8 Қараша 2012, 11:24
Соңғы редакциялау:
16 қазан 2012
Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны муз.-хореог. образдар арқылы ашылатын спектакль. Б. — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Б-тің арқауы би мен пантомима. Пантомима — сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры. Сюжетті Б-терде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, g’аксьон) көп қызмет атқарады. Б-тің дәстүрлі муз.-хореогр. формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Соңғысын кордебалеттер орындайды. Қаһармандық, драм., комедиялық сюжеттер Б. жанрын айқындайды. Сондай-ақ, шағын Б., Б.-пантомима, Б.-феериялар болып бөлінеді.
Б-тің негізгі элементтері халықтың муз.-би шығармаларымен тікелей байланыста туған. Еуропада (Италия, Франция, Англия, Испания, т.б.) Б. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Алғаш Италияда тұрмыс-салтты көрсететін би түрлері іріктеліп, жүйеге түсіп, сахналық заңдылыққа бағындырыла бастады. Той-думанда орындалатын халық билері жаңа мәнерлі, әсем өрнекті, бір идеяны ұқтыруға, бір ойды айтуға мегзеген Б-терге арқау болды. Бұлар үлкен сарайларда, сән-салтанат ордасында қойылып отырған. Францияда Б. белгілі сюжеттер, аңыздар негізінде құрылды. Б. өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған көбінесе музыка мен әдебиеттегі ағымдар ықпал жасап отырған. 17 ғ-дың 2-жартысында өмірге опера-Б. (композиторлар Люлли, Рамо) және комедия-Б. (драматург Мольер) келді. 18 ғ-да Англия, Австралияда, кейінірек Францияда Б. өнердің жеке бір саласы болып әбден қалыптасады.
Осы кездегі би өнерінде үлкен реформатор болған француз балетмейстері Ж. Новер П. Корнель трагедияларын Б-ке айналдырып, өзінің теориялық ой-пікірлерін жанды спектакльдерде жүзеге асырды. Оның “Балет жайлы хаттар” (1760) еңбегі басқа елдердің ұлттық Б. өнерлерін дамытуда көп себін тигізді. Содан соң ұлттық Б. мектептері (француз, италиялық, т.б.) шыға бастады. Келе-келе Б. техникасы жетіліп, айналма, секірме қимылдардың ой емеурінін берудегі мәні тереңдей түсті. 20 ғ-да Шығыс елдерінде (Египет, Түркия, Жапония т.б.) Б-тер туып, дами бастады. Орыстың Б. өнері 18 ғ-дың 2-жартысынан қалыптасты. Халықтың би қазынасы бірте-бірте игеріліп, өнегелі Б. мектептерінің ыңғайымен жүйеге түсті. 19 ғ-дың бас кезінде, әсіресе, балетмейстер Ш. Дидлоның қызметі тұсында орыстың Б. өнері едәуір табысқа жетті. Е.И. Колосова, М.И. Данилова, А.И. Истомина, А.П. Глушковский сынды бишілер тобы өз өнерлерімен бой көрсетті. Б. өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы композиторы П.И. Чайковский болды. Балетмейстерлер М. Петипа мен Л.И. Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның “Ұйқыдағы ару”, “Аққу көлі” және “Щелкунчик” (1890 — 95) Б-терін қойды. П.И. Чайковскийдің Б. музыкасында игі дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамытуда көптеген композиторлар (А. Глазунов, И. Стравинский, С. Прокофьев, т.б.) елеулі еңбек етті. 20 ғ-дың басында балетмейстерлер М.М. Фокин мен А.А. Горский Б. өнері саласында батыл ізденістер жасады. Орыс бишілері А.П. Павлова, В.Ф. Нижинский, Г.П. Карсавина, Е.В. Гельцер, М.М. Мордкин, В.Д. Тихомировтар Б. өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. 20 ғ-дағы орыстың Б. өнері Англия, Францияда Б-тің қайта өркендеуіне, ал, АҚШ-та Б-тің тууына игі әсер етті.
Қазан төңкерісінен кейінгі Б.В. Астафьевтің (“Париж жалыны”, “Бақшасарай фонтаны”), Р.М. Глиэрдің (“Қызыл гүл”), А.И. Хачатурянның (“Гаянэ”, “Спартак”), С.С. Прокофьевтің (“Ромео мен Джульетта”), А.А. Крейннің (“Лауренсия”), Қ.А. Қараевтың (“Жеті ару”) Б-тері кеңес өнерін дүние жүзіне танытып, даңққа бөлеген туындылар. Г.С. Уланова, М.Т. Семенова, Н.М. Дудинская, О.П. Лепешинская, М.М. Плисецкая, В.М. Чабукиани, Г. Алмасзаде, Б. Бейшеналиева, З.Насретдинова, М. Тұрғынбаева, Л. Сахьянова, Ш. Жиенқұлова секілді бишілер есімі өнер әлеміне мәшһүр болды. Кеңес одағында 40 опера және балет театры, 16 мемл. балет уч-щесі жұмыс істеді. Б. өнерінің кадрларын Мәскеудегі Театр өнері ин-ты мен Мәдениет ин-ты, Санкт-Петербург консерваториясы, Қазақстанда Алматы жоғары би өнер мектебі даярлады. Қазақ Б-і әуелде драм., опералық спектакльдер ішіндегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. Діни сенімнің салдарынан үзіліп қалған халықтың көне билері қайта түледі. Тұңғыш қазақ реж. Ж. Шанин ұлттық Б-ті халық топырағында бар элементтер негізінде, туыстас елдер пластикасына негіздеп жасау керек деген ойын “Қоян-бүркіт”, “Киіз басу”, “Өрмек би”, “Шашу” секілді билерді сахнаға шығаруда іске асырған. Алғашқы опералық қойылымдардың өзінде “Қара жорға”, “Қоян би”, “Келіншек”, “Ақ сүйек”, “Тәттімбет”, “Айжан қыз”, т.б. би нөмірлері сыналып кіргізіліп, спектакльдің толық қанды құрамдас бөлігіне айналды. Қобыз, домбыра ырғақтары, күй әуезі Б. музыкасына арқау болып, оның ұлттық, даралық ерекшелігін айқындады. 1938 ж. қазақ муз. театрында қазақтың тұңғыш балеті “Қалқаман — Мамыр” қойылды. В.Великановтың “Қамбар—Назым”, Н. Тілендиев, Л. Степанов пен Е. Манаевтың “Достық жолымен” және Ғ. Жұбанованың “Аққұс туралы аңызы” — қазақ Б. өнерінің өсу кезеңін көрсететін шығармалар. Т. Мыңбаевтың “Фрескалар”, А. Серкебаевтың “Ақсақ құлан” Б-тері әр түрлі муз. жанр мен стильдің басын құрайтын ұлттық композиторлық мектептің өсіп, өркендеуінің айқын айғағы болды. Жер-жерде Б. спектакльдерін қоятын халық театрлары (“Алматының жас балеті”, “Қарағандының мәдениет сарайы”, т.б.) құрылды. 1986 ж. құрылған “Алтынай” мемл. халық би ансамблі қазақ би өнерінің жаңа белесі болды. Қазақ опера және балет театры жаңа өнерді дамытудың тамаша ордасына айналдыБАЛЕТ (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны муз.-хореог. образдар арқылы ашылатын спектакль. Б. — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Б-тің арқауы би мен пантомима. Пантомима — сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры. Сюжетті Б-терде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, g’аксьон) көп қызмет атқарады. Б-тің дәстүрлі муз.-хореогр. формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Соңғысын кордебалеттер орындайды. Қаһармандық, драм., комедиялық сюжеттер Б. жанрын айқындайды. Сондай-ақ, шағын Б., Б.-пантомима, Б.-феериялар болып бөлінеді.
Б-тің негізгі элементтері халықтың муз.-би шығармаларымен тікелей байланыста туған. Еуропада (Италия, Франция, Англия, Испания, т.б.) Б. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Алғаш Италияда тұрмыс-салтты көрсететін би түрлері іріктеліп, жүйеге түсіп, сахналық заңдылыққа бағындырыла бастады. Той-думанда орындалатын халық билері жаңа мәнерлі, әсем өрнекті, бір идеяны ұқтыруға, бір ойды айтуға мегзеген Б-терге арқау болды. Бұлар үлкен сарайларда, сән-салтанат ордасында қойылып отырған. Францияда Б. белгілі сюжеттер, аңыздар негізінде құрылды. Б. өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған көбінесе музыка мен әдебиеттегі ағымдар ықпал жасап отырған. 17 ғ-дың 2-жартысында өмірге опера-Б. (композиторлар Люлли, Рамо) және комедия-Б. (драматург Мольер) келді. 18 ғ-да Англия, Австралияда, кейінірек Францияда Б. өнердің жеке бір саласы болып әбден қалыптасады.
Осы кездегі би өнерінде үлкен реформатор болған француз балетмейстері Ж. Новер П. Корнель трагедияларын Б-ке айналдырып, өзінің теориялық ой-пікірлерін жанды спектакльдерде жүзеге асырды. Оның “Балет жайлы хаттар” (1760) еңбегі басқа елдердің ұлттық Б. өнерлерін дамытуда көп себін тигізді. Содан соң ұлттық Б. мектептері (француз, италиялық, т.б.) шыға бастады. Келе-келе Б. техникасы жетіліп, айналма, секірме қимылдардың ой емеурінін берудегі мәні тереңдей түсті. 20 ғ-да Шығыс елдерінде (Египет, Түркия, Жапония т.б.) Б-тер туып, дами бастады. Орыстың Б. өнері 18 ғ-дың 2-жартысынан қалыптасты. Халықтың би қазынасы бірте-бірте игеріліп, өнегелі Б. мектептерінің ыңғайымен жүйеге түсті. 19 ғ-дың бас кезінде, әсіресе, балетмейстер Ш. Дидлоның қызметі тұсында орыстың Б. өнері едәуір табысқа жетті. Е.И. Колосова, М.И. Данилова, А.И. Истомина, А.П. Глушковский сынды бишілер тобы өз өнерлерімен бой көрсетті. Б. өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы композиторы П.И. Чайковский болды. Балетмейстерлер М. Петипа мен Л.И. Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның “Ұйқыдағы ару”, “Аққу көлі” және “Щелкунчик” (1890 — 95) Б-терін қойды. П.И. Чайковскийдің Б. музыкасында игі дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамытуда көптеген композиторлар (А. Глазунов, И. Стравинский, С. Прокофьев, т.б.) елеулі еңбек етті. 20 ғ-дың басында балетмейстерлер М.М. Фокин мен А.А. Горский Б. өнері саласында батыл ізденістер жасады. Орыс бишілері А.П. Павлова, В.Ф. Нижинский, Г.П. Карсавина, Е.В. Гельцер, М.М. Мордкин, В.Д. Тихомировтар Б. өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. 20 ғ-дағы орыстың Б. өнері Англия, Францияда Б-тің қайта өркендеуіне, ал, АҚШ-та Б-тің тууына игі әсер етті.
Қазан төңкерісінен кейінгі Б.В. Астафьевтің (“Париж жалыны”, “Бақшасарай фонтаны”), Р.М. Глиэрдің (“Қызыл гүл”), А.И. Хачатурянның (“Гаянэ”, “Спартак”), С.С. Прокофьевтің (“Ромео мен Джульетта”), А.А. Крейннің (“Лауренсия”), Қ.А. Қараевтың (“Жеті ару”) Б-тері кеңес өнерін дүние жүзіне танытып, даңққа бөлеген туындылар. Г.С. Уланова, М.Т. Семенова, Н.М. Дудинская, О.П. Лепешинская, М.М. Плисецкая, В.М. Чабукиани, Г. Алмасзаде, Б. Бейшеналиева, З.Насретдинова, М. Тұрғынбаева, Л. Сахьянова, Ш. Жиенқұлова секілді бишілер есімі өнер әлеміне мәшһүр болды. Кеңес одағында 40 опера және балет театры, 16 мемл. балет уч-щесі жұмыс істеді. Б. өнерінің кадрларын Мәскеудегі Театр өнері ин-ты мен Мәдениет ин-ты, Санкт-Петербург консерваториясы, Қазақстанда Алматы жоғары би өнер мектебі даярлады. Қазақ Б-і әуелде драм., опералық спектакльдер ішіндегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. Діни сенімнің салдарынан үзіліп қалған халықтың көне билері қайта түледі. Тұңғыш қазақ реж. Ж. Шанин ұлттық Б-ті халық топырағында бар элементтер негізінде, туыстас елдер пластикасына негіздеп жасау керек деген ойын “Қоян-бүркіт”, “Киіз басу”, “Өрмек би”, “Шашу” секілді билерді сахнаға шығаруда іске асырған. Алғашқы опералық қойылымдардың өзінде “Қара жорға”, “Қоян би”, “Келіншек”, “Ақ сүйек”, “Тәттімбет”, “Айжан қыз”, т.б. би нөмірлері сыналып кіргізіліп, спектакльдің толық қанды құрамдас бөлігіне айналды. Қобыз, домбыра ырғақтары, күй әуезі Б. музыкасына арқау болып, оның ұлттық, даралық ерекшелігін айқындады. 1938 ж. қазақ муз. театрында қазақтың тұңғыш балеті “Қалқаман — Мамыр” қойылды. В.Великановтың “Қамбар—Назым”, Н. Тілендиев, Л. Степанов пен Е. Манаевтың “Достық жолымен” және Ғ. Жұбанованың “Аққұс туралы аңызы” — қазақ Б. өнерінің өсу кезеңін көрсететін шығармалар. Т. Мыңбаевтың “Фрескалар”, А. Серкебаевтың “Ақсақ құлан” Б-тері әр түрлі муз. жанр мен стильдің басын құрайтын ұлттық композиторлық мектептің өсіп, өркендеуінің айқын айғағы болды. Жер-жерде Б. спектакльдерін қоятын халық театрлары (“Алматының жас балеті”, “Қарағандының мәдениет сарайы”, т.б.) құрылды. 1986 ж. құрылған “Алтынай” мемл. халық би ансамблі қазақ би өнерінің жаңа белесі болды. Қазақ опера және балет театры жаңа өнерді дамытудың тамаша ордасына айналды.