Елордада тұңғыш рет «Студент көктемі - 2013» фестивалі өтеді

30 Наурыз 2013, 10:32

Астанада 1 сәуірден бастап ең ауқымды, ең қызықты «Студент көктемі - 2013» жастар фестивалі басталады. Фестивальдің бастамашысы Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы. «Студент көктемі» - бұл елорданың жүздеген жастары мен шығармашылық ұжымдарының басын қосатын ең үлкен мәдени іс-шара болмақ. Классика мен модерн, күрделі хореография, сазды вокал, түрлі музыкалық аспаптарда ойнау мен театрландырылған көріністер кіретін байқаудың бағдарламасы да қызықты», - деп хабарлады astana.kz сайтына басқармадан. Биылғы жылы «Студент көктемі» ерекше салтанатты түрде өтіп, Астананың 15 жылдық мерейтойына арналатын болады.  Студенттер «Астана қаласының ең үздік командасы» Кубогы үшін бақ сынайтын болады. Басқарма қызметкерлерінің айтуынша, «Студент көктемі - 2013» келесідей негізгі кезеңдерден өтеді: - «Жаңа әнмен - жаңа Астана!» тақырыбында эстрадалық ән байқауы; - «Менің үздік жұбым» тақырыбындағы фотокөрме мен суретшілер байқауы; -  «Астана - Арман қала» театрландырылған көрініс; - ұлттық билер байқауы (әлем халықтарының биі); -«Көктемнің 17 сәті» тақырыбындағы КТК ойыны; - «Жанкүйерлердің үздік командасы» байқауы. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаз команданы анықтап, ол фестивальдің ауыспалы Кубогына ие болады. Сонымен қатар 2-ші, 3-ші орындар мен «Жанкүйерлердің үздік командасы» марапатталады.  Astana.kz  

Астанада 1 сәуірден бастап ең ауқымды, ең қызықты «Студент көктемі - 2013» жастар фестивалі басталады. Фестивальдің бастамашысы Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы. «Студент көктемі» - бұл елорданың жүздеген жастары мен шығармашылық ұжымдарының басын қосатын ең үлкен мәдени іс-шара болмақ. Классика мен модерн, күрделі хореография, сазды вокал, түрлі музыкалық аспаптарда ойнау мен театрландырылған көріністер кіретін байқаудың бағдарламасы да қызықты», - деп хабарлады astana.kz сайтына басқармадан.

Биылғы жылы «Студент көктемі» ерекше салтанатты түрде өтіп, Астананың 15 жылдық мерейтойына арналатын болады.  Студенттер «Астана қаласының ең үздік командасы» Кубогы үшін бақ сынайтын болады.

Басқарма қызметкерлерінің айтуынша, «Студент көктемі - 2013» келесідей негізгі кезеңдерден өтеді:

- «Жаңа әнмен - жаңа Астана!» тақырыбында эстрадалық ән байқауы;

- «Менің үздік жұбым» тақырыбындағы фотокөрме мен суретшілер байқауы;

-  «Астана - Арман қала» театрландырылған көрініс;

- ұлттық билер байқауы (әлем халықтарының биі);

-«Көктемнің 17 сәті» тақырыбындағы КТК ойыны;

- «Жанкүйерлердің үздік командасы» байқауы.

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаз команданы анықтап, ол фестивальдің ауыспалы Кубогына ие болады. Сонымен қатар 2-ші, 3-ші орындар мен «Жанкүйерлердің үздік командасы» марапатталады. 

Astana.kz
 

Бөлісу: