Астанада әйгілі дизайнерлердің алғаш рет өткізіп отырған бірегей жарық шашу шоуы басталды. Жарық шашу шоуы екі жерде де бір уақытта басталып, тиісті музыкалық әуенмен сүйемелденді. «Бәйтерек» монументі жанындағы бір кезеңнің ұзақтығы 8,5 минут, ал жалпы ұзақтығы 2 сағатқа созылды.
Шоуды тамашалауға ғашықтар саябағына жиналғандар мүсінші Мостафа Хади және Пол Марчандисе әзірлеген алып ағаш жұмыртқаны, суретші Курт Вермюлен және сценографшы Маркос Виналс Бассолс жасап шығарған кереметтей анимациялық және динамикалық мүсінді көрді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты ерекшелігі жарық беретін жаңа технологиялар пайдаланылған шоу 1 сәуірге дейін жалғасып, астаналықтар оны кешкі сағат 21.00-де «Бәйтерек» монументі алаңында және Ғашықтар саябағында тамашалай алады.