Аймақ статистикасы

15 Наурыз 2013, 04:19

Павлодар облысы ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөлімшелері 2012 жылдың 11 айындағы қызметінің негізгі нәтижелері туралы анықтама 2012 жылдың 11 айы ішінде облыс аумағына 37204 шетел азаматы уақытша тіркелді (2011 ж. – 86539, -45,7%), олардың ішінде 2684 – алыс шетел, 34520 – ТМД елдерінің азаматтары. Шетелдіктердің басым бөлігі – 35427 немесе 95,2%-ы облыс аумағына жеке мақсатпен, 1292 – қызметтік істер бойынша, 420 – жұмысқа және 65-і турист ретінде келген.   Есептік кезеңде қабылданған шаралар заңсыз көші-қонға барынша жол бермеуге және жалпы облыста тұрақты көші-қон жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Көші-қонды бақылау барысында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 2494 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2011 ж. – 3444). Сотқа әкімшілік құқықбұзушылық туралы 1223 іс жіберілді (2011 ж. – 975), оларды қарау нәтижесінде сот 100 шетелдіктерді елден тыс шығару бойынша шешімдер қабылдады (2011 ж. – 207). Шетел жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілері бойынша ҚР ӘҚБК 396-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 63 құқықбұзушы тартылды (2011 ж. – 47), оның ішінде 50 жұмыс беруші, сонымен қатар 224 заңсыз еңбек иммигранттары, олардың 13-і елден шығарылды. Қазақстан Республикасында жеке басын куәландыратын құжатсыз немесе жарамсыз құжаттармен тұрақты тұрғаны үшін ҚР ӘҚБК 377-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 2494 Қазақстан Республикасы азаматы және 39 шетелдік азамат тартылды. Көші-қон заңнамаларын бұзу фактілері бойынша 17 қылмыстық іс (2011 ж. – 23), оның ішінде 13-і елден кету туралы шешімін орындамау бойынша (ҚР ҚК 330-1 б.), 4-і мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз өту фактісі бойынша (ҚР ҚК 330 б.) қозғалды. Есептік кезеңде қабылданған шаралар арқылы іздестіруде болған 205 алимент төлемеушілердің 161-і (78,5%) және 375 қарызгердің 292-і (77,8%) анықталды. Елден тұрақты тұруға кету, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалу, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері, сондай-ақ, құжаттандыру және тіркеу бойынша азаматтардың қолдаухаттарын қарастыру жұмысы жүргізілуде. 2012 жылдың 11 айы ішінде 3563 облыс тұрғынына Қазақстан Республикасынан тыс шетелдерге тұрақты тұруға кетуге материалдар ресімделіп, рұқсат берілді (2011 ж. – 3435, +3,6%), оның ішінде 151 (2011 ж. – 242) – алыс шетелдерге, 3412 (2011 ж. – 3193) ТМД елдеріне кетті. 956 шетел азаматы және азаматтығы жоқ тұлғалар облыс аумағында тұрақты тұруға тіркелді, оның ішінде 352-і оралмандар. Қазіргі уақытта облыста 410 алыс шетелдік, 4566 ТМД елдерінің азаматтары және 404 азаматтығы жоқ адамдар тұрақты тұрады. Есептік кезеңде өтініштерді қарастыру нәтижесінде 178 ұлты қазақ шетелдік отбасына (450 адам) оралман мәртебесі берілді. Қазақстан Республикасының азаматтығына 303 (2011 ж. – 1167) шетел азаматтары, оның ішінде 189 оралмандар (2011 ж. – 527) қабылданды. Қазақстандық азаматтығына тиістілігін тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту бойынша 101 материал тіркелді (2011 ж. – 106). Ағымдағы жылдың басынан бастап жеке куәліктермен және төлқұжаттармен 76188 облыс тұрғындары құжаттандырылды, тұрақты мекенжайлары бойынша 125271 азамат тіркелді, 39481 азамат тіркеуден шығарылды, 69555 жеке куәліктер мен төлқұжат берілді. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөлімшелері 2012 жылдың 11 айындағы қызметінің негізгі нәтижелері туралы анықтама 2012 жылдың 11 айы ішінде облыс аумағына 37204 шетел азаматы уақытша тіркелді (2011 ж. – 86539, -45,7%), олардың ішінде 2684 – алыс шетел, 34520 – ТМД елдерінің азаматтары. Шетелдіктердің басым бөлігі – 35427 немесе 95,2%-ы облыс аумағына жеке мақсатпен, 1292 – қызметтік істер бойынша, 420 – жұмысқа және 65-і турист ретінде келген.
 

Есептік кезеңде қабылданған шаралар заңсыз көші-қонға барынша жол бермеуге және жалпы облыста тұрақты көші-қон жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Көші-қонды бақылау барысында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 2494 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2011 ж. – 3444). Сотқа әкімшілік құқықбұзушылық туралы 1223 іс жіберілді (2011 ж. – 975), оларды қарау нәтижесінде сот 100 шетелдіктерді елден тыс шығару бойынша шешімдер қабылдады (2011 ж. – 207).

Шетел жұмыс күшін заңсыз пайдалану фактілері бойынша ҚР ӘҚБК 396-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 63 құқықбұзушы тартылды (2011 ж. – 47), оның ішінде 50 жұмыс беруші, сонымен қатар 224 заңсыз еңбек иммигранттары, олардың 13-і елден шығарылды.

Қазақстан Республикасында жеке басын куәландыратын құжатсыз немесе жарамсыз құжаттармен тұрақты тұрғаны үшін ҚР ӘҚБК 377-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 2494 Қазақстан Республикасы азаматы және 39 шетелдік азамат тартылды.

Көші-қон заңнамаларын бұзу фактілері бойынша 17 қылмыстық іс (2011 ж. – 23), оның ішінде 13-і елден кету туралы шешімін орындамау бойынша (ҚР ҚК 330-1 б.), 4-і мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз өту фактісі бойынша (ҚР ҚК 330 б.) қозғалды.

Есептік кезеңде қабылданған шаралар арқылы іздестіруде болған 205 алимент төлемеушілердің 161-і (78,5%) және 375 қарызгердің 292-і (77,8%) анықталды.

Елден тұрақты тұруға кету, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалу, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері, сондай-ақ, құжаттандыру және тіркеу бойынша азаматтардың қолдаухаттарын қарастыру жұмысы жүргізілуде. 2012 жылдың 11 айы ішінде 3563 облыс тұрғынына Қазақстан Республикасынан тыс шетелдерге тұрақты тұруға кетуге материалдар ресімделіп, рұқсат берілді (2011 ж. – 3435, +3,6%), оның ішінде 151 (2011 ж. – 242) – алыс шетелдерге, 3412 (2011 ж. – 3193) ТМД елдеріне кетті.

956 шетел азаматы және азаматтығы жоқ тұлғалар облыс аумағында тұрақты тұруға тіркелді, оның ішінде 352-і оралмандар. Қазіргі уақытта облыста 410 алыс шетелдік, 4566 ТМД елдерінің азаматтары және 404 азаматтығы жоқ адамдар тұрақты тұрады.

Есептік кезеңде өтініштерді қарастыру нәтижесінде 178 ұлты қазақ шетелдік отбасына (450 адам) оралман мәртебесі берілді.

Қазақстан Республикасының азаматтығына 303 (2011 ж. – 1167) шетел азаматтары, оның ішінде 189 оралмандар (2011 ж. – 527) қабылданды. Қазақстандық азаматтығына тиістілігін тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту бойынша 101 материал тіркелді (2011 ж. – 106).

Ағымдағы жылдың басынан бастап жеке куәліктермен және төлқұжаттармен 76188 облыс тұрғындары құжаттандырылды, тұрақты мекенжайлары бойынша 125271 азамат тіркелді, 39481 азамат тіркеуден шығарылды, 69555 жеке куәліктер мен төлқұжат берілді.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу: