5 Наурыз 2013, 12:17
- Қазақтың қонақжайлығы тек Қазақстанда ғана емес, әлемде халықаралық сахнада өте танымал. Бірақ, мәселе қонақжайлықта емес, мәселе осы келіссөздердің қандай қорытындымен бітуінде. Қазақстан аталмыш келіссөздерде бейтараптылық танытқанымен, осы тақырыптың төңірегінде бейтараптылық танытып отырған жоқ.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан мемлекеті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонын жабу жөнінде тарихи Жарғысына осы Алматы қаласында қол қойған болатын. Қазақстан дүниежүзіндегі 4-ші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартып, Халықаралық қауымдастықтың қауіпсіздік кепілдігіне ие болған болатын. Сондықтан, Қазақстан жалпы, ядролық қаруды таратпау және ядролық қарудан бос әлем құру мәселесі төңірегінде әрдайым бейтараптылық танытқан емес. Сондықтан да, бұл келіссөздердің Алматы қаласында өтуі орынды болды.
- Осы келіссөздердің Қазақ жерінде өтуінен бізге қандай пайдасы бар?
- Әкелетін пайдасы, әрине, мүмкін қаражат жағынан немесе экономикалық тікелей пайда ертеңгі күннен бастап, бола қоймайтын шығар. Бірақ, біздің негізгі сыртқы саяси ұстанымымыз бұл – аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Негізі, бұл келіссөздердің өтуі бейбіт және дипломатиялық жолда Қазақстанның ұсынып отырған, ұстанып отырған саясатына, ұлттық мүддесіне сай келіп отыр. Сондықтан, сол тұрғыдан алғанда, Қазақстанға әкелер пайдасы мол.
Бұл – бейбітшілік пен аймақтағы қауіпсіздік. Иран бізге жат мемлекет емес. Иран аймақтық Каспий теңізі арқылы көрші мемлекет. Екіжақты қарым-қатынастардың өткен жылы 20 жылдығын атап өткен болатынбыз. Сондықтан да, бұл мемлекеттің бейбіт дамуы, бұл мемлекеттің экономикалық дамуы, жалпы, болашақта бұл мемлекеттен халықаралық санкцияның алынуы Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай келеді. Әр мемлекет халықаралық қатынастың субъектілері атом энергиясын бейбіт жолда қолдануға құқылы.
Бұл - әр мемлекеттің егеменді құқығы. Бұл құқықтан ешкім Иран мемлекетін айырған емес. Дегенмен, бірінші күннен бастап, Қазақстан Республикасы барлық дипломатиялық арналар арқылы және барлық деңгейлерде Иран Ислам Республикасындағы ядролық бағдарлама тек бейбіт жолда ғана іске асыру жөніне аса назар аударған болатын. Бұл дегеніміз не? Бұл дегеніміз – елдің экономикасына сай, елде атом энергиясын тек электр энергиясы және медициналық мақсатта дамыту. Ешқандай әскери бағытта дамымауы тиіс. Естеріңізде болса, Қазақстан мемлекеті, ресми Астана Иран ядролық бағдарламасы төңірегінде бірінші күннен бастап, өзінің ізгі саясатын жүргізді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Иран тарапынан ресми кездесулерде бұл мәселе тек, дипломатиялық әрі бейбіт жолмен ғана шешілу мәселесіне аса назар аударған болатын.
- Осы келіссөз өтер тұста, Иран тарапы болсын, Еуропалық мемлекеттер АҚШ-тың ресми тұлғалары да өздерінің пікірлерін білдірген болатын. Сонда солардың көбісі осы 26 ақпандағы келіссөзге үлкен үміт артатынын айтты. Сол үміт ақталды ма?
Келіссөзде алға жылжу бар ма, қалай ойлайсыз?-Келіссөздердің қорытындысы бойынша Иран Ислам Республикасы делегациясының басшысы бұл келіссөздер басқа келіссөздерге қарағанда анағұрлым шындыққа жанасатын, Иран тарапына жағымдырақ ұсыныстар түскені туралы хабарлады. Ал, «алтылық» топтың атынан Баронесса Кэтрин Эштон ханымның айтуынша, «осы келіссөздер өте пайдалы өтті», деген баға берілді.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы бұл келіссөздерді "жемісті" деп бағалады. Ал, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Али Акбар Салихи мырза бұл келіссөздерді «сындарлы», деп атап өтті.
Бұл келіссөздердің қорытындысы бойынша, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрімен сөйлесіп, өзінің пікірін жеткізді. Бұл кездесудің алдыңғы үш раундтан айырмашылығы, бұл тұңғыш рет екі тарап осы келіссөзден бұрылып кеткен жоқ, бір-біріне конструктивті ұсыныстар ұсынып, ең бастысы, осы келіссөздердің барысында Алматыдан кетпей, тағы да бір ай өтпес кезеңде 5-6 сәуір күндері Алматыда тағы да осы санатта, осы деңгейде тағы да кездесу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
BAQ.kz