2018 жылы Қазақстан шахматтан дүниежүзілік чемпионат өткізеді

13 Наурыз 2013, 04:00

«2014 жылы ФИДЕ күнтізбесі бойынша бізде шахмат ойындарынан Гран-при өтеді деп жоспарланып еді. ҚР Шахмат Федерациясының президенті Әсет Исекешевтің халықаралық шахмат федерациясының басшысы (ФИДЕ) Кирсан Илюмжиновпен кездесуі барысында шешім қабылданып, 2017 жылы шахматтан Гран-при, ал 2018 жылы Қазақстанда дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтеді»,-деді Мұқажанова, журналистердің сауалдарына жауап беру барысында. Естеріңізге сала кетейік, ФИДЕ 2018 жылы ерлер арасындағы шахматтан өтетін дүниежүзілік олипиаданы өткізу туралы Астананың өтінішін 2014 жылдың тамыз айында ғана қарастырамыз деген болатын. Илюмжиновтың пайымдауынша, бұл жеңіс Қазақстанға бұйруы ықтимал. Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне енгізіген инфрақұрылымдарды Дүниежүзілік шахмат олимпиадасын өткізуге де қолдануға болады деп отыр ол. BAQ.kz

«2014 жылы ФИДЕ күнтізбесі бойынша бізде шахмат ойындарынан Гран-при өтеді деп жоспарланып еді.

ҚР Шахмат Федерациясының президенті Әсет Исекешевтің халықаралық шахмат федерациясының басшысы (ФИДЕ) Кирсан Илюмжиновпен кездесуі барысында шешім қабылданып, 2017 жылы шахматтан Гран-при, ал 2018 жылы Қазақстанда дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтеді»,-деді Мұқажанова, журналистердің сауалдарына жауап беру барысында.

Естеріңізге сала кетейік, ФИДЕ 2018 жылы ерлер арасындағы шахматтан өтетін дүниежүзілік олипиаданы өткізу туралы Астананың өтінішін 2014 жылдың тамыз айында ғана қарастырамыз деген болатын. Илюмжиновтың пайымдауынша, бұл жеңіс Қазақстанға бұйруы ықтимал. Астанада 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне енгізіген инфрақұрылымдарды Дүниежүзілік шахмат олимпиадасын өткізуге де қолдануға болады деп отыр ол.

BAQ.kz

Бөлісу: