Ақмешіттің астана мәртебесін алуы

28 Наурыз 2013, 03:51

  Қазақстан – Орталық Еуразия алабындағы іргелі, ғажайып, қайталанбас тарихы бар байырғы өркениетті өңір. Бұл жерді мекен еткен көшпенділер мен отырықшылардың бір-бірімен шектескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен қағанаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасын жалғап жататын болған. Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Тәуелсіз, дербес мемлекеттің басты белгілері өз ақшасы, әскері, мемлекеттік басқару органдары және осыларға сәйкес мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болса, мұның бәрі де Қазақстан сонау Тәуелсіздігін жариялап, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданғаннан бері жүзеге асқанын білеміз. Ал мемлекеттіктің тағы бір белгісі – астана, ол – Тәуелсіз мемлекеттің әкімшілік, саяси, экономикалық, мәдени орталығы. Астана – өкімет пен мемлекеттік басқарудың жоғары органдарының және жоғары сот, әскери, әкімшілік мекемелердің орналасқан жері. Әлемде 140-тан астам астананы көшіру оқиғасы болған. Еске түсірер болсақ, басқаны былай қойғанның өзінде, Қазан төңкерісінен соң Ресей астанасы Петербордан Мәскеуге көшірілді. Батыс және Шығыс Германия мемлекеттерінің бірігуіне орай астанасын Бонн қаласынан (екінші дүниежүзілік соғыстан соң құрылған Германия Федеративтік Республикасының астанасы) қайтадан Берлинге көшірді. Қазақстан да солардың бірі болғанымен, қоныс аудару процесінің жүру тұрғысынан, оның жеделдігі жағынан бірден-бір мемлекет болып тарих бетінде қалғанына ешкім де талас тудырмасы анық. Қазақ елі қай кезде де өз болмысын ордасын тіккен қалаларымен байланыстырып, танымал болған. Ондай орталықтар елдігіміздің символына айналып отырған. Ендеше, қазақ елінің тағдырымен байланысып жататын астаналардың тарихына шолу жасап көрейік. 1920 жылы байырғы қазақ елі өз тарихында тұңғыш рет автономияға ие болды. 1925 жылы 15-19 сәуірде ҚАССР Советтерінің 5-съезі қазақ халқының тарихи атауын қалпына келтіру және Қазақ АССР-і деп атау жөнінде шешім қабылдады. Оның астанасы әуелі Орынборда, одан кейін Сырдариядағы ежелгі бекініс – бұған дейін Ақмешіт және Перовск аталып келген Қызылорда болды. Орынбордан Ақмешітке көшу жөнінде мына қарар қабылданған-ды.   Дереккөзі: «Түгел» баспасөз клубы

 

Қазақстан – Орталық Еуразия алабындағы іргелі, ғажайып, қайталанбас тарихы бар байырғы өркениетті өңір. Бұл жерді мекен еткен көшпенділер мен отырықшылардың бір-бірімен шектескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен қағанаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасын жалғап жататын болған.

Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

Тәуелсіз, дербес мемлекеттің басты белгілері өз ақшасы, әскері, мемлекеттік басқару органдары және осыларға сәйкес мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болса, мұның бәрі де Қазақстан сонау Тәуелсіздігін жариялап, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданғаннан бері жүзеге асқанын білеміз. Ал мемлекеттіктің тағы бір белгісі – астана, ол – Тәуелсіз мемлекеттің әкімшілік, саяси, экономикалық, мәдени орталығы. Астана – өкімет пен мемлекеттік басқарудың жоғары органдарының және жоғары сот, әскери, әкімшілік мекемелердің орналасқан жері.

Әлемде 140-тан астам астананы көшіру оқиғасы болған. Еске түсірер болсақ, басқаны былай қойғанның өзінде, Қазан төңкерісінен соң Ресей астанасы Петербордан Мәскеуге көшірілді. Батыс және Шығыс Германия мемлекеттерінің бірігуіне орай астанасын Бонн қаласынан (екінші дүниежүзілік соғыстан соң құрылған Германия Федеративтік Республикасының астанасы) қайтадан Берлинге көшірді. Қазақстан да солардың бірі болғанымен, қоныс аудару процесінің жүру тұрғысынан, оның жеделдігі жағынан бірден-бір мемлекет болып тарих бетінде қалғанына ешкім де талас тудырмасы анық.

Қазақ елі қай кезде де өз болмысын ордасын тіккен қалаларымен байланыстырып, танымал болған. Ондай орталықтар елдігіміздің символына айналып отырған. Ендеше, қазақ елінің тағдырымен байланысып жататын астаналардың тарихына шолу жасап көрейік.

1920 жылы байырғы қазақ елі өз тарихында тұңғыш рет автономияға ие болды. 1925 жылы 15-19 сәуірде ҚАССР Советтерінің 5-съезі қазақ халқының тарихи атауын қалпына келтіру және Қазақ АССР-і деп атау жөнінде шешім қабылдады. Оның астанасы әуелі Орынборда, одан кейін Сырдариядағы ежелгі бекініс – бұған дейін Ақмешіт және Перовск аталып келген Қызылорда болды. Орынбордан Ақмешітке көшу жөнінде мына қарар қабылданған-ды.

 

Дереккөзі: «Түгел» баспасөз клубы

Бөлісу: