Әлемдегі ең ұзын алаша тоқылды

5 Сәуір 2013, 04:19

Түрік қолөнершісі әлемдегі ең ұзын алаша тоқыды. Бұл жайында timeturk.com хабар таратты. Хатай провинциясының тұрғыны, алаша тоқудың шебері Абдолла Акар Гиннестің рекордтар кітабына енуді алдына мақсат етіп қойыпты. muslim.kz сайтының жазуынша, ол бұл алашаны бел жазбай 39 күн тоқыған екен. Алашаның ұзындығы -35 м, ені -80 см, ал қалыңдығы -1 мм. Ол бұл жұмысын аяқтап, көздеген мақсатына жеткені үшін өзі тұрып жатқан қалада кішігірім мереке ұйымдастырды. Оның қуанышын жергілікті билік өкілдері бөлісіп, қолдау білдірді.   

Түрік қолөнершісі әлемдегі ең ұзын алаша тоқыды. Бұл жайында timeturk.com хабар таратты. Хатай провинциясының тұрғыны, алаша тоқудың шебері Абдолла Акар Гиннестің рекордтар кітабына енуді алдына мақсат етіп қойыпты.

muslim.kz сайтының жазуынша, ол бұл алашаны бел жазбай 39 күн тоқыған екен. Алашаның ұзындығы -35 м, ені -80 см, ал қалыңдығы -1 мм.

Ол бұл жұмысын аяқтап, көздеген мақсатына жеткені үшін өзі тұрып жатқан қалада кішігірім мереке ұйымдастырды. Оның қуанышын жергілікті билік өкілдері бөлісіп, қолдау білдірді. 

 

Бөлісу: