Америкалық суретші әрі бизнесмен конус пішінді үй құрастырып шығармақшы

19 Наурыз 2013, 12:28

Америкалық суретші-бизнесмен Сэймур Кортвельче конус пішінді үй құрастырып, тұтынушыларға өткізуді ойластыруда. «Қазақстанға алғаш келгенімде киіз үйге қызығушылық таныттым. Жайлы, тынығуға ыңғайлы екен. Ал оны құрастыру өте қиын екеніне көзім жетті», - дейді С. Кортвельче. Суретші-бизнесменнің айтуынша, конус пішінді жылжымалы үйге АҚШ-та сұраныс мол. Тіпті баспанасыз қалғандар осындай үйде тұрады екен. Сэймур Кортвельче жақында Ресейден келді. Сонда ол киіз үй бағасының 5-10 мың доллар аралығында болғанын айтады. Ал суртеші-бизнесмен өзі құрастырып шығаратын конус пішінді үйінің бағасын құпия ұстап отыр. Конус пішінді үйін әуелі Ресейге, сосын біздің елге сатады. Егемен Қазақстан

Америкалық суретші-бизнесмен Сэймур Кортвельче конус пішінді үй құрастырып, тұтынушыларға өткізуді ойластыруда.
«Қазақстанға алғаш келгенімде киіз үйге қызығушылық таныттым. Жайлы, тынығуға ыңғайлы екен. Ал оны құрастыру өте қиын екеніне көзім жетті», - дейді С. Кортвельче.
Суретші-бизнесменнің айтуынша, конус пішінді жылжымалы үйге АҚШ-та сұраныс мол. Тіпті баспанасыз қалғандар осындай үйде тұрады екен.
Сэймур Кортвельче жақында Ресейден келді. Сонда ол киіз үй бағасының 5-10 мың доллар аралығында болғанын айтады. Ал суртеші-бизнесмен өзі құрастырып шығаратын конус пішінді үйінің бағасын құпия ұстап отыр. Конус пішінді үйін әуелі Ресейге, сосын біздің елге сатады.

Егемен Қазақстан

Бөлісу: