Кіші театр

8 Қараша 2012, 12:09

Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012   Кіші театр – Ресейдегі мәдени-сахналық орталық. Мәскеудегі байырғы драма театры. 18 ғ-дың 50-жылдары Мәскеуде тұрақты драм. труппалар құрыла бастады. 1756 ж. Мәскеу ун-тінің жанынан көпшілік театры ашылды. Осының негізінде 1776 ж. драма театры құрылып, ол 1780 жылдан Петр театры (1805 жылға дейін) деп аталды. Мұнда драм. спектакльдермен қатар опералар, балеттер де қойылып отырған. Театрда орыс жазушылары Д.И. Фонвизиннің, И.А. Крыловтың, сондай-ақ, бат.-еур. драматургтер Ж.Б. Мольер мен Д.Дидроның, Г.Лессинг пен П.Бомаршенің, Р.Шеридан мен К.Гольдонидің пьесалары алғаш рет қойылды. 1806 ж. театр қазыналық театрға айналып, Мәскеудің императорлық театрлар дирекциясының құрамына енді. 1812 жылғы Отан соғысы кезіндегі орыс халқының қаїармандық рухы мен ұлттық ой-санасының өрлеуі В.А. Озеровтың (1769 – 1816) патриоттық трагедиялары бойынша қойылған спектакльдерден (“Дмитрий Донской”) айқын көрініс тапты. 1815 – 24 ж. театр құрамы П.С. Мочалов (1800 – 48) пен М.С. Щепкин сынды талантты сахна шеберлерімен толықты. Қазыналық театр 1824 ж. арх. О.И. Бовенің жобасымен тұрғызылған жаңа театр үйіне (қазіргі Свердлов алаңында) қоныс тепті. Қарсы орналасқан Үлкен театрдан айыру мақсатымен ол осы жылдан бастап К. т. аталды. Театрда В.И. Живокини, И.В. Самарин, С.В. Шумский, Садовскийлер әулеті, т.б. актерлер қызмет етті. 19 ғ-дың 50 – 70-жылдары Ресейдегі рев.-демокр. қозғалыстың өрлеуімен байланысты театр жаңа даму жолына түсті. Театр жұмысына белсене араласқан А.Н. Островский 1853 жылдан К. т-дың негізгі драматургына айналды. Мұнда оның 47 пьесасы қойылды. Театр репертуарынан Н.В. Гоголь мен А.С. Пушкиннің, И.С. Тургенев пен А.В. Сухово-Кобылиннің, Шекспир мен Шиллердің, Лопе де Вега мен И.В. Гетенің және Г.Ибсеннің пьесалары сахнаға шығарылды. Олардың шығармалары театрға сахналық өнердің жаңа мектебін ашуға мүмкіндік туғызды. 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басындағы К. т-дың көрнекті актерлері М.Н. Ермолова, А.П. Ленский, А.И. Южин, т.б. Щепкин мен Мочаловтың шынайы сахналық бағыттарын ілгері дамытты. Реалист-драматургтер шығармаларының әлеум. мазмұнын терең ашып, сан қилы адамдардың кескін-келбетін, мінез-құлқын шебер бейнелеу арқылы К. т. сахналық реализмнің биігіне көтерілді. 1905 – 07 жылғы революция жеңісінен кейінгі реакция жылдары театр ұжымы үшін қиын кезең болды. Соған қарамастан, труппаның негізгі бөлігі декаденттік ағымдарға қарсы күресті. 1909 ж. К. т. құрамын Южин басқарды. Ол, көбінесе, классик. драматургияға ден қойып, театрдың реалистік дәстүрін сақтауға тырысты. Қазан төңкерісінен кейін театрда азамат соғысы, төңкеріс, одан соңғы тарихи оқиғаларға құрылған К.А. Треневтің “Любовь Яровая” мен “Нева жағасында”, Б.С. Ромашовтың “Жасауыл Федька” мен “Отты көпір”, Л.М. Леоновтың “Скутаревский”, М.Горькийдің “Дұшпандар” мен “Жауыздар” атты пьесалары қойылды. Театр екінші дүниежүз. соғыс жылдары патриоттық спектакльдер қойып, майданға мәдени қызмет көрсету ісіне белсене араласты. А.А. Яблочкина, В.Н. Пашенная, М.М. Климов, А.А. Остужев, Е.Д. Турчанинова, В.Н. Рыжова шебер ойындарымен актерлік өнердің үлгісін көрсетіп, К. т-дың дамуына мол үлес қосты. 1918 жылдан К. т-дың жанында М.С. Щепкин атынд. театр уч-щесі жұмыс істейді. 1920 ж. академиялық театр атағын алды. 1937 ж. Ленин ордені, 1974 ж. Октябрь Революциясы орденімен марапатталды. 1897 ж. К. т-дың актрисасы Г.Н. Федотова Қазақстанға келіп, Орал мен Орынборда өнер көрсетті, кейін, К. т. өнерімен танысуға кең жол ашылды. 30-жылдары шығарм. сапармен Мәскеуде болған қазақ актерлері І.Іуанышбаев, І.Жандарбеков, Е.ґмірзақов, С.Қожамқұлов, І.Бадыров, Ж.Шанин, т.б. сахналық мәдениеті жоғары К. т. актерлерінің өнерімен танысты. 1958, 1969 және 1973 ж. мәскеуліктер К. т. сахнасынан Қазақ драма театры артистерінің өнерін тамашалап, М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, Ғ.Мүсіреповтің “Ақын трагедиясы”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, Ә.Тәжібаевтың “Жалғыз ағаш орман емес”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Ә.Нұрпейісов пен Ә.Мәмбетовтің “Қан мен тер”, Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-ана”, т.б. спектакльдерді көрді. К. т. мен қазақ театрының арасындағы шығарм. қарым-қатынас жақсарды. 1967 ж. К. т-дың реж., Ресейдің еңб. сің. артисі М.М. Новохижин І.Мұхамеджановтың “Жат елде” пьесасын қазақ театрында қойды. К. т. труппасы 1969 ж. Алматыда болып,  Островскийдің “Қойлар мен қасқырлар” және “Құтырған ақша” (тұсау кесері), Гогольдің “Ревизор”, Л.Н. Толстойдың “Түнек патшалығы”, Горькийдің “Саябақшылар”, Э.Скрибтің “Бір стақан су”, Г.Ибсеннің “Елестер”, Б.Нутичтің “Философия докторы”, Ж.Ануйдың “Жүксіз саяхатшы”, т.б. спектакльдерін көрсетті. Театр труппасында КСРО халық артистері – Н.А. Анненков, Е.В. Самойлов, Э.А. Быстрицкая, Ресей халық артистері Т.П. Панкова, А.И. Кочетков, И.В. Муравьева, А.Я. Михайлов, Ю.И. Каюров, В.П. Павлов, Э.Е. Марцевич, В.М. Соломин өнер көрсетті. Театр труппасында 100 адам, ал театр қызметкерлерінің жалпы саны 700-ге жуық. Ресей драма театрының ішінде тек К. т. ғана өзінің вокалдық-драмалық құрамын, хор мен кіші симфониялық оркестрін сақтап қалған. 1995 ж. қазан айында Мәскеуде Большая ордынка көшесінде К. т-дың бөлімшесі ашылды., Егер К. т-дың сахнасында тек классик. туындылар қойылса, бұл бөлімше классиканы жаңа түрмен ұштастыратын сынақ алаңына айналды (мыс., А.В. Сухово-Кобылиннің “Кречинскийдің үйлену тойы” пьесасы бойынша А.Колкердің мюзиклі). Ресей Президентінің жарлығымен К. т-ға Ұлттың игілігі статусы берілді. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

– Ресейдегі мәдени-сахналық орталық. Мәскеудегі байырғы драма театры. 18 ғ-дың 50-жылдары Мәскеуде тұрақты драм. труппалар құрыла бастады. 1756 ж. Мәскеу ун-тінің жанынан көпшілік театры ашылды. Осының негізінде 1776 ж. драма театры құрылып, ол 1780 жылдан Петр театры (1805 жылға дейін) деп аталды. Мұнда драм. спектакльдермен қатар опералар, балеттер де қойылып отырған. Театрда орыс жазушылары Д.И. Фонвизиннің, И.А. Крыловтың, сондай-ақ, бат.-еур. драматургтер Ж.Б. Мольер мен Д.Дидроның, Г.Лессинг пен П.Бомаршенің, Р.Шеридан мен К.Гольдонидің пьесалары алғаш рет қойылды. 1806 ж. театр қазыналық театрға айналып, Мәскеудің императорлық театрлар дирекциясының құрамына енді. 1812 жылғы Отан соғысы кезіндегі орыс халқының қаїармандық рухы мен ұлттық ой-санасының өрлеуі В.А. Озеровтың (1769 – 1816) патриоттық трагедиялары бойынша қойылған спектакльдерден (“Дмитрий Донской”) айқын көрініс тапты. 1815 – 24 ж. театр құрамы П.С. Мочалов (1800 – 48) пен М.С. Щепкин сынды талантты сахна шеберлерімен толықты. Қазыналық театр 1824 ж. арх. О.И. Бовенің жобасымен тұрғызылған жаңа театр үйіне (қазіргі Свердлов алаңында) қоныс тепті. Қарсы орналасқан Үлкен театрдан айыру мақсатымен ол осы жылдан бастап К. т. аталды. Театрда В.И. Живокини, И.В. Самарин, С.В. Шумский, Садовскийлер әулеті, т.б. актерлер қызмет етті. 19 ғ-дың 50 – 70-жылдары Ресейдегі рев.-демокр. қозғалыстың өрлеуімен байланысты театр жаңа даму жолына түсті. Театр жұмысына белсене араласқан А.Н. Островский 1853 жылдан К. т-дың негізгі драматургына айналды. Мұнда оның 47 пьесасы қойылды. Театр репертуарынан Н.В. Гоголь мен А.С. Пушкиннің, И.С. Тургенев пен А.В. Сухово-Кобылиннің, Шекспир мен Шиллердің, Лопе де Вега мен И.В. Гетенің және Г.Ибсеннің пьесалары сахнаға шығарылды. Олардың шығармалары театрға сахналық өнердің жаңа мектебін ашуға мүмкіндік туғызды. 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басындағы К. т-дың көрнекті актерлері М.Н. Ермолова, А.П. Ленский, А.И. Южин, т.б. Щепкин мен Мочаловтың шынайы сахналық бағыттарын ілгері дамытты. Реалист-драматургтер шығармаларының әлеум. мазмұнын терең ашып, сан қилы адамдардың кескін-келбетін, мінез-құлқын шебер бейнелеу арқылы К. т. сахналық реализмнің биігіне көтерілді.

1905 – 07 жылғы революция жеңісінен кейінгі реакция жылдары театр ұжымы үшін қиын кезең болды. Соған қарамастан, труппаның негізгі бөлігі декаденттік ағымдарға қарсы күресті. 1909 ж. К. т. құрамын Южин басқарды. Ол, көбінесе, классик. драматургияға ден қойып, театрдың реалистік дәстүрін сақтауға тырысты. Қазан төңкерісінен кейін театрда азамат соғысы, төңкеріс, одан соңғы тарихи оқиғаларға құрылған К.А. Треневтің “Любовь Яровая” мен “Нева жағасында”, Б.С. Ромашовтың “Жасауыл Федька” мен “Отты көпір”, Л.М. Леоновтың “Скутаревский”, М.Горькийдің “Дұшпандар” мен “Жауыздар” атты пьесалары қойылды. Театр екінші дүниежүз. соғыс жылдары патриоттық спектакльдер қойып, майданға мәдени қызмет көрсету ісіне белсене араласты. А.А. Яблочкина, В.Н. Пашенная, М.М. Климов, А.А. Остужев, Е.Д. Турчанинова, В.Н. Рыжова шебер ойындарымен актерлік өнердің үлгісін көрсетіп, К. т-дың дамуына мол үлес қосты. 1918 жылдан К. т-дың жанында М.С. Щепкин атынд. театр уч-щесі жұмыс істейді. 1920 ж. академиялық театр атағын алды. 1937 ж. Ленин ордені, 1974 ж. Октябрь Революциясы орденімен марапатталды.

1897 ж. К. т-дың актрисасы Г.Н. Федотова Қазақстанға келіп, Орал мен Орынборда өнер көрсетті, кейін, К. т. өнерімен танысуға кең жол ашылды. 30-жылдары шығарм. сапармен Мәскеуде болған қазақ актерлері І.Іуанышбаев, І.Жандарбеков, Е.ґмірзақов, С.Қожамқұлов, І.Бадыров, Ж.Шанин, т.б. сахналық мәдениеті жоғары К. т. актерлерінің өнерімен танысты. 1958, 1969 және 1973 ж. мәскеуліктер К. т. сахнасынан Қазақ драма театры артистерінің өнерін тамашалап, М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, Ғ.Мүсіреповтің “Ақын трагедиясы”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, Ә.Тәжібаевтың “Жалғыз ағаш орман емес”, С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов”, Ә.Нұрпейісов пен Ә.Мәмбетовтің “Қан мен тер”, Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-ана”, т.б. спектакльдерді көрді. К. т. мен қазақ театрының арасындағы шығарм. қарым-қатынас жақсарды. 1967 ж. К. т-дың реж., Ресейдің еңб. сің. артисі М.М. Новохижин І.Мұхамеджановтың “Жат елде” пьесасын қазақ театрында қойды. К. т. труппасы 1969 ж. Алматыда болып,  Островскийдің “Қойлар мен қасқырлар” және “Құтырған ақша” (тұсау кесері), Гогольдің “Ревизор”, Л.Н. Толстойдың “Түнек патшалығы”, Горькийдің “Саябақшылар”, Э.Скрибтің “Бір стақан су”, Г.Ибсеннің “Елестер”, Б.Нутичтің “Философия докторы”, Ж.Ануйдың “Жүксіз саяхатшы”, т.б. спектакльдерін көрсетті.

Театр труппасында КСРО халық артистері – Н.А. Анненков, Е.В. Самойлов, Э.А. Быстрицкая, Ресей халық артистері Т.П. Панкова, А.И. Кочетков, И.В. Муравьева, А.Я. Михайлов, Ю.И. Каюров, В.П. Павлов, Э.Е. Марцевич, В.М. Соломин өнер көрсетті. Театр труппасында 100 адам, ал театр қызметкерлерінің жалпы саны 700-ге жуық. Ресей драма театрының ішінде тек К. т. ғана өзінің вокалдық-драмалық құрамын, хор мен кіші симфониялық оркестрін сақтап қалған.

1995 ж. қазан айында Мәскеуде Большая ордынка көшесінде К. т-дың бөлімшесі ашылды., Егер К. т-дың сахнасында тек классик. туындылар қойылса, бұл бөлімше классиканы жаңа түрмен ұштастыратын сынақ алаңына айналды (мыс., А.В. Сухово-Кобылиннің “Кречинскийдің үйлену тойы” пьесасы бойынша А.Колкердің мюзиклі).

Ресей Президентінің жарлығымен К. т-ға Ұлттың игілігі статусы берілді.

 

Бөлісу: