Айына 50 теңгеге өмір сүретін отбасы

30 Наурыз 2013, 10:16

Жұрт банктерден жетіскенен несие алмайды. Бүгінгісіне жетпей жатқан соң, ертең бірдеңесі болар деп, ертеңіне үміттеніп алады. Сосын банктың берешегін бере алмай, қарызға бұрынғыдан бетер белшесінен батады. Қазір банктен несие алмаған қазақ кемде-кем. Қарағанды облысы әкімінің блогына хат жазған Айгүл Диханбайқызы осындай қиын жағдайға душар болған көптің бірі. «Менің пәтер алу барысында алған несиелерім жалақымнан асып тұруына байланысты өмір сүруге, кәмелеттік жасқа толмаған екі баламды ары қарай асырауға жетпей жатыр. Мен – мемлекеттік қызметкермін. Жолдасым күзетте қызмет етеді. Жалақысы мардымсыз. Өз алдына несие төлейді. Қаржының жетіспеушілігінен коммуналдық төлемдерді төлеуден қалдық. Барлық несиелерді төлеген соң, жалақыдан 50 теңге ғана артылады. Осыған байланысты менің атымдағы 2 несиені мемлекеттік бағдарламамен болсын, әлде Сіздің тікелей өкіміңізбен болсын, «Тұрғынүйжинақ банк» арқылы 4,5 немесе 5 пайызға дейін қайта қаржыландыру жасатып беруіңізді сұраймын. Балалар ауырмай тұрмайды. Өте қиын жағдайда жүрміз. Бар үмітіміз сізде»,– депті шерменде болған жан. Облыс әкімі Б.Әбдішев араша іздеген адамға төмендегідей жауап беріпті: Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аталған мәселе жергілікті атқарушы органның құзіретіне енбейтіндігін хабарлаймыз.Бұл мәселені шешу үшін ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңының 7 б. 6 т. сәйкес өзіңіз несие алған «Қазақстан халық банкі» АҚ және «Еуразия банкі» АҚ ғана жүгіну қажет.   BAQ.KZ

Жұрт банктерден жетіскенен несие алмайды. Бүгінгісіне жетпей жатқан соң, ертең бірдеңесі болар деп, ертеңіне үміттеніп алады. Сосын банктың берешегін бере алмай, қарызға бұрынғыдан бетер белшесінен батады. Қазір банктен несие алмаған қазақ кемде-кем.


Қарағанды облысы әкімінің блогына хат жазған Айгүл Диханбайқызы осындай қиын жағдайға душар болған көптің бірі. «Менің пәтер алу барысында алған несиелерім жалақымнан асып тұруына байланысты өмір сүруге, кәмелеттік жасқа толмаған екі баламды ары қарай асырауға жетпей жатыр. Мен – мемлекеттік қызметкермін. Жолдасым күзетте қызмет етеді. Жалақысы мардымсыз. Өз алдына несие төлейді. Қаржының жетіспеушілігінен коммуналдық төлемдерді төлеуден қалдық. Барлық несиелерді төлеген соң, жалақыдан 50 теңге ғана артылады. Осыған байланысты менің атымдағы 2 несиені мемлекеттік бағдарламамен болсын, әлде Сіздің тікелей өкіміңізбен болсын, «Тұрғынүйжинақ банк» арқылы 4,5 немесе 5 пайызға дейін қайта қаржыландыру жасатып беруіңізді сұраймын. Балалар ауырмай тұрмайды. Өте қиын жағдайда жүрміз. Бар үмітіміз сізде»,– депті шерменде болған жан.
Облыс әкімі Б.Әбдішев араша іздеген адамға төмендегідей жауап беріпті: Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аталған мәселе жергілікті атқарушы органның құзіретіне енбейтіндігін хабарлаймыз.Бұл мәселені шешу үшін ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңының 7 б. 6 т. сәйкес өзіңіз несие алған «Қазақстан халық банкі» АҚ және «Еуразия банкі» АҚ ғана жүгіну қажет.
 

BAQ.KZ

Бөлісу: