Лакшми Миттал: Мен пальтомен ұйықтап, шелектегі сумен жуындым

27 Наурыз 2013, 11:53

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Лакшми Миттал Ахмадабадтағы Үнді менеджменті институтының студенттерімен өткен кездесуінде өзінің Қазақстанда ашқан бизнесінің тарихымен бөлісті. «Біз 1995 жылы Теміртаудағы 34 мың жұмыс жасайтын «Кармет» өнеркәсібін сатып алдық. Сол кезде бұл елде қыста қырық градус аяз, жазда қырық градус аптап ыстық болатынын білген жоқпыз», - деді магнат.  «Болат құятын зауытты сатып алмақ болғанымызда, басшысы жоқ қалаға келгендей күй кештік. Теміртаудың қала мәртебесі болса да, бірақ су мен электр жарығы жоқ болатын», - деп таңданады ол.  Сондықтан алғашқы күні пальтосын шешпей ұйықтап, шелектегі сумен беті-қолын жууға тура келгенін жасырмады.  «Біз Қазақстанда зауыт сатып аламыз дегенде есінен ауысып кеткен шығар деп ойлағандар да болған...», - деп еске алады Миттал.  Ешбір қиындықтарға қарамастан, бұл өндірістің соншалықты дамып кететініне Лакшми Митталдың өзі ғана сенсе керек. NUR.KZ.

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Лакшми Миттал Ахмадабадтағы Үнді менеджменті институтының студенттерімен өткен кездесуінде өзінің Қазақстанда ашқан бизнесінің тарихымен бөлісті.

«Біз 1995 жылы Теміртаудағы 34 мың жұмыс жасайтын «Кармет» өнеркәсібін сатып алдық. Сол кезде бұл елде қыста қырық градус аяз, жазда қырық градус аптап ыстық болатынын білген жоқпыз», - деді магнат. 

«Болат құятын зауытты сатып алмақ болғанымызда, басшысы жоқ қалаға келгендей күй кештік. Теміртаудың қала мәртебесі болса да, бірақ су мен электр жарығы жоқ болатын», - деп таңданады ол. 

Сондықтан алғашқы күні пальтосын шешпей ұйықтап, шелектегі сумен беті-қолын жууға тура келгенін жасырмады. 

«Біз Қазақстанда зауыт сатып аламыз дегенде есінен ауысып кеткен шығар деп ойлағандар да болған...», - деп еске алады Миттал. 

Ешбір қиындықтарға қарамастан, бұл өндірістің соншалықты дамып кететініне Лакшми Митталдың өзі ғана сенсе керек.

NUR.KZ.

Бөлісу: