Аудан тарихы

28 Наурыз 2013, 10:25

    Қазалы ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы – Әйтеке би кенті. Халық саны 71,4 мың адам. Жер көлемі – 37,6 мың шаршы шақырым. Облыс орталығынан аудан орталығының ара қашықтығы 350 км. Аудан шығысында Қармақшы ауданымен, оңтүстігінде Өзбекстан мемлекетімен, батысында Арал ауданымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі. Ауданда 19 ауылдық округ, 1 кент, 1 қала бар. Аудан халқына 27 емдеу мекемелері, жалпы білім беретін 41 мектеп, 24 мәдениет үйі мен ауылдық клуб, 26 кітапхана, 1 мұражай қызмет көрсетеді. Ауданнан 5 Социалистік Еңбек Ері, 5 Кеңес Одағының батыры шыққан. Қазалы теміржол торабының атағы кеңінен танымал. Өткен ғасырдың басында іргетасы қаланған паровоз жөндейтін депо мен «Сұлутам» деп аталған теміржол вокзалы ғасырдан бері халық игілігіне алып келеді. Алғашқы аудан орталығы болған Қазалы қаласының іргесі 1853 жылы 16 маусым айында қаланды. Орнықты қала болып салынуына генерал-адьютант П.А.Перовскийдің қомақты үлесі мол. Ол Сырдария өзені бойымен Ақмешіт қаласына жорық жасау барысында Қазалы қаласының негізін №1 форт есебінде қалауға ұсыныс жасаған. 1867 жылы №1 форт Қазалы қаласы деген атқа өзгертіліп Россия мен Орта Азия елдерінің қарым-қатынас орталығына айналды. 1872 жылы Қазалы қаласы уезд орталығы болған. Бұған қазіргі Қармақшы, Арал аудандарының территориясы кірген. Уезд бастығы полковник Арзамасов болған. Оның шашы ақ болғаннан кейін, жергілікті тұрғындар оны «Ақбас ояз» атаған. Ол кезде Қазалы қаласында /уезі/ 89966 адам болған. 1905 жылы Қазалы қаласында алғашқы социал-демократтардың үйірмесі жұмыс жасап, олар Петербург және Москва қаласындағы большевиктер партиясымен тікелей қарым-қатынаста болған. 1906 жылы қазан айында Қазалы аудандық жол бойы комитеті мен Россия социал-демократиялық жұмысшы партиясының группасы ашық революциялық жұмыстар жүргізді. 1917 жылдың 25 қазанда Петроградтағы төңкеріс қазан революциясының жеңісіне жеткізіп, Кеңес үкіметінің құрылғаны жарияланды. Осыдан кейін көп ұзамай 1917 жылдың желтоқсан айында Қазалы қаласында Совет өкіметі толық орнады. Ол қазіргі Ғ.Мұратбаев мұражайы орнында солдаттар және жұмысшылар кеңесі орналасты. Қазалы қаласы 1958 жылға дейін аудан орталығы болды. 1958 жылы аудан орталығы Жаңақазалы поселкесіне /қазіргі Әйтеке би кенті/ көшірілді. Сол кезде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Кәмеледин Бердіқұлов жұмыс істеген. Қазалы ауданы Жалаңтөс Баһадүр мен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Жылқайдар мен Жетес, Ашабай мен Сырлыбай, Үмбет пен Ерімбеттей елге әйгілі ерлер мен би –шешендердің мекені. Ұлы Отан соғысы кезінде Ү.Түктібаев, В.Счастнов, Г.Шляпин, Я.Михайлик, М.Балмағамбетовтер Кеңес Одағының батыры атанса, Қазақстан мен Орта Азия жастарының жетекшісі Ғани Мұратбаевтың, әлемге әйгілі әнші, Халық қаһарманы Роза Бағланованың, академиктер: Серғали Толыбеков, Сұлтан Сүлейменов, Мұхамеджан Ерелепесов, Бегалы Әйтмамбетов, Ерболат Дәленов, тағы басқа жүздеген азаматтар елдің даңқын асырды. Сонымен қатар, ауданға біраз жылдар аралығында елімізге белгілі Б.Құлманов, Ә.Тыныбаев, Қ.Әбуов, Қ.Табынбаев, Е.Көшербаев сияқты азаматтар басшылық еткен. Қазалы ауданының әкімдігі

 

 

Қазалы ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы – Әйтеке би кенті. Халық саны 71,4 мың адам. Жер көлемі – 37,6 мың шаршы шақырым. Облыс орталығынан аудан орталығының ара қашықтығы 350 км. Аудан шығысында Қармақшы ауданымен, оңтүстігінде Өзбекстан мемлекетімен, батысында Арал ауданымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен шектеседі.

Ауданда 19 ауылдық округ, 1 кент, 1 қала бар. Аудан халқына 27 емдеу мекемелері, жалпы білім беретін 41 мектеп, 24 мәдениет үйі мен ауылдық клуб, 26 кітапхана, 1 мұражай қызмет көрсетеді.

Ауданнан 5 Социалистік Еңбек Ері, 5 Кеңес Одағының батыры шыққан.

Қазалы теміржол торабының атағы кеңінен танымал. Өткен ғасырдың басында іргетасы қаланған паровоз жөндейтін депо мен «Сұлутам» деп аталған теміржол вокзалы ғасырдан бері халық игілігіне алып келеді.

Алғашқы аудан орталығы болған Қазалы қаласының іргесі 1853 жылы 16 маусым айында қаланды. Орнықты қала болып салынуына генерал-адьютант П.А.Перовскийдің қомақты үлесі мол. Ол Сырдария өзені бойымен Ақмешіт қаласына жорық жасау барысында Қазалы қаласының негізін №1 форт есебінде қалауға ұсыныс жасаған.

1867 жылы №1 форт Қазалы қаласы деген атқа өзгертіліп Россия мен Орта Азия елдерінің қарым-қатынас орталығына айналды.

1872 жылы Қазалы қаласы уезд орталығы болған. Бұған қазіргі Қармақшы, Арал аудандарының территориясы кірген. Уезд бастығы полковник Арзамасов болған. Оның шашы ақ болғаннан кейін, жергілікті тұрғындар оны «Ақбас ояз» атаған. Ол кезде Қазалы қаласында /уезі/ 89966 адам болған.

1905 жылы Қазалы қаласында алғашқы социал-демократтардың үйірмесі жұмыс жасап, олар Петербург және Москва қаласындағы большевиктер партиясымен тікелей қарым-қатынаста болған.

1906 жылы қазан айында Қазалы аудандық жол бойы комитеті мен Россия социал-демократиялық жұмысшы партиясының группасы ашық революциялық жұмыстар жүргізді.

1917 жылдың 25 қазанда Петроградтағы төңкеріс қазан революциясының жеңісіне жеткізіп, Кеңес үкіметінің құрылғаны жарияланды.

Осыдан кейін көп ұзамай 1917 жылдың желтоқсан айында Қазалы қаласында Совет өкіметі толық орнады. Ол қазіргі Ғ.Мұратбаев мұражайы орнында солдаттар және жұмысшылар кеңесі орналасты.

Қазалы қаласы 1958 жылға дейін аудан орталығы болды. 1958 жылы аудан орталығы Жаңақазалы поселкесіне /қазіргі Әйтеке би кенті/ көшірілді. Сол кезде аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Кәмеледин Бердіқұлов жұмыс істеген.

Қазалы ауданы Жалаңтөс Баһадүр мен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Жылқайдар мен Жетес, Ашабай мен Сырлыбай, Үмбет пен Ерімбеттей елге әйгілі ерлер мен би –шешендердің мекені. Ұлы Отан соғысы кезінде Ү.Түктібаев, В.Счастнов, Г.Шляпин, Я.Михайлик, М.Балмағамбетовтер Кеңес Одағының батыры атанса, Қазақстан мен Орта Азия жастарының жетекшісі Ғани Мұратбаевтың, әлемге әйгілі әнші, Халық қаһарманы Роза Бағланованың, академиктер: Серғали Толыбеков, Сұлтан Сүлейменов, Мұхамеджан Ерелепесов, Бегалы Әйтмамбетов, Ерболат Дәленов, тағы басқа жүздеген азаматтар елдің даңқын асырды.

Сонымен қатар, ауданға біраз жылдар аралығында елімізге белгілі Б.Құлманов, Ә.Тыныбаев, Қ.Әбуов, Қ.Табынбаев, Е.Көшербаев сияқты азаматтар басшылық еткен.

Қазалы ауданының әкімдігі

Бөлісу: