткіштерге баса назар аударылады. “М. б.” терминінің мағыналық ауқымы кең, ол мемлекет бюджетінің мүмкіндіктерін ескере отырып, түрлі шараларды қаржыландыру кезінде де қолданылады. Ол мазмұнына қарай – ғыл.-тех., инновац., әлеум., инвестиц., экон., қорғаныстық, аймақтық, т.б. түрлерге; әзірлену деңгейі мен мәнділігіне қарай – жалпы мемл. (респ.), аймақтық түрлерге; басқару мен қаржыландыру тәсілдеріне қарай – қатаң тұрпатты бағдарламаларға, атқарымдық бағдарламаларға, демеуқаржы бағдарламаларына бөлінеді. Қатаң тұрпатты бағдарламалар жұмыс істеп тұрған мемл. идаралар шеңберінде дәстүрлі бағыныштылық сатысына сәйкес қабылданатын міндетті шешімдер сипатында басқарылып, қаржыландырылады. Атқарымдық тұрпаттағы бағдарламалар идарадан тыс сипатта болады, бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру барысында орындалатын нақты атқарымдық міндеттерге байланысты басқарылып, қаржыландырылады. Бұл орайда белгілі бір бағдарламаларды немесе белгілі бір тұрпаттағы бағдарламалар топтамасын іске асыру үшін құрылатын икемді басқару нысандары пайдаланылады. Мұндай құрылымдар (қорлар, консорциумдар, қауымдастықтар, т.б.) әдетте бейкоммерц. негізде, мүдделі қатысушылардың қаржылық, материалдық қорларын, кадрларын, т.б. тарта отырып іс-қимыл жасайды, олардың қатаң түрде арнаулы мақсатқа пайдаланылуына күш салады. Демеуқаржы бағдарламалары мемлекеттің түрлі шараларды іске асыру үшін арнаулы ұйымдық нысандар құрмай қаржыландыруын көздейді.

М. б. 1922 – 33 жылдардағы Үлкен тоқырауға байланысты негізгі реттеу құралы ретінде қолданыла бастады. Кейінірек 60 – 70 ж. өнеркәсібі дамыған елдерде, ең алдымен, АҚШ-та үздіксіз жоспарлау жүйесінің қажетті құрамы ретінде қарала бастады, негізінен мемлекеттің келешектегі мақсаттары мен міндеттерін оның ағымдағы бюджеттік саясатымен байланыстыру көзделді. Бұл бағыт алғаш рет АҚШ-тың Қорғаныс мин. әзірлеген жоспарлау-бағдарламалау-бюджеттендіру жүйесінде іске асырылды.

Кеңестік дәуірде жалпы М. б-ларды әзірлеп, орындаудың елеулі тәжірибесі жинақталды. 1920 ж. қабылданған Ресейді электрлендірудің кешенді бағдарламасы (ГОЭЛРО) М. б-ны жалпы директивалық жоспарлау жүйесінің нышаны ретінде пайдалануға жол ашты. Аса маңызды ғыл.-тех., салалық, аймақтық, т.б. өзекті мәселелерді бағдарламалық тұрғыда пысықтап, шешудің іс-тәжірибесі кеңінен қолданылды. Соңғы онжылдықтарда елдің әлеум.-экон. дамуының бесжылдық жоспарларының негізі ретінде кешенді ғыл.-тех. прогресс бағдарламасы әзірленді. Алайда әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайында М. б-ның бірқатар елеулі кемшіліктері болды: бюджеттік үдеріспен қажетті байланыс болмады, заттай көрсеткіштерге баса мән беріліп, көбіне бағдарламалық шаралар нақты қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілмеді; тапсырмалар мен материалдық-тех. ресурстарды нақты орындаушылардың мүдделерін ескерместен тікелей бөлу бағдарламаның орындалуына нұқсан келтірді. Соның салдарынан көптеген ірі ауқымды бағдарламалар (“Азық-түлік”, “Қара топырақты аймақты дамыту”, “БАМ аумағын игеру”) толық ауқымда іске асырылмады.

Қазақстан бойынша кеңес билігі тұсында бірқатар М. б-лар іске асырылды. Бірақ олар КСРО-ның бірыңғай шаруашылық жүйесінде жасалды. Олардың қатарына атап айтқанда “Азық-түлік бағдарламасы”, “Қазақ КСР-інің кешенді ғыл.-тех. прогресс бағдарламасы” жатады. Соңғы бағдарлама мерзімі бойынша 1991 – 2005, 2006 – 10, 2011 – 15 жылдарға арналып жасалды. Онда әлеум.-экон. прогрестің басты бағыттары, ресурстық әлеуеттің өркендеу жолдары, ғыл.-тех. прогрестің Қазақстандағы салалық және аумақтық мәселелері қарастырылды. Бұл бағдарламаны іске асыруға Қазақстанның 200-ге жуық ғыл.-зерт. ұйымы мен жобалау-конструкторлық мекемесі, мин-тер мен идаралардың мамандары тартылды. Қазақстан өз егемендігін нығайту жолында әсіресе 20 ғ-дың соңғы он жылдығында түрлі бағдарламаларды іске асырды. Олар көбінесе нарықтық экономикаға көшу, институц. басқару жүйесі мен тетіктерін қалыптастыру сияқты келелі міндеттерді шешуге бағытталды. Қазақстан Республикасында мемлекет пен үкіметтің ағымдағы саясаттарын басшылыққа ала отырып, 21 ғ-дың басынан тактик. және стратег. М. б-лар жасала бастады. “Қазақстан – 2030” бағдарламасы тарихи-саяси жаңа кезеңде ел алдында тұрған әлеум.-экон., саяси міндеттерді 30 жыл мерзімде стратег. тұрғыдан шешуге жол ашатын негізгі М. б. болып табылады. Осы стратег. бағдарлама шеңберінде қысқа, орта және ұзақ мерзімді М. б-лар әзірленіп, іске асырыла бастады. Олар: “Қазақстан Республикасының 2003 – 2005 ж-ға арналған мемлекеттік агр. азық-түлік бағдарламасы” (екі кезеңнен тұрады: 2004 – 2006 және 2007 – 2010 ж.), “Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004 – 2010 ж-ға арналған мемл. бағдарламасы”, “Қазақстан Республикасы бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2003 – 2005 ж-ға арналған мемл. бағдарламасы”, “Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейінгі стратег. жоспары”, “Қазақстан Республикасын индустр.-инновац. дамытудың 2003 – 2015 ж-ға арналған стратегиясы”, “Жаңа тұрғын үй саясаты туралы” М. б. Бұл бағдарламаларда тұтастай алғанда мынадай мақсаттар көзделді: а.ш. саласы бойынша – Қазақстанда тиімді де жүйелі агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыру негізінде елдің азық-түлік жөнінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агробизнестің ішкі және сыртқы рынокта а. ш. өнімдерін сату көлемін ұлғайту, өңделетін азық-түлік өнімдерін молайту, озық агротех. әдістерді игеру, материалдық-тех. деңгейді көтеру, а. ш. өндірісін мемл. қолдау шараларын оңтайландыру; ауылдық аумақтарды өркендету саласы бойынша: ауылдарда экон. қызмет жүйесін кеңейту, инженерлік және әлеум. инфрақұрылымдарды өркендету, яғни ауылдар арасындағы жолдарды жөндеу, ауруханалар салу, білім беру деңгейін көтеру, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй салу, байланыс және пошта жұмысын жақсарту, мәдениет пен спортты дамыту, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту; шағын кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша – тиімді мемл. қолдау шаралары негізінде шағын кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау; Қазақстанды дамыту стратегиясы бойынша – әлеум., өнеркәсіптік-технол., агроиндустр., ақша-несиелік, салықтық-бюджеттік, инвестиц. саясатты жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын, мемл. активтерді басқару, саяси жүйені реформалау, мемл. қызметті орталықсыздандыру, экономиканың шикізаттық бағытынан арылу, индустриялануды тереңдету, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қою, инновац. қызметке, бизнеске қолдау көрсету, ұзақ мерзімді инвестицияны ынталандыру, ақпараттық технологиялар паркін көбейту, технопарктер құру, ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру; тұрғын үй құрылысы бойынша – тұрғын үй құнын арзандату, несиелеу мерзімін ұзарту, несие пайызын төмендету жолымен халықтың басым бөлігін тұрғын үймен қамтамасыз ету.

К. Қажымұрат, С. Тоқсанбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу: