Әлияның ізбасарлары Шмиденде жүлде алды

14 Наурыз 2013, 11:41

Германияның Шмиден қаласында көркем гимнастикадан халықаралық турнир аяқталып, қазақ гимнасшылары жоғары нәтиже тіркеді. Халықаралық көркем гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен өтетін турнирге әлемнің оннан аса мемлекетінен спортшылар қатысып, жүлдегерлерді анықтаған болатын. Ересектер арасында сынға түскен Әлия Асымова доппен жаттығуда 2-і, күрзімен (булавы) жаттығуда 3-і нәтиже тіркеді. Жалпы есепте Яна Березко Маргграндер есімді неміс қызы бірінші орынды жеңіп алды. Жасөспірімдер додасында жақында ғана Мәскеу жеріндегі "Гран При" додасында төртінші орын алған Айдана Сарыбай сынға түсіп, күрзімен (булавы) жаттығуда күміс жүлде иеленді. Айданадан бөлек сайысқа түскен тағы бір жерлесіміз Елизавета Майновская шығыршықпен жаттығуда үздік үштікті тұйықтап, қола медаль жеңіп алды. Дереккөз: alasharena.kz  

Германияның Шмиден қаласында көркем гимнастикадан халықаралық турнир аяқталып, қазақ гимнасшылары жоғары нәтиже тіркеді. Халықаралық көркем гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен өтетін турнирге әлемнің оннан аса мемлекетінен спортшылар қатысып, жүлдегерлерді анықтаған болатын. Ересектер арасында сынға түскен Әлия Асымова доппен жаттығуда 2-і, күрзімен (булавы) жаттығуда 3-і нәтиже тіркеді. Жалпы есепте Яна Березко Маргграндер есімді неміс қызы бірінші орынды жеңіп алды.

Жасөспірімдер додасында жақында ғана Мәскеу жеріндегі "Гран При" додасында төртінші орын алған Айдана Сарыбай сынға түсіп, күрзімен (булавы) жаттығуда күміс жүлде иеленді.

Айданадан бөлек сайысқа түскен тағы бір жерлесіміз Елизавета Майновская шығыршықпен жаттығуда үздік үштікті тұйықтап, қола медаль жеңіп алды.

Дереккөз: alasharena.kz

 

Бөлісу: