Астана - 1962-1975 жылдар аралығы

19 Маусым 2014, 07:50

1962 Қазан — Қалада 1200 жолаушыға арналған вокзал салынды. Қалада педагогикалық институт ашылды.

1962

Қазан — Қалада 1200 жолаушыға арналған вокзал салынды.

Қалада педагогикалық институт ашылды.


1963

77 ақпан — ҚазКСР Министрлер Кеңесі «Целиноград қаласын жоспарлау жобасы мен бас жоспарының негізгі ережелерін бекіту туралы» Қаулы қабылдады. Онда қаланы дамытудың жалпы масштабы мен бағыттары, өнеркәсібі, халық санының өсуі, аймақтық дамуы, құрылыстың барысы, құрылысты қайта жөндеу бойынша шаралар мен жақын жылдардағы қаланы біртіндеп дамытудың жағдайы нақты анықталды.

Бос аймақтардағы бірінші шағын ауданды салу ісі басталды. Шағын аудан қаланың шығыс бөлігінде орналасты және қаланың ескі бөлігінен жаңа бөлігіне өтетін көпір тәріздес болды. Шағын аудан («Целинный») еркін және халыққа қызмет көрсетудің сатылы жүйесі принциптері негізінде жоспарланды.

6 қараша - Тың игерушілер сарайы салтанатты түрде ашылды. Түрі мен құрылыс жүйесі жағынан Тың игерушілер сарайы Кремльдің Съездер сарайына ұқсас болды. Ғимарат 2340 орынға есептелінді, 82 дауыс зорайтқыш, 1200 шырақ орнатылды, экран көлемі 34Ф13Д метрді құрады. Тың игерушілер сарайы өзінің алғашқы жұмысы жылдарында-ақ қаланың ғана емес, облыс пен өлкенің мәдени өмірі орталығына айналды.

Тамыз — Тың игерушілер сарайында қалаға келген КОКП ОК Бірінші хатшысы, КСРО Жоғарғы Кеңесі төрағасы Н.С.Хрущевпен кездесуге арналған тың игерушілер, өндіріс озаттары, ұжымшар, кеңшар басшылары, өндіріс басқармалары, көсіпорындар мен құрылыс ұйымдарының митингісі өтті.


1964

29 мамыр - Қазақстан КП ОК мен ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Целиноград инженерлік-құрылыс институтын ашу туралы Қаулы қабылдады.

25 қазан - Қазақстан Компартиясы ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қалада медициналық институт ашу туралы Қаулы қабылдады. Қазақ КСР Мемлекеттік құрылысының «Целинпроект» институты құрылды.


1965

19қазан — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Тың өлкесін жою туралы Жарлығы шықты.


1967

Вячеслав су қоймасын салу басталды.


1968-1972

Орал құрылыс басқармасы «Гидромеханизация» тресі Есіл өзенін терендету жұмысын жүзеге асырды.


1970

19 қазан — Мемлекеттік комиссия Вячеслав су қоймасының құрылысы аяқталғаны туралы актіге қол қойды.


1975

КСРО Үкіметінің шешімі бойынша «Целиноградсельмаш», «Казахсельмаш» және эрозияға қарсы техниканың арнайы құрастырушы бас бюросы (ЭҚТ БАҚБ) эрозияға қарсы техника құрастыру өндірістік бірлестігіне біріктірілді. Зауыттар мен инфрақұрылымның қарқынды дамуы басталды. Бірлестік қала құрылысын салатын ірі кәсіпорынға, Қазақстанда отандық машина жасаудың флагманына айналды. 1986 ж. бірлестікке «Карагандасельмаш» және «Кзылордасельмаш» зауыттары кірді. Жүмысшылардың саны 136 мың адамды құрады. 2-қалалық аурухана мен жедел жәрдем бекетін біріктіру арқылы қалада жедел жәрдем ауруханасы ұйымдастырылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: