Сочиде Олимпиада үшін қар консервіленеді

1 Сәуір 2013, 04:06

  Сочи тауларында Олимпиада үшін қар жинастырылуда. Красная полянада арнайы қар сақтайтын қоймалар дайындалуда. Бұл қар келесі жылы қар аз болған жағдайда ауадай қажет болады. Жаз кезінде нығыздалған қар жылу өткізбейтін материалмен жабылады, деп хабарлады ВЕСТИ  Бұндағы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Жұмысшылар арнайы қар нығыздайтын машиналармен қарларды престейді. Қолайлы ауа райында жарты миллион текше метр қар жинап үлгеру керек. Курортқа дәл осыншама мөлшерде қар қажет. Қар қоймасына тек таза қар жиналады. Қар үйіндісінің биіктігі 20 метрге жетеді.                                                                                                                                               Bnews.kz

 

Сочи тауларында Олимпиада үшін қар жинастырылуда. Красная полянада арнайы қар сақтайтын қоймалар дайындалуда. Бұл қар келесі жылы қар аз болған жағдайда ауадай қажет болады. Жаз кезінде нығыздалған қар жылу өткізбейтін материалмен жабылады, деп хабарлады ВЕСТИ 

Бұндағы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Жұмысшылар арнайы қар нығыздайтын машиналармен қарларды престейді. Қолайлы ауа райында жарты миллион текше метр қар жинап үлгеру керек. Курортқа дәл осыншама мөлшерде қар қажет. Қар қоймасына тек таза қар жиналады. Қар үйіндісінің биіктігі 20 метрге жетеді. 

                                                                                                                                             Bnews.kz

Бөлісу: