Стадионы

29 Наурыз 2013, 09:18

  «Қайрат» футбол клубы туралы айтқан қазақ футболының тарихымен бірге, Алматыдағ Орталық стадион еріксіз ойға келеді. Алматы орталық стадионы — республикадағы ең ірі кешендердің бірі. Стадионның көлемі– 22 га. Сәулетшілері – А.Капанов пен А.Коссов. Бірінші кезекте – 30 мың орындық трибуна, жеңіл атлетикалық жолдар мен секторлары бар үлкен спорт аренасы 1958 жылдың тамыз айында іске қосылды. Ары қарай кіші спорт аренасы, жаттығатын жеңілатлетикалық кешен, жүзу бассейні, қысқы жаттығатын манеж, гандбол, теннис, баскетбол, садақпен ату ойындарына арналған алаңдар салынды. Үлкен аренаның трибуна асты ғимаратында бокс, фехтование, үстел теннисіне арналған залдар, киім шешетін бөлме, тренерлердің бөлмелері, республикалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің кабинеттері мен зертханалары, олимпиядаға дааярлау Орталығының жатақханасы орналасқан. Алматы қаласының Орталық стадионында футбол, жеңіл атлетика, шапшаң жүгіру, коньки тебу, шөп үстіндегі және доппен ойнайтын хоккей, волейбол, бокс және т.б. спорт түрлерінің барлық тарихи бүкілодақтық және халықаралық жарыстары өткізілген. «ОРТАЛЫҚ» - «ҚАЙРАТ» ҮЙІ Алғашқы күндерден бастап күні бүгінге дейін Орталық стадион алматылық «Қайраттың» туған алаңы болып келеді. 1960 жыл қазақстандық футбол үшін тарихи жыл болды. Біздің республикамыз А сыныбынан орын алды (бастапқыда жоғарғы лига осылай аталған), оны сол кездегі Қазақ КСР-нің ең мықты клубы – Алматыдан шыққан «Қайрат» иеленді. Біздің жанкүйеріміз тұңғыш рет КСРО-ның үздік клубтанының ойынын көзбе-көз тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Барлық ойындар оңтүстік астананың орталық стадионында өткізілді. «Қайраттың» жоғарғы лигадағы алғашқы ресми  матчы Алматының орталық стандионында өтті. 1960 жылы 10 сәуірде ленинградтық «Адмиралтейцке» қарсы ойналған алғашқы ойыны теңбе-тең нәтижемен аяқталды. 0:0. Стадион көрермендерге лық толы еді. СТАДИОН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ: Алматы қаласының Орталық стадионы 1958 жылы салынды, орналасқан мекен-жайы: Алматы қаласы, 48. Стадион сопақша пішінді, ендірме өткелдермен төрт - солтүстік, батыс, оңтүстік және шығыс мінбелерге бөлінген құрылыс. Мінбелердің жалпы сиымдылығы 23 804 орынды құрайды.  Автокөлік өтетін екі кірме жол бар – Сәтбаев көшесі мен Абай даңғылы жағынан. Көрермендер мен шұғылданушылар өтетін Абай даңғылы, Сәтбаев, Байтұрсынұлы көшелерінен 4 өткел бар.  Орталық стадионда 23804 жеке орындықтар орнатылған. Олардың барлығы нөмірленген. Орындықтар металл бұрыштарға бекітілген, көрерменнің дене бітіміне ыңғайлы. Арқалығының ең аласа биіктігі  – 38 см.  Орталық  стадион кешкі уақытта іс-шаралар өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жарықтандырғыш қондырғылармен (прожекторлармен) жабдықталған. Жарықтандыру деңгейі -1400 люкс.  Футбол ойнайтын алаңның беті: табиғи шөп жамылғысы, тегіс, жағдайы жақсы.  Алаңда ойындарды бүкіл ұлттық маусым бойы өткізуге болады.  Алаңның өлшемдері – 105 м х 68 м Дереккөзі: «Қайрат» футбол клубы  

 

«Қайрат» футбол клубы туралы айтқан қазақ футболының тарихымен бірге, Алматыдағ Орталық стадион еріксіз ойға келеді. Алматы орталық стадионы — республикадағы ең ірі кешендердің бірі. Стадионның көлемі– 22 га. Сәулетшілері – А.Капанов пен А.Коссов. Бірінші кезекте – 30 мың орындық трибуна, жеңіл атлетикалық жолдар мен секторлары бар үлкен спорт аренасы 1958 жылдың тамыз айында іске қосылды. Ары қарай кіші спорт аренасы, жаттығатын жеңілатлетикалық кешен, жүзу бассейні, қысқы жаттығатын манеж, гандбол, теннис, баскетбол, садақпен ату ойындарына арналған алаңдар салынды. Үлкен аренаның трибуна асты ғимаратында бокс, фехтование, үстел теннисіне арналған залдар, киім шешетін бөлме, тренерлердің бөлмелері, республикалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің кабинеттері мен зертханалары, олимпиядаға дааярлау Орталығының жатақханасы орналасқан. Алматы қаласының Орталық стадионында футбол, жеңіл атлетика, шапшаң жүгіру, коньки тебу, шөп үстіндегі және доппен ойнайтын хоккей, волейбол, бокс және т.б. спорт түрлерінің барлық тарихи бүкілодақтық және халықаралық жарыстары өткізілген.

«ОРТАЛЫҚ» - «ҚАЙРАТ» ҮЙІ
Алғашқы күндерден бастап күні бүгінге дейін Орталық стадион алматылық «Қайраттың» туған алаңы болып келеді. 1960 жыл қазақстандық футбол үшін тарихи жыл болды. Біздің республикамыз А сыныбынан орын алды (бастапқыда жоғарғы лига осылай аталған), оны сол кездегі Қазақ КСР-нің ең мықты клубы – Алматыдан шыққан «Қайрат» иеленді. Біздің жанкүйеріміз тұңғыш рет КСРО-ның үздік клубтанының ойынын көзбе-көз тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Барлық ойындар оңтүстік астананың орталық стадионында өткізілді. «Қайраттың» жоғарғы лигадағы алғашқы ресми  матчы Алматының орталық стандионында өтті. 1960 жылы 10 сәуірде ленинградтық «Адмиралтейцке» қарсы ойналған алғашқы ойыны теңбе-тең нәтижемен аяқталды. 0:0. Стадион көрермендерге лық толы еді.

СТАДИОН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ:
Алматы қаласының Орталық стадионы 1958 жылы салынды, орналасқан мекен-жайы: Алматы қаласы, 48. Стадион сопақша пішінді, ендірме өткелдермен төрт - солтүстік, батыс, оңтүстік және шығыс мінбелерге бөлінген құрылыс. Мінбелердің жалпы сиымдылығы 23 804 орынды құрайды. 
Автокөлік өтетін екі кірме жол бар – Сәтбаев көшесі мен Абай даңғылы жағынан. Көрермендер мен шұғылданушылар өтетін Абай даңғылы, Сәтбаев, Байтұрсынұлы көшелерінен 4 өткел бар. 

Орталық стадионда 23804 жеке орындықтар орнатылған. Олардың барлығы нөмірленген. Орындықтар металл бұрыштарға бекітілген, көрерменнің дене бітіміне ыңғайлы. Арқалығының ең аласа биіктігі  – 38 см. 
Орталық  стадион кешкі уақытта іс-шаралар өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жарықтандырғыш қондырғылармен (прожекторлармен) жабдықталған. Жарықтандыру деңгейі -1400 люкс. 
Футбол ойнайтын алаңның беті: табиғи шөп жамылғысы, тегіс, жағдайы жақсы. 
Алаңда ойындарды бүкіл ұлттық маусым бойы өткізуге болады. 
Алаңның өлшемдері – 105 м х 68 м

Дереккөзі: «Қайрат» футбол клубы

 

Бөлісу: