Құрылу кезеңі

27 Наурыз 2013, 10:34

Арал ауданы 1929 жылы құрылған. Алғашқы кезде оның құрамына Қамыстыбас және Арал болыстары кірді. 1938 жылғы 29 наурыздан бастап жұмысшы поселкесі қалаға айналды, яғни Арал поселкасы Арал қаласы болып аталды. Ауданның орталығы Арал қаласы. Ауданда 2008 жылғы 1 қаңтарға 72145 адам тұрады. Оның 30622-сі Арал қаласының тұрғындары. Территориясы 52,2 км2. 1921 жылы қазан төңкерісінің көсемі В. И. Ленин (В. Ульянов) Повольже мен Ресейдің орталық аудандарындағы құрғақшылыққа байланысты аштықтан зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнінде Арал балықшыларына әйгілі үндеу-хатын жолдап, көмек беруді сұраған. Аралдықтар бұл Үндеуге жауап ретінде Ресейге 14 вагон балық жіберген. Болшевиктер партиясының көсемі В. И. Ленин аралдықтардың бұл игі ісін зор бағалап, токарлық станок Арал балықшыларына сыйға тартқан.  1930 жылдары ауданда 17 балық колхозы, 5 балық заводы, 20-дан астам мал колхозы ұйымдасқан. Аудан халқы Ұлы Отан соғысы уақытында де өшпес ерлік, асқақ рухтың үлгісін көрсетті. Ауданнан соғысқа 11 мыңнан астам адам кетіп, оның 6038 елге оралмай, майдан даласында қалды. 2005 жылы Арал боздақтарының рухына арналып аудан орталығының орталық алаңында Тағзым алаңы орнатылды. Арал теңізі 1963 жылдардан бастап тартыла бастады. Арал теңізінің проблемасы жөнінде Алматы, Ташкент, Нөкіс, Қызылорда және Арал қалаларында мемлекетаралық деңгейде кеңестер өткізілді. Осының нәтижесінде құны 84,0 млн. АҚШ долларын құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы іске асып, жобаның І фазасы 2007 жылы аяқталды. Қазіргі таңда жобаның ІІ фазасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Бүгінгі таңда ауданда 51 мектеп, 1 аудандық, 1 қалалық мәдениет үйлері, 4 ауылдық мәдениет үйі, 25 ауылдық клуб, 2 демалыс кешені, 6 халықтық ұжымдар, 32 көпшілік кітапхана, 1 аудандық, 1 жүйке аурулар, 1 өкпе аурулар аруханалары мен 1 перзентхана, 1 медициналық жедел жәрдем стансасы, 8 жанұялық дәрігерлік емхана, 5 ауылдық аурухана және 28 басқа да емдеу мекемелері халыққа қызмет жасайды. Ауданнан екі Кеңес Одағының батыры, 16 Социалистік Еңбек Ері шыққан. Сонымен қатар, Арал ауданында мемлекеттік қайраткер Шапақ Артықбаев, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, жазушы-ақын Зейнолла Шүкіров, Қазақстан Республикасының тұңғыш Үкімет басшысы Ұзақбай Қараманов, ғалым-профессор Нажмадин Күнқожаев секілді бүкіл әлемге белгілі қайраткерлер дүниеге келген.  Арал ауданы әкімдігі

Арал ауданы 1929 жылы құрылған. Алғашқы кезде оның құрамына Қамыстыбас және Арал болыстары кірді. 1938 жылғы 29 наурыздан бастап жұмысшы поселкесі қалаға айналды, яғни Арал поселкасы Арал қаласы болып аталды. Ауданның орталығы Арал қаласы. Ауданда 2008 жылғы 1 қаңтарға 72145 адам тұрады. Оның 30622-сі Арал қаласының тұрғындары. Территориясы 52,2 км2.
1921 жылы қазан төңкерісінің көсемі В. И. Ленин (В. Ульянов) Повольже мен Ресейдің орталық аудандарындағы құрғақшылыққа байланысты аштықтан зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнінде Арал балықшыларына әйгілі үндеу-хатын жолдап, көмек беруді сұраған. Аралдықтар бұл Үндеуге жауап ретінде Ресейге 14 вагон балық жіберген. Болшевиктер партиясының көсемі В. И. Ленин аралдықтардың бұл игі ісін зор бағалап, токарлық станок Арал балықшыларына сыйға тартқан. 
1930 жылдары ауданда 17 балық колхозы, 5 балық заводы, 20-дан астам мал колхозы ұйымдасқан. Аудан халқы Ұлы Отан соғысы уақытында де өшпес ерлік, асқақ рухтың үлгісін көрсетті. Ауданнан соғысқа 11 мыңнан астам адам кетіп, оның 6038 елге оралмай, майдан даласында қалды. 2005 жылы Арал боздақтарының рухына арналып аудан орталығының орталық алаңында Тағзым алаңы орнатылды.
Арал теңізі 1963 жылдардан бастап тартыла бастады. Арал теңізінің проблемасы жөнінде Алматы, Ташкент, Нөкіс, Қызылорда және Арал қалаларында мемлекетаралық деңгейде кеңестер өткізілді. Осының нәтижесінде құны 84,0 млн. АҚШ долларын құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы іске асып, жобаның І фазасы 2007 жылы аяқталды. Қазіргі таңда жобаның ІІ фазасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
Бүгінгі таңда ауданда 51 мектеп, 1 аудандық, 1 қалалық мәдениет үйлері, 4 ауылдық мәдениет үйі, 25 ауылдық клуб, 2 демалыс кешені, 6 халықтық ұжымдар, 32 көпшілік кітапхана, 1 аудандық, 1 жүйке аурулар, 1 өкпе аурулар аруханалары мен 1 перзентхана, 1 медициналық жедел жәрдем стансасы, 8 жанұялық дәрігерлік емхана, 5 ауылдық аурухана және 28 басқа да емдеу мекемелері халыққа қызмет жасайды.
Ауданнан екі Кеңес Одағының батыры, 16 Социалистік Еңбек Ері шыққан. Сонымен қатар, Арал ауданында мемлекеттік қайраткер Шапақ Артықбаев, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, жазушы-ақын Зейнолла Шүкіров, Қазақстан Республикасының тұңғыш Үкімет басшысы Ұзақбай Қараманов, ғалым-профессор Нажмадин Күнқожаев секілді бүкіл әлемге белгілі қайраткерлер дүниеге келген. 

Арал ауданы әкімдігі

Бөлісу: