4 Наурыз 2013, 11:00
«Ұйымдастырушылар «Қыз Жібек» клубының базасында өзіндік тәрбиелеу мектебін қалыптастыруды көздейді. Яғни, ол алдыңғы буын мен кейінгі буынның кездесіп, пікір алмасатын сұхбат алаңына айналуға тиіс. Болашақта клуб тәжірибесі игі бастама ретінде еліміздің басқа да аймақтарына таралатын болады, сондай-ақ осы тектес клубтар еліміздің өзге де жоғарғы оқу орындарында ашылады», -деп хабарлады Агенттіктің баспасөз қызметінен.
ҚР Дін істері агентігінің бастамасымен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қыздар клубы құрылатынын Baq.kz бұдан бұрын хабарлаған. Бұл туралы 11 қаңтарда қазақстандық БАҚ-тардың бас редакторларымен болған кездесуде ҚР Дін істері агентігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф мәлімдеді.
«Хиджаб мұсылман киімі емес. Қазаққа тұмшаланып жүру жат. Біздің халқымыздың өз ұлттық киімі бар. Соны қоғамға түсіндіруіміз керек. Осы мақсатта жақында Женпиде (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ред.) «Қыз Жібек» атты клуб құрылады», деді ол.
Агенттік төрағасының мәлімдемесіне қарағанда, оқу орнының бастамасымен ашылғалы отырған ол клуб түрлі тәрбиелік шаралармен қатар қоғамдағы дінге қатысты кейбір проблемалардың алдын алумен айналыспақ.
BAQ.kz