Павлодар қаласы

18 Наурыз 2013, 05:44

Павлодар қаласының тарихы 1720 жылдан бастау алады. Осы уақытта Ертіс өзенінде Коряков форпосты пайда болады, бұл атауға ие болу себебі Коряков өзенінде табылған тұзға байланысты. 1838 жылы ол Коряков елді мекеніне айналады, ал 1861 жылдың сәуір айында Коряковка «Павлодар атты штаттан тыс қала» деген мәртебеге ие болады. 200 жылдан астам кезең ішіндегі қала тарихында көптеген өзгерістер болып өтті. Қазіргі заманға сай, жасыл әрі әсем, ол Қазақстанның ең әдемі қалаларының біріне айналды. Бүгін Павлодар қаласы - Ертіс өзені жағасы жазығында, Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан облыстағы ең үлкен қала болып саналады. Қаланың құрамына Ленин кенті, Мойылды, Павлодар ауылдары, Кенжекөл ауылдық округі сияқты елді мекендері кіреді. Қаланың аумағы 637,8 мың шаршы км. құрайды. Қалалық әкімдік пен қалалық мәслихат жергілікті басқару органдары болып табылады. Қаланың қалалық және ауылдық мекендерінде 331 мыңнан аса адам тұрады. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар - 36,7%, орыстар - 47,2%, өзге ұлттар - 16,1%. Теміржол мен автомагистральдар тоғысқан қиылыста орналасқан Павлодар қаласы облыстың барлық елді мекендерімен, Қазақстанның облыстық орталықтарымен, таяу және алыс шетел (Ресей Федерациясы, ҚХР, Германия) елдерінің қалаларымен транзиттік мүмкіндікке ие. Қала әуежайынан республика бойынша, сондай-ақ, Ресейге, Германияға, Түркияға, Қытай мен Араб Эмираттарына үздіксіз әуе рейстері ұшып тұрады. Қуатты өнеркәсіптік, экономикасы мен мәдениеті дамыған орталық болып табылатын Павлодар өзінің әлеуеті бойынша республикада жетекші орындардың бірін иеленеді. Павлодарда экспортты бағыты бар болат пен бүтін құбырларды жасап шығаратын металлургиялық кәсіпорындар, сондай-ақ, мұнай өңдеу, электрлік, электрондық және оптикалық жабдықтарды жасап шығаратын, қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлік саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер экономиканың аталған секторында қалыптасып жатқан оң үрдістердің айғағы. Шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндердің саны 35 843 адам немесе Павлодар қаласының экономикалық белсенді халқының жалпы санынан 19,7% құрайды. Бюджетке түсімдердің көлемі 5335 млн. теңгені құрады. Павлодар қаласының білім беру жүйесі түрлі бағыттағы оқу мекемелерінің желісі болып табылады. Оның ішіне мынадай білім беру мекемелері (49 жалпы білім беру мемлекеттік мектептері, 48 мектепке дейінгі ұйым, 27 колледж, 14 кәсіби мектеп пен лицейлер, 11 мектептен тыс ұйымдар және т.б.) кіреді. Білім берудің мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарында оқитын балалар мен жасөспірімдер саны 44 994, оның ішінде 12 136 - бала бақшадағы балалар. Балаларды мемлекеттік тілде оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарының жүйесі дамуда, қалада мемлекеттік тілде тәрбие беретін 9 бала бақша бар, аралас тілде - 34, олардың ішінде 4 847-ден астам бала мемлекеттік тілде тәрбиеленеді. Қазақ тілінде білім беретін 5 мектеп пен 20 аралас мектептерде мемлекеттік тілде 8 100 оқушы білім алады. Қалада С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педогогикалық институты, Еуразия инновациялық университеті, арнаулы оқу мекемелері қызмет етеді. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Павлодар қаласының тарихы 1720 жылдан бастау алады. Осы уақытта Ертіс өзенінде Коряков форпосты пайда болады, бұл атауға ие болу себебі Коряков өзенінде табылған тұзға байланысты. 1838 жылы ол Коряков елді мекеніне айналады, ал 1861 жылдың сәуір айында Коряковка «Павлодар атты штаттан тыс қала» деген мәртебеге ие болады.

200 жылдан астам кезең ішіндегі қала тарихында көптеген өзгерістер болып өтті. Қазіргі заманға сай, жасыл әрі әсем, ол Қазақстанның ең әдемі қалаларының біріне айналды. Бүгін Павлодар қаласы - Ертіс өзені жағасы жазығында, Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан облыстағы ең үлкен қала болып саналады. Қаланың құрамына Ленин кенті, Мойылды, Павлодар ауылдары, Кенжекөл ауылдық округі сияқты елді мекендері кіреді. Қаланың аумағы 637,8 мың шаршы км. құрайды.

Қалалық әкімдік пен қалалық мәслихат жергілікті басқару органдары болып табылады. Қаланың қалалық және ауылдық мекендерінде 331 мыңнан аса адам тұрады. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар - 36,7%, орыстар - 47,2%, өзге ұлттар - 16,1%.

Теміржол мен автомагистральдар тоғысқан қиылыста орналасқан Павлодар қаласы облыстың барлық елді мекендерімен, Қазақстанның облыстық орталықтарымен, таяу және алыс шетел (Ресей Федерациясы, ҚХР, Германия) елдерінің қалаларымен транзиттік мүмкіндікке ие. Қала әуежайынан республика бойынша, сондай-ақ, Ресейге, Германияға, Түркияға, Қытай мен Араб Эмираттарына үздіксіз әуе рейстері ұшып тұрады.

Қуатты өнеркәсіптік, экономикасы мен мәдениеті дамыған орталық болып табылатын Павлодар өзінің әлеуеті бойынша республикада жетекші орындардың бірін иеленеді. Павлодарда экспортты бағыты бар болат пен бүтін құбырларды жасап шығаратын металлургиялық кәсіпорындар, сондай-ақ, мұнай өңдеу, электрлік, электрондық және оптикалық жабдықтарды жасап шығаратын, қайта өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары жұмыс істейді.

Шағын кәсіпкерлік саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер экономиканың аталған секторында қалыптасып жатқан оң үрдістердің айғағы. Шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндердің саны 35 843 адам немесе Павлодар қаласының экономикалық белсенді халқының жалпы санынан 19,7% құрайды. Бюджетке түсімдердің көлемі 5335 млн. теңгені құрады.

Павлодар қаласының білім беру жүйесі түрлі бағыттағы оқу мекемелерінің желісі болып табылады. Оның ішіне мынадай білім беру мекемелері (49 жалпы білім беру мемлекеттік мектептері, 48 мектепке дейінгі ұйым, 27 колледж, 14 кәсіби мектеп пен лицейлер, 11 мектептен тыс ұйымдар және т.б.) кіреді. Білім берудің мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарында оқитын балалар мен жасөспірімдер саны 44 994, оның ішінде 12 136 - бала бақшадағы балалар.

Балаларды мемлекеттік тілде оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарының жүйесі дамуда, қалада мемлекеттік тілде тәрбие беретін 9 бала бақша бар, аралас тілде - 34, олардың ішінде 4 847-ден астам бала мемлекеттік тілде тәрбиеленеді. Қазақ тілінде білім беретін 5 мектеп пен 20 аралас мектептерде мемлекеттік тілде 8 100 оқушы білім алады.

Қалада С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педогогикалық институты, Еуразия инновациялық университеті, арнаулы оқу мекемелері қызмет етеді.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу: