Астанада демалыс күндері күн жылынады

27 Наурыз 2013, 12:11

Алдағы 3 күнде елордада күн бұлтты және желді болады, ал демалыс күндері жылынады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.Синоптиктердің болжамынша, 27 наурызда Астанада күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -1+1°C. Бейсенбі күні қалада көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр жел соғады. Жел екпіні кейде 18 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде -7-9 градус суық, күндіз +1+3 градусқа дейін жылуы мүмкін. 29 наурыз күні көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр жел соғады, жел екпіні кейде 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2-0 градус суық, күндіз +8+10 градус жылы болады.  Astana.kz

Алдағы 3 күнде елордада күн бұлтты және желді болады, ал демалыс күндері жылынады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.Синоптиктердің болжамынша, 27 наурызда Астанада күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -1+1°C.

Бейсенбі күні қалада көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр жел соғады. Жел екпіні кейде 18 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде -7-9 градус суық, күндіз +1+3 градусқа дейін жылуы мүмкін.

29 наурыз күні көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр жел соғады, жел екпіні кейде 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2-0 градус суық, күндіз +8+10 градус жылы болады. 

Astana.kz

Бөлісу: