Қаланың зерттелуі

28 Наурыз 2013, 11:34

  Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлеріміздің есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы. Олар - өлке тарихына еніп, көше бойларындағы үйлерге жазылған биік тұлғалы қасиетті есімдер. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының іргесі қаланғанына 200 жылға жуық кезеңінде оның заман өзгерістеріне толы тарихи оқиғалары ежелгі дәуірлерден бүгінгі күнге дейін Арал өңірін, Сырдарияның жағасын мекендеген халықтардың археологиясы, этнографиясы, әлеуметтік-мәдени өмірі зерттеушілердің назарында болып келеді. Республиканың астанасына Ақмешіт қаласы ұсынылғанға, ең басты дәлел ретінде онда Орынборға қарағанда қазақтардың көп тұратыны тілге тиек етілді. Орынбор – Ташкен темір жолы республиканың жаңа астанасын Ресей орталығымен, Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарымен және Орта Азия республикаларымен байланыстыратын еді. Оның үстіне Ақмешіт болашағы үлкен үміт күттіретін суармалы егістің орталығына орналасты. Бүгінгі көзқарасқа қарағанда республика басшылары С.Қожанов, С.Сәдуақасов астананы көшіру мәселесіне ұлттық мүдде тұрғысынан келген деген деректер бар. “Қазақстан астанасы орыстың туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек”, - деп жазды С.Қожанов “Ақжолдың” 1924 жылғы 17 желтоқсанындағы санында. Қазақ астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан ғана жарамайды емес, қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ ұлт мемлекетінің ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды. Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала, ыңғайлы үйлер керек емес, жаман да болса, өз ордасы болуы керек. Орынбордан көшпей, қазақ ұлтының ішкі тіршілігі оңдалып, қазақ еңбекшілерінің көпшілігінің қолына керекті шарлар іс жүзінде істелуі қиын”. Перовск станциясы темір жол жұмысшыларының бастамасы бойынша Қазақстан өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде “Қызыл паровоз” жөндеуден өткізіліп, Орынборға жіберілді. Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар поезы Орынбордан республиканың жаңа астанасы Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының аяғында аттанды. Съезд делегаттарының ішінде мәдениет, өнер ақйраткерлері Иса Байзақов, Александр Затаевич, Әміре Қашаубаев, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Қажымұқан Мұңайтпасов болатын. Дереккөзі: «Менің Қызылордам» жастар сайты  

 

Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлеріміздің есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы. Олар - өлке тарихына еніп, көше бойларындағы үйлерге жазылған биік тұлғалы қасиетті есімдер.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының іргесі қаланғанына 200 жылға жуық кезеңінде оның заман өзгерістеріне толы тарихи оқиғалары ежелгі дәуірлерден бүгінгі күнге дейін Арал өңірін, Сырдарияның жағасын мекендеген халықтардың археологиясы, этнографиясы, әлеуметтік-мәдени өмірі зерттеушілердің назарында болып келеді. Республиканың астанасына Ақмешіт қаласы ұсынылғанға, ең басты дәлел ретінде онда Орынборға қарағанда қазақтардың көп тұратыны тілге тиек етілді. Орынбор – Ташкен темір жолы республиканың жаңа астанасын Ресей орталығымен, Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарымен және Орта Азия республикаларымен байланыстыратын еді. Оның үстіне Ақмешіт болашағы үлкен үміт күттіретін суармалы егістің орталығына орналасты. Бүгінгі көзқарасқа қарағанда республика басшылары С.Қожанов, С.Сәдуақасов астананы көшіру мәселесіне ұлттық мүдде тұрғысынан келген деген деректер бар. “Қазақстан астанасы орыстың туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек”, - деп жазды С.Қожанов “Ақжолдың” 1924 жылғы 17 желтоқсанындағы санында. Қазақ астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан ғана жарамайды емес, қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ ұлт мемлекетінің ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды.

Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала, ыңғайлы үйлер керек емес, жаман да болса, өз ордасы болуы керек. Орынбордан көшпей, қазақ ұлтының ішкі тіршілігі оңдалып, қазақ еңбекшілерінің көпшілігінің қолына керекті шарлар іс жүзінде істелуі қиын”. Перовск станциясы темір жол жұмысшыларының бастамасы бойынша Қазақстан өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде “Қызыл паровоз” жөндеуден өткізіліп, Орынборға жіберілді. Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар поезы Орынбордан республиканың жаңа астанасы Ақмешітке 1925 жылдың наурыз айының аяғында аттанды. Съезд делегаттарының ішінде мәдениет, өнер ақйраткерлері Иса Байзақов, Александр Затаевич, Әміре Қашаубаев, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Қажымұқан Мұңайтпасов болатын.

Дереккөзі: «Менің Қызылордам» жастар сайты

 

Бөлісу: