Дербісәлі Әбсаттар қажы

8 Қараша 2012, 12:03

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   Дербісәлі Әбсаттар қажы (15.9.1947 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд.) — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти (2000), шығыстанушы ғалым, филол. ғыл. докт. (1988), проф. (1989). Шымкент пед. ин-тын (қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті) бітірген (1969). 1970 — 75 ж. КСРО ұА-ның Шығыстану ин-тында ізденуші, аспирант болған. 1975 — 76 ж. Марокко, 1985 — 86 ж. Тунис ун-тінде араб тілі мен әдебиеті бойынша ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізген. 1976 — 77 ж. Қазақстан ұА-ның Әдебиет және өнер ин-тының ғыл. қызметкері, 1977 — 86 ж. ҚазҰУ-де ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, 1986 — 88 ж. КСРО ұА Шығыстану ин-тының докторанты, 1989 ж. ҚазҰУ-дің шығыстану ф-тің деканы, 1991 — 97 ж. проректор, 1997 — 2000 ж. Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болған. 2000 жылдан Қазақстан мұсылмандарының бас мүфтиі. Д-нің араб тілі мен әдебиеті, тарихы және қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ежелгі дәуірі, сыртқы мұсылман елдерімен рухани байланысы, шығыс халықтарының ой-дүниесі мен тарихы туралы теориялық және практикалық мәні бар 300-ден астам ғыл. еңбектері жарық көрді. Араб тілді Марокко әдебиетінің тарихын жазып шықты. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. 10 — 18 ғ-ларда өмір сүрген Әбу-л Қасым әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауҝари әл-Фараби, Әбу Ибраҝим Ысқақ әл-Фараби, Бурҝан әд-Дин Ахмад әл-Фараби, Махмад әл-Фараби, Байлақ Қыпшақи, Хасан Әли Жалайри, Махмұт Тарази, Гийас әд-Дин Женди, Хусам әд-Дин Сығанақи және т.б. барлығы 50-ге жуық ғалымдар мен ойшылдар еңбектерін ғыл. айналымға енгізді. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармаларын зерттеуде де соны қадамдар жасады. Қашқарияға (1994), Пәкстанға (1995), Үндістанға (1998) арнайы барып, Кашмир өлкесінен ғалымның зиратын тауып, Берлин және Қашқар қолжазбасы бойынша ғұламаның “Жаҝаннаме” атты поэмасын шағатай тілінен тәржімалап, баспаға дайындады. Қазақстанда араб тілі мен әдебиетін оқыту және оны зерттеуді жеке ғылым саласы ретінде қалыптастырушылардың бірі. Сондай-ақ, парсы, түрік, урду, жапон, қытай, кәріс тілінің 500-ден астам мамандарын даярлауды ұйымдастырды. Бас мүфти ретінде Қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан тұңғыш рет республикалық жарыс ұйымдастырды. Т. Шаңбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

Дербісәлі Әбсаттар қажы (15.9.1947 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд.) — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти (2000), шығыстанушы ғалым, филол. ғыл. докт. (1988), проф. (1989). Шымкент пед. ин-тын (қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті) бітірген (1969). 1970 — 75 ж. КСРО ұА-ның Шығыстану ин-тында ізденуші, аспирант болған. 1975 — 76 ж. Марокко, 1985 — 86 ж. Тунис ун-тінде араб тілі мен әдебиеті бойынша ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізген. 1976 — 77 ж. Қазақстан ұА-ның Әдебиет және өнер ин-тының ғыл. қызметкері, 1977 — 86 ж. ҚазҰУ-де ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, 1986 — 88 ж. КСРО ұА Шығыстану ин-тының докторанты, 1989 ж. ҚазҰУ-дің шығыстану ф-тің деканы, 1991 — 97 ж. проректор, 1997 — 2000 ж. Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болған. 2000 жылдан Қазақстан мұсылмандарының бас мүфтиі. Д-нің араб тілі мен әдебиеті, тарихы және қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ежелгі дәуірі, сыртқы мұсылман елдерімен рухани байланысы, шығыс халықтарының ой-дүниесі мен тарихы туралы теориялық және практикалық мәні бар 300-ден астам ғыл. еңбектері жарық көрді. Араб тілді Марокко әдебиетінің тарихын жазып шықты. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. 10 — 18 ғ-ларда өмір сүрген Әбу-л Қасым әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауҝари әл-Фараби, Әбу Ибраҝим Ысқақ әл-Фараби, Бурҝан әд-Дин Ахмад әл-Фараби, Махмад әл-Фараби, Байлақ Қыпшақи, Хасан Әли Жалайри, Махмұт Тарази, Гийас әд-Дин Женди, Хусам әд-Дин Сығанақи және т.б. барлығы 50-ге жуық ғалымдар мен ойшылдар еңбектерін ғыл. айналымға енгізді. Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармаларын зерттеуде де соны қадамдар жасады. Қашқарияға (1994), Пәкстанға (1995), Үндістанға (1998) арнайы барып, Кашмир өлкесінен ғалымның зиратын тауып, Берлин және Қашқар қолжазбасы бойынша ғұламаның “Жаҝаннаме” атты поэмасын шағатай тілінен тәржімалап, баспаға дайындады. Қазақстанда араб тілі мен әдебиетін оқыту және оны зерттеуді жеке ғылым саласы ретінде қалыптастырушылардың бірі. Сондай-ақ, парсы, түрік, урду, жапон, қытай, кәріс тілінің 500-ден астам мамандарын даярлауды ұйымдастырды. Бас мүфти ретінде Қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан тұңғыш рет республикалық жарыс ұйымдастырды.

Т. Шаңбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Бөлісу: