Түркияда «Төлебаев жылы» басталды

20 Наурыз 2013, 08:34

Өткен аптада Астана мен Алматыдан шыққан делегация өкілдері Түркия еліне аттанып, бірқатар мәдени шараларға қатысып қайтты. Естеріңізге сала кетсек, биыл КСРО ха­лық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті композитор Мұқан Төлебаевтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай былтыр қыркүйек айында Башқұрт­стан Республикасының Уфа қаласында бас қосқан ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер мәдениет министрлері Тұрақты Кеңесі өзара ақыл­даса келе, «2013 жыл – Мұқан Төлебаев жылы» деп жариялаған болатын. Осы ше­шімге сәйкес, үстіміздегі жылы 10-14 нау­рыз аралығында Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының Әлеуметтік-мә­дени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов бастаған, Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Тілеуғали Қышқашбаев қостаған ресми делегация мен ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің журналистері Түркия астанасы – Анкараға жиналды. Арнайы қонақтар мен онға жуық елден келген тілшілерді ресми қабылдаған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қора­байұлы аталмыш ұйымға 20 жыл толып отырғанын, осыған орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру көзделгенін айтып өтті. Әсіресе, соңғы төрт-бес жылда Түркі мәдениетін және өнерін ортақ дамыту мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып, болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. Ақпараттық қолдау білдіріп, жылт еткен жаңалықтарын жұртшылыққа жеткізіп жүрген журналистерге алғысын жеткізді. «Алдағы уақытта та сіздермен қоян-қолтық жұмыс жалғаса береді» деп сенім білдірді. Жарасымды жүздесу, әдемі әңгіме барысында БАҚ өкілдерінің бір­қатар сұрақтарына да жауап бере кетті. Одан соң Мемлекеттік көркемсурет мұра­жайының концерттік залында өтетін Мұқан Төлебаев жылының ресми ашы­луын тамашалауға шақырды. ТҮРКСОЙ және Түркия мәдениет және туризм министрлігі ұйымдас­тыр­ған салтанатты жиынға Түрік Республикасы Мәдениет және туризм министрінің бі­рінші орынбасары Өзгүр Өзаслан, билік басындағы Түрік Республикасы Әділет және даму партиясының Бас хатшысы, Түрік парламенті «Қазақ-түрік тобының» төрағасы Халюк Ипек, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, Түрік Республикасы министрліктері, іскер және академиялық топтарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, Түркия БАҚ өкілдері жиналды. Салтанатты шараны ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ашып, Мұқан Төлебаевтың өмірі мен өнер жолын көпшілікке таныстырды. Қазақ ұлт­тық классикалық музыкасын дамыту­ағы баға жетпес үлесін саралай келе, композитордың шығармашылығы туралы деректі фильмді тамашалауға шақырды. Қазақстан Республикасының Пар­ламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов өз сөзінде: – Мұқан Төлебаев – қазақ мәдениетінің отын сөндірмей, басқа елдермен терезесі тең болуына өлшеусіз үлес қосты. ХХ ғасырда қазақ кәсіби музыкасының негізін қалады. Біздің көп ұлтты мемлекетіміздің беделін биікке асқақтатып, көптеген ән-романстар жазды. Соғыс жылдарындағы әндері бір төбе. Дәстүр арнасынан ауыт­қы­май, қазақ музыкасын еуропалық кә­сіби деңгейге көтерді. М.Төлебаевтың қазақ және түрік әлеміндегі шоқтығы биік шығармаларын түрлі ұлт тыңдаушылары аса жоғары бағалайды. Күні бүгінге дейін «Біржан – Сара» операсы маңыздылығын жоғалтқан емес. Оның қойылымдары көптеген елдерде сахналанып, көрермендер тарапынан үлкен қошеметке бөленді. Ұлтының рухани байлығын өз қолтаңбасы арқылы дамыта білген айтулы тұлғаның атында туған елінде көше, музыка мек­тептері және де басқа ғимараттар бар. Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген азаматқа арнап халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырған Түрік еліне, ТҮРКСОЙ-ға отандастарымыздың атынан шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз, – деді. Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Тілеуғали Қышқашбаев «Мұқан Төлебаев сынды дара композитордың мерейтойы Түрік мемлекетінде тойланып жатқаны біздің еліміз үшін үлкен құрмет» деп атап өтті. Түрік Республикасы Мәдениет және туризм министрінің бірінші орынбасары Өзгүр Өзаслан өз кезегінде жұртшылықты бауырлас Қазақстанның көрнекті өнер қайраткерлерімен таныстырудың маңы­зына тоқталды. Қазақ еліне ұлы ком­позитор М.Төлебаевтың халықтық, сондай-ақ классикалық шығарма­шы­лығымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты. Халюк Ипек мұндай іс-шаралардың түркі әлемінің мәдениеттерін одан әрі жақындастыра түсетінін тілге тиек етті. Одан кейін сөз алған Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев қатысушылар мен қонақтарды құттықтап: –Мұқан Төлебаев – Батыс пен Шы­ғысты жақындата түсетін шебер ком­позитор. Танымал тұлғаларға арналған мұндай іс-шаралардың түркі халық­тарының ұлттық музыкасын танымал етуде және насихаттауда, екіжақты қаты­нас­тарды нығайтудағы рөлі үлкен. Сон­дықтан Түрік Республикасы Мәдениет және туризм министрлігіне көрсеткен қол­дауы үшін ризашылығымызды біл­діреміз, – деді. Түркияның мәдениет қайраткерлері де аталған басқосудың түркі халықтарының ортақ мәдениеті мен өнерін жаңғыртудағы рөлі маңызды екенін алға тартты. Олар түркі мемлекеттерінің рухани әлемін байы­татын осындай мәдени байланыс­тардың үздіксіз жалғаса беруін тіледі. Кештің екінші бөлігі қазақстандық өнер шеберлерінің орындауындағы Мұқан Төлебаевтың туындыларымен жалғасты. Қазақстанның халық артисі Нұржамал Үсенбаеваның, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпованың, Құрманғазы атындағы ұлттық консер­ва­то­рияның арнайы фортепиано кафедра­сының доценті Гүлжан Үзенбаеваның, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының жеке орындаушысы Жанболат Жұмағазиннің және Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің түркі әлемі музыкалық тобының орын­дауында композитордың «Біржан – Сара» операсы, «Поэма», «Толғау», «Ақмарал», «Кестелі орамал», «Тос мені, тос» әндері шыр­қалды. Ел атынан барған өнер ие­леріне тыңдаушылар үлкен қошемет көрсетті. Соңынан ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымға мүше елдердің таңдаулы тіл­шілеріне журналистика саласындағы 2012 жыл қорытындысы бойынша, «Түркі мә­дениетін насихаттауға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы тапсырылды. Марапатталғандар тізімі төмендегідей: 1. Эльчин МИРЗАБЕЙЛИ – «На­родный фронт» газетінің бас редакторы, Әзербайжан. 2. Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ – «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті, Қазақстан. 3. Бақытжан ОМАРОВ – «Қазақстан» ұлттық арнасының Түркия еліндегі арнайы тілшісі. 4. Эмильбек МОМУНОВ – «Хабар» Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігінің ре­дакторы, Қырғызстан. 5. Тыныштыкбек ЧОРОЕВ – Қырғыз тарих қоғамының төрағасы, Тарих ғы­лым­дарының докторы, журналист, Қыр­ғызстан. 6. Бешир АЙВАЗОГЛУ – «Түрік әде­биеті» журналының жауапты хатшысы, Түркия. 7. Йекта КОПАН – «НТВ» арнасының тілшісі, жазушы, Түркия. 8. Самига ГАФАРОВА –«Юлдаш» мем­лекеттік теле-радио компаниясы «Тюркаваз» бағдарламасының редакторы, Башқұртстан. 9. Димитрий ПАПАЗОГЛО – «Единая Гагаузия» газетінің бас редакторы, Молдава. 10. Рузиля МУХАМЕТОВА – Татарстан Республикасының Мәдениет ми­нистрлігінің журналисі. 11. Рушания АЛТАЙ – Түркиядағы «Татар-информ» ақпараттық агенттігінің ресми өкілі. 12. Али ГЮРТЕКИН – «Ватан» ра­диосының директоры. Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ,  Алматы – Ыстамбұл – Анкара – Алматы Айқын

Өткен аптада Астана мен Алматыдан шыққан делегация өкілдері Түркия еліне аттанып, бірқатар мәдени шараларға қатысып қайтты.

Естеріңізге сала кетсек, биыл КСРО ха­лық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті композитор Мұқан Төлебаевтың туғанына – 100 жыл. Осыған орай былтыр қыркүйек айында Башқұрт­стан Республикасының Уфа қаласында бас қосқан ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер мәдениет министрлері Тұрақты Кеңесі өзара ақыл­даса келе, «2013 жыл – Мұқан Төлебаев жылы» деп жариялаған болатын. Осы ше­шімге сәйкес, үстіміздегі жылы 10-14 нау­рыз аралығында Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының Әлеуметтік-мә­дени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов бастаған, Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Тілеуғали Қышқашбаев қостаған ресми делегация мен ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің журналистері Түркия астанасы – Анкараға жиналды.

Арнайы қонақтар мен онға жуық елден келген тілшілерді ресми қабылдаған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қора­байұлы аталмыш ұйымға 20 жыл толып отырғанын, осыған орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру көзделгенін айтып өтті. Әсіресе, соңғы төрт-бес жылда Түркі мәдениетін және өнерін ортақ дамыту мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып, болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. Ақпараттық қолдау білдіріп, жылт еткен жаңалықтарын жұртшылыққа жеткізіп жүрген журналистерге алғысын жеткізді. «Алдағы уақытта та сіздермен қоян-қолтық жұмыс жалғаса береді» деп сенім білдірді. Жарасымды жүздесу, әдемі әңгіме барысында БАҚ өкілдерінің бір­қатар сұрақтарына да жауап бере кетті. Одан соң Мемлекеттік көркемсурет мұра­жайының концерттік залында өтетін Мұқан Төлебаев жылының ресми ашы­луын тамашалауға шақырды.

ТҮРКСОЙ және Түркия мәдениет және туризм министрлігі ұйымдас­тыр­ған салтанатты жиынға Түрік Республикасы Мәдениет және туризм министрінің бі­рінші орынбасары Өзгүр Өзаслан, билік басындағы Түрік Республикасы Әділет және даму партиясының Бас хатшысы, Түрік парламенті «Қазақ-түрік тобының» төрағасы Халюк Ипек, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, Түрік Республикасы министрліктері, іскер және академиялық топтарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, Түркия БАҚ өкілдері жиналды. Салтанатты шараны ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ашып, Мұқан Төлебаевтың өмірі мен өнер жолын көпшілікке таныстырды. Қазақ ұлт­тық классикалық музыкасын дамыту­ағы баға жетпес үлесін саралай келе, композитордың шығармашылығы туралы деректі фильмді тамашалауға шақырды.

Қазақстан Республикасының Пар­ламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов өз сөзінде:

– Мұқан Төлебаев – қазақ мәдениетінің отын сөндірмей, басқа елдермен терезесі тең болуына өлшеусіз үлес қосты. ХХ ғасырда қазақ кәсіби музыкасының негізін қалады. Біздің көп ұлтты мемлекетіміздің беделін биікке асқақтатып, көптеген ән-романстар жазды. Соғыс жылдарындағы әндері бір төбе. Дәстүр арнасынан ауыт­қы­май, қазақ музыкасын еуропалық кә­сіби деңгейге көтерді. М.Төлебаевтың қазақ және түрік әлеміндегі шоқтығы биік шығармаларын түрлі ұлт тыңдаушылары аса жоғары бағалайды. Күні бүгінге дейін «Біржан – Сара» операсы маңыздылығын жоғалтқан емес. Оның қойылымдары көптеген елдерде сахналанып, көрермендер тарапынан үлкен қошеметке бөленді. Ұлтының рухани байлығын өз қолтаңбасы арқылы дамыта білген айтулы тұлғаның атында туған елінде көше, музыка мек­тептері және де басқа ғимараттар бар. Халықтың сүйіспеншілігіне бөленген азаматқа арнап халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырған Түрік еліне, ТҮРКСОЙ-ға отандастарымыздың атынан шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз, – деді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Тілеуғали Қышқашбаев «Мұқан Төлебаев сынды дара композитордың мерейтойы Түрік мемлекетінде тойланып жатқаны біздің еліміз үшін үлкен құрмет» деп атап өтті.

Түрік Республикасы Мәдениет және туризм министрінің бірінші орынбасары Өзгүр Өзаслан өз кезегінде жұртшылықты бауырлас Қазақстанның көрнекті өнер қайраткерлерімен таныстырудың маңы­зына тоқталды. Қазақ еліне ұлы ком­позитор М.Төлебаевтың халықтық, сондай-ақ классикалық шығарма­шы­лығымен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын айтты.

Халюк Ипек мұндай іс-шаралардың түркі әлемінің мәдениеттерін одан әрі жақындастыра түсетінін тілге тиек етті.

Одан кейін сөз алған Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев қатысушылар мен қонақтарды құттықтап:

–Мұқан Төлебаев – Батыс пен Шы­ғысты жақындата түсетін шебер ком­позитор. Танымал тұлғаларға арналған мұндай іс-шаралардың түркі халық­тарының ұлттық музыкасын танымал етуде және насихаттауда, екіжақты қаты­нас­тарды нығайтудағы рөлі үлкен. Сон­дықтан Түрік Республикасы Мәдениет және туризм министрлігіне көрсеткен қол­дауы үшін ризашылығымызды біл­діреміз, – деді.

Түркияның мәдениет қайраткерлері де аталған басқосудың түркі халықтарының ортақ мәдениеті мен өнерін жаңғыртудағы рөлі маңызды екенін алға тартты. Олар түркі мемлекеттерінің рухани әлемін байы­татын осындай мәдени байланыс­тардың үздіксіз жалғаса беруін тіледі.

Кештің екінші бөлігі қазақстандық өнер шеберлерінің орындауындағы Мұқан Төлебаевтың туындыларымен жалғасты. Қазақстанның халық артисі Нұржамал Үсенбаеваның, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпованың, Құрманғазы атындағы ұлттық консер­ва­то­рияның арнайы фортепиано кафедра­сының доценті Гүлжан Үзенбаеваның, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының жеке орындаушысы Жанболат Жұмағазиннің және Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің түркі әлемі музыкалық тобының орын­дауында композитордың «Біржан – Сара» операсы, «Поэма», «Толғау», «Ақмарал», «Кестелі орамал», «Тос мені, тос» әндері шыр­қалды. Ел атынан барған өнер ие­леріне тыңдаушылар үлкен қошемет көрсетті.

Соңынан ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымға мүше елдердің таңдаулы тіл­шілеріне журналистика саласындағы 2012 жыл қорытындысы бойынша, «Түркі мә­дениетін насихаттауға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы тапсырылды.

Марапатталғандар тізімі төмендегідей:

1. Эльчин МИРЗАБЕЙЛИ – «На­родный фронт» газетінің бас редакторы, Әзербайжан.

2. Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ – «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті, Қазақстан.

3. Бақытжан ОМАРОВ – «Қазақстан» ұлттық арнасының Түркия еліндегі арнайы тілшісі.

4. Эмильбек МОМУНОВ – «Хабар» Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігінің ре­дакторы, Қырғызстан.

5. Тыныштыкбек ЧОРОЕВ – Қырғыз тарих қоғамының төрағасы, Тарих ғы­лым­дарының докторы, журналист, Қыр­ғызстан.

6. Бешир АЙВАЗОГЛУ – «Түрік әде­биеті» журналының жауапты хатшысы, Түркия.

7. Йекта КОПАН – «НТВ» арнасының тілшісі, жазушы, Түркия.

8. Самига ГАФАРОВА –«Юлдаш» мем­лекеттік теле-радио компаниясы «Тюркаваз» бағдарламасының редакторы, Башқұртстан.

9. Димитрий ПАПАЗОГЛО – «Единая Гагаузия» газетінің бас редакторы, Молдава.

10. Рузиля МУХАМЕТОВА – Татарстан Республикасының Мәдениет ми­нистрлігінің журналисі.

11. Рушания АЛТАЙ – Түркиядағы «Татар-информ» ақпараттық агенттігінің ресми өкілі.

12. Али ГЮРТЕКИН – «Ватан» ра­диосының директоры.

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ,  Алматы – Ыстамбұл – Анкара – Алматы

Айқын

Бөлісу: