2013 жылы көліктердің салмағын өлшейтін 11 бекет салынады

1 Сәуір 2013, 06:27

  Биыл Қазақстанда автокөліктердің салмағын өлшейтін 11 бекет салынса, болашақта олардың саны 80-ге жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті. «Өткен жылдан бастап автокөліктердің салмағы мен габаритін автоматты түрде өлшейтін 2 бекет орнатылды. Осындай бекеттің биыл 11-і іске қосылады. Болашақта осындай бекеттердің санын 80-ге жеткізу жоспарлануда»,- деп хабарлады министр. Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасады. Bnews.kz

 

Биыл Қазақстанда автокөліктердің салмағын өлшейтін 11 бекет салынса, болашақта олардың саны 80-ге жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Өткен жылдан бастап автокөліктердің салмағы мен габаритін автоматты түрде өлшейтін 2 бекет орнатылды. Осындай бекеттің биыл 11-і іске қосылады. Болашақта осындай бекеттердің санын 80-ге жеткізу жоспарлануда»,- деп хабарлады министр.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасады.

Bnews.kz

Бөлісу: