Облыс тарихы

12 Наурыз 2013, 03:14

Ақмола облысы 1939 жылы құрылды. Отыз жылға жуық (1961 - 92 жылдары) Целионград облысы болып аталды. Шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай, солтүстігінде Солтүстік Қазақстанмен шектесетін республикамыздың орталығында орналасқан облыс. Облыстың алып жатқан жер көлемі республика аумағының 5,4 пайызын құрайды. 2009 жылғы санақ бойынша халқының саны 739,4 мың адамды құраған. Одан бері халық санының өсімі мейлінше байқалған. Халықтың тығыздығы 1 шаршы метрге 5,1 адамнан келеді. Облыс құрамында облыстық маңызы бар 2 қала: Көкшетау және Степногорск, 17 ауылдық аудан, аудандық бағыныстағы 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Щучье), 5 поселке және 253 ауылдық округі бар. Аудандық бағыныстағы 8 қала: Ақкөл, Атбасар, Державинск, Есіл, Ерейментау, Макинск, Степняк, Щучье. 17 ауылдық ауданның тізімі: 1. Ақкөл ауданы 2. Аршалы ауданы 3. Астрахан ауданы 4. Атбасар ауданы 5. Бұланды ауданы 6. Егіндікөл ауданы 7. Еңбекшілдер ауданы 8. Ерейментау ауданы 9. Есіл ауданы 10. Жақсы ауданы 11. Жарқайың ауданы 12. Зеренді ауданы 13. Қорғалжын ауданы 14. Сандықтау ауданы 15. Целиноград ауданы 16. Шортанды ауданы 17. Бурабай (Щучье) ауданы Ақмола облысы - Қазақстан Республикасының негізгі ауыл шаруашылық аймақтарының бірі. Облыстағы ауыл шаруышылығының негізгі бағыты дәнді астықты өндіру. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз етудегі экономика саласының динамикалық өсуі үшін, облыста «2009-2011 жылдардағы Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешендердің тұрақты дамуы бойынша кешендер шаралары» және «2007-2010 жылдардағы Ақмола облысының ауылдық аумақтарын дамыту» аймақтық бағдарламалар жүзеге асырылды. Облыс, республикадағы ауыл шаруашылық өндірісі және өнімдерді қайта өндеу бойынша жетекші аймақтардың бірі бола отырып, сонымен қатар, кен өндіру саласындағы негізгі өнеркәсіптер, машина жасау, түсті металлургия, ауыл шаруашылық өнімін қайта өндеудегі маңызды өнеркәсіптік әлеуетке ие. Дереккөзі: Ақмола облысы әкімдігінің ресми сайты

Ақмола облысы 1939 жылы құрылды. Отыз жылға жуық (1961 - 92 жылдары) Целионград облысы болып аталды. Шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай, солтүстігінде Солтүстік Қазақстанмен шектесетін республикамыздың орталығында орналасқан облыс. Облыстың алып жатқан жер көлемі республика аумағының 5,4 пайызын құрайды. 2009 жылғы санақ бойынша халқының саны 739,4 мың адамды құраған. Одан бері халық санының өсімі мейлінше байқалған. Халықтың тығыздығы 1 шаршы метрге 5,1 адамнан келеді.

Облыс құрамында облыстық маңызы бар 2 қала: Көкшетау және Степногорск, 17 ауылдық аудан, аудандық бағыныстағы 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Щучье), 5 поселке және 253 ауылдық округі бар.

Аудандық бағыныстағы 8 қала: Ақкөл, Атбасар, Державинск, Есіл, Ерейментау, Макинск, Степняк, Щучье.

17 ауылдық ауданның тізімі:

1. Ақкөл ауданы
2. Аршалы ауданы
3. Астрахан ауданы
4. Атбасар ауданы
5. Бұланды ауданы
6. Егіндікөл ауданы
7. Еңбекшілдер ауданы
8. Ерейментау ауданы
9. Есіл ауданы
10. Жақсы ауданы
11. Жарқайың ауданы
12. Зеренді ауданы
13. Қорғалжын ауданы
14. Сандықтау ауданы
15. Целиноград ауданы
16. Шортанды ауданы
17. Бурабай (Щучье) ауданы

Ақмола облысы - Қазақстан Республикасының негізгі ауыл шаруашылық аймақтарының бірі. Облыстағы ауыл шаруышылығының негізгі бағыты дәнді астықты өндіру. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз етудегі экономика саласының динамикалық өсуі үшін, облыста «2009-2011 жылдардағы Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешендердің тұрақты дамуы бойынша кешендер шаралары» және «2007-2010 жылдардағы Ақмола облысының ауылдық аумақтарын дамыту» аймақтық бағдарламалар жүзеге асырылды.

Облыс, республикадағы ауыл шаруашылық өндірісі және өнімдерді қайта өндеу бойынша жетекші аймақтардың бірі бола отырып, сонымен қатар, кен өндіру саласындағы негізгі өнеркәсіптер, машина жасау, түсті металлургия, ауыл шаруашылық өнімін қайта өндеудегі маңызды өнеркәсіптік әлеуетке ие.

Дереккөзі: Ақмола облысы әкімдігінің ресми сайты

Бөлісу: