Бүгін Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толды

13 Наурыз 2013, 09:18

Бүгін қазақтың ұлы композиторы Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы осы 2013 жылды Мұқан Төлебаев жылы деп жариялады. Бұл туралы шешім былтыр Уфада өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің басқосуында қабылданған болатын. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Мұқан Төлебаев 1913 жылғы 13 наурызда Талдықорған облысы, Бөрлітөбе Қарашаған ауылында туған. 1933 жылы еңбек жолын бастаған ол 1938 жылы Мәскеу консерваториясы жанындағы Қазақ студиясында оқуға түсіп, Ұлы Отан соғысына байланысты оны тек 1951 жылы ғана бітіріп шығады. Бұдан кейінгі жылдары Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері (1942-1944 ж.ж.), Абай атындағы академиялық опера және балет театрының директоры (1955-1956 ж.ж.), Қазақстан композиторлар одағының төрағасы (1953-1955 және 1959-1960 ж.ж.) қызметтерін атқарған. КСРО Композиторлар одағының басқарма мүшесі және КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған ол 1945 жылы Е.Брусиловский және Л.Хамидимен бірге Қазақ КСР Мемлекеттік әнұранының музыкасы авторларының бірі болды. Еуропалық үлгідегі кәсіби музыкаың негізін қалаушылардың бірі, композитор Мұқан Төлебаевтың 100-ден астам шығармасы бар. Сондай-ақ спектакльдер мен кинофильмдерге музыкалар, кантаталар, опералар, камералық-аспаптық туындылар және хорға арналған симфониялық шығармалар жазды. Олардың ішінде «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповтің либреттосы) операсы, «Қазақстан» симфониялық поэмасы мен «Коммунизм оты» кантатасы сияқты шығармалары шоқтығы биік туынды. Оның «Біржан-Сара» операсы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болған. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің екінші онкүндігі барысында Мұқаңның «Біржан - Сара» операсы орындалып, Роза Жаманова (Сара) мен Мұқан Төлебаевқа КСРО халық әртістері атағы берілген. Оның мол мұрасы – қазақ мәдениетінің асыл қазынасы, таусылмас байлығы болып қала бермек. Биыл тума таланттың құрметіне Қазақстанда және Түркияның бірнеше қаласында маңызды мәдени шаралардың өткізілу жоспарланып отырғандығын, сондай-ақ, ТҮРКСОЙ ұйымдастырып өткізетін жыл сайынғы дәстүрлі опера күндері аясында түркі елдерінің белгілі өнер қайраткерлері мен әншілері Мұқан Төлебаевтың шығармаларын орындайтындығын да Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауда. BAQ.kz

Бүгін қазақтың ұлы композиторы Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы осы 2013 жылды Мұқан Төлебаев жылы деп жариялады. Бұл туралы шешім былтыр Уфада өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің басқосуында қабылданған болатын. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мұқан Төлебаев 1913 жылғы 13 наурызда Талдықорған облысы, Бөрлітөбе Қарашаған ауылында туған. 1933 жылы еңбек жолын бастаған ол 1938 жылы Мәскеу консерваториясы жанындағы Қазақ студиясында оқуға түсіп, Ұлы Отан соғысына байланысты оны тек 1951 жылы ғана бітіріп шығады. Бұдан кейінгі жылдары Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері (1942-1944 ж.ж.), Абай атындағы академиялық опера және балет театрының директоры (1955-1956 ж.ж.), Қазақстан композиторлар одағының төрағасы (1953-1955 және 1959-1960 ж.ж.) қызметтерін атқарған. КСРО Композиторлар одағының басқарма мүшесі және КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған ол 1945 жылы Е.Брусиловский және Л.Хамидимен бірге Қазақ КСР Мемлекеттік әнұранының музыкасы авторларының бірі болды.

Еуропалық үлгідегі кәсіби музыкаың негізін қалаушылардың бірі, композитор Мұқан Төлебаевтың 100-ден астам шығармасы бар. Сондай-ақ спектакльдер мен кинофильмдерге музыкалар, кантаталар, опералар, камералық-аспаптық туындылар және хорға арналған симфониялық шығармалар жазды. Олардың ішінде «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповтің либреттосы) операсы, «Қазақстан» симфониялық поэмасы мен «Коммунизм оты» кантатасы сияқты шығармалары шоқтығы биік туынды. Оның «Біржан-Сара» операсы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болған. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің екінші онкүндігі барысында Мұқаңның «Біржан - Сара» операсы орындалып, Роза Жаманова (Сара) мен Мұқан Төлебаевқа КСРО халық әртістері атағы берілген. Оның мол мұрасы – қазақ мәдениетінің асыл қазынасы, таусылмас байлығы болып қала бермек.

Биыл тума таланттың құрметіне Қазақстанда және Түркияның бірнеше қаласында маңызды мәдени шаралардың өткізілу жоспарланып отырғандығын, сондай-ақ, ТҮРКСОЙ ұйымдастырып өткізетін жыл сайынғы дәстүрлі опера күндері аясында түркі елдерінің белгілі өнер қайраткерлері мен әншілері Мұқан Төлебаевтың шығармаларын орындайтындығын да Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауда.

BAQ.kz

Бөлісу: