1971-1980 жылдар

29 Наурыз 2013, 03:48

  1971 жыл Бұл жылдар да көптеген өзгерістер болды. Қазақстанның клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңісі тіркелген жыл. Алматылық  “Қайрат” Кеңес Одағы клубтарының арасында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Одағы Кубогін жеңіп алды. Ақтық сынға барар жолда алматылықтар Кошицелік «Локомотивті» (Чехия) үйде 4:1, сырт алаңда 1:0 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін біздің команда Алматыда софиялық “Славиядан” (Болгария) 1:3 есебімен жеңіліп қалғанымен, сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, финалда Бухаресттің “Рапидімен” кездесіп Румынияда өткен кездесуде 1:1 нәтижесіне қол жеткізді. Ал Алматының Орталық стадионында 32 мың жанкүйер тамашалаған тарихи кездесуде “Қайрат” 1:0 жеңіске жетіп, мәртебелі жүлдені ұтып алды.    1971 жыл. Алматылық  “Қайраттың” қорғаушысы  Сейілда Байшақов “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қортындысы бойынша КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионындағы «Үздік жаңа есім» болып танылды.  1973 жыл. Қазақстан жастар құрамасы Бүкілодақтық “Переправа” турнирінің күміс жүлдегері атанды. 1975 жыл. Теміртаулық “Болат” футбол клубы Қазақстандық командалар арасында екінші болып Миллиондар Кубогін ұтып алды. Финалдық кездесуде металлургтар Раменскінің “Сатурнды ” 1:0 есебімен ұтып кетті.   1976 жыл. Алматылық “Қайрат” қазақстандық футбол тарихында алғаш рет КСРО бірінші лига клубтарының чемпионатында жеңіске жетті. 1976 жыл. Алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен павлодарлық қорғаушы Александр Кадейкин жасөспірімдер арасындағы (U-19) Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.   1977 жыл. Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов қазақстандық футболшылар арасында бірінші болып КСРО құрамасына шақырту алды. Футболшы Кеңес Одағы құрамасы сапындағы алғашқы матчын 1978 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Будапештте Венгрия құрамасына қарсы өткізді. 1980 жыл. Павлодарлық  “Трактор” самарқандтық “Динамо” мен  тольяттилік “Торпедо” біріккен топтан үздік шығып, екінші лига клубтарының арасындағы КСРО чемпионатының VII аймағында жеңіске жету арқылы Қазақстан атынан Кеңес Одағы біріншілігінің бірінші лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. 1980 жыл. Алматылық “Қайрат” екінші рет жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды. Дереккөзі: Қазақстан футбол федерациясы

 

1971 жыл
Бұл жылдар да көптеген өзгерістер болды. Қазақстанның клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңісі тіркелген жыл. Алматылық  “Қайрат” Кеңес Одағы клубтарының арасында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Одағы Кубогін жеңіп алды. Ақтық сынға барар жолда алматылықтар Кошицелік «Локомотивті» (Чехия) үйде 4:1, сырт алаңда 1:0 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін біздің команда Алматыда софиялық “Славиядан” (Болгария) 1:3 есебімен жеңіліп қалғанымен, сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, финалда Бухаресттің “Рапидімен” кездесіп Румынияда өткен кездесуде 1:1 нәтижесіне қол жеткізді. Ал Алматының Орталық стадионында 32 мың жанкүйер тамашалаған тарихи кездесуде “Қайрат” 1:0 жеңіске жетіп, мәртебелі жүлдені ұтып алды.
 

 1971 жыл.
Алматылық  “Қайраттың” қорғаушысы  Сейілда Байшақов “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қортындысы бойынша КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионындағы «Үздік жаңа есім» болып танылды. 

1973 жыл.
Қазақстан жастар құрамасы Бүкілодақтық “Переправа” турнирінің күміс жүлдегері атанды.

1975 жыл.
Теміртаулық “Болат” футбол клубы Қазақстандық командалар арасында екінші болып Миллиондар Кубогін ұтып алды. Финалдық кездесуде металлургтар Раменскінің “Сатурнды ” 1:0 есебімен ұтып кетті.
 

1976 жыл.
Алматылық “Қайрат” қазақстандық футбол тарихында алғаш рет КСРО бірінші лига клубтарының чемпионатында жеңіске жетті.

1976 жыл.
Алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен павлодарлық қорғаушы Александр Кадейкин жасөспірімдер арасындағы (U-19) Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.
 

1977 жыл.
Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов қазақстандық футболшылар арасында бірінші болып КСРО құрамасына шақырту алды. Футболшы Кеңес Одағы құрамасы сапындағы алғашқы матчын 1978 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Будапештте Венгрия құрамасына қарсы өткізді.

1980 жыл.
Павлодарлық  “Трактор” самарқандтық “Динамо” мен  тольяттилік “Торпедо” біріккен топтан үздік шығып, екінші лига клубтарының арасындағы КСРО чемпионатының VII аймағында жеңіске жету арқылы Қазақстан атынан Кеңес Одағы біріншілігінің бірінші лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

1980 жыл.
Алматылық “Қайрат” екінші рет жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.

Дереккөзі: Қазақстан футбол федерациясы



Бөлісу: