Египетте көне күн сағаты табылды

15 Наурыз 2013, 05:18

Базель университетінің ғалымдары Египетте әлемдегі ең көне күн сағаттардың бірін тапты.  3,3 мың жыл бұрын қолданыста болған сағатты археолог-ғалымдар Патшалар Алқабы деп аталатын мазар маңынан тапқан. Көне жәдігер шеңбер тәріздес және көлемі ас ішетін ыдыстың үлкендігіндей. Ішіне қара бояумен жарты шеңбер кескінделген, сондай-ақ 12 бірдей бөлікке бөлінген. Сағаттың ортасындағы ойықтың тереңдігі 16 сантиметр. Ішінде ағаштан немесе металдан жасалған тілі болған. Күн сәулесі сағатқа түскен кезде, әлгі тілдің көлеңкесі уақытты шамамен анықтаған көрінеді. Құнды жәдігер пирамида соғумен айналысқанг жұмысшылардың тас үйінің қасынан табылған. Бұл жайында «Интерфакс» хабарлады. BAQ.kz

Базель университетінің ғалымдары Египетте әлемдегі ең көне күн сағаттардың бірін тапты. 

3,3 мың жыл бұрын қолданыста болған сағатты археолог-ғалымдар Патшалар Алқабы деп аталатын мазар маңынан тапқан. Көне жәдігер шеңбер тәріздес және көлемі ас ішетін ыдыстың үлкендігіндей. Ішіне қара бояумен жарты шеңбер кескінделген, сондай-ақ 12 бірдей бөлікке бөлінген.

Сағаттың ортасындағы ойықтың тереңдігі 16 сантиметр. Ішінде ағаштан немесе металдан жасалған тілі болған. Күн сәулесі сағатқа түскен кезде, әлгі тілдің көлеңкесі уақытты шамамен анықтаған көрінеді.
Құнды жәдігер пирамида соғумен айналысқанг жұмысшылардың тас үйінің қасынан табылған. Бұл жайында «Интерфакс» хабарлады.

BAQ.kz

Бөлісу: