19 Маусым 2014, 06:54
1896-1938
Ақмола қаласында ұлт-азаттық және революциялық қозғалысқа белсене қатысушы А. Асылбековтың өмір сүрген жылдары.
1896-1937
Алаш қозғалысына қатысушы, ақын әрі драматург Қ. Кемеңгерұлының өмір сүрген жылдары.
1905
20-21 қараша — Ақмола поштасы қызметкерлерінің ереуілі.
1906
6 қаңтар — Ақмола және Семей облыстарында әскери жағдай енгізу.
1910
Өрт бақылау мұнарасына қарсы (қазіргі № 1 мектеп-лицейі орны) қаладағы алғашқы «Метеор» кинотеатрының ашылуы, оны кәсіпкерлер А.И.Скворцов пен Д.В.Егоров салған. 1911 ж. ол жанып кетіп, оның орнына Сібір сауда банкі Акмола бөлімі жанындағы «Рен шарап жертөлесінің» иелері ағайынды Егоровтар жаңа кинотеатр салған, ол «Прогресс» деп аталды. Кинотеатрда қаланың барлық қоғамдық шаралары өтіп отырған, оның ішінде, шаруалар мен земства съездері, 1918 жылғы ақпанда алғашқы уездік кеңестер съезі өткен. Қаланың бас сәулетшісі қызметі енгізілді. Алғашқы бас сәулетші 1919 ж. Ақмола қалалық Думасына депутат болып сайланған А.Д. Павлович болды.
Қалада алғаш рет бульварлар отырғызылды. Топырағы сортанды болғандықтан, олар үнемі күтіп-баптап отыруды талап етті. Әлеуметтік сілкініс, көтеріліс пен азамат соғысының басталуымен және одан кейінгі онжылдықта билік тарапынан қандай да болмасын күтімнің жоқтығы салдарынан қала массиы қүлдырай бастады. Бульварлардың барлығы дерлік жойылды, сондықтан да жаңадан ағаш отырғызу керек болды. Солдат бағы түгелдей дерлік шабылды, ал қала бағы қараусыз қалды. Есілдің сол жаға-лауындағы бақ біртіндеп кесіліп, жойыла бастады, әйтсе де өлкетанушы Семенов айтқандай, «іс тиісті түрде жолға қойылғанда питомниктің атына заты сай болар еді».
1914
Ақмола қаласында Жоғарғы бастауыш әскери училище ашылды.
1915
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ж.Тәшенов дүниеге келді. Ақмолаға неміс және венгер әскери тұтқында-рының келуі.
1916
Акмолада мұғалімдер семинариясы ашылды.
27 қыркүйек — Қоржынкөл болысы көтерілісшілерінің ұлт-азаттық жазалаушылармен қақтығысы.
3-4 қазан — Көтерілісшілердің жазалаушылармен Айнабұлақ мекеніндегі қақтығысы.
8 қазан - Көтерілісшілердің жазалаушылармен Алексеевка ауылы маңындағы қақтығысы.
1917
19 мамыр — Ақмола уездік Атқару комитетіне (исполком) сайлау өтті. Оған 25 адам сайланды: орыс және қазақ болысынан 3 өкілден, төртеуі Ақмоладан, үшеуі гарнизон офицерлері мен жергілікті әскери команда солдаттары атынан, біреуі казак станицасы тұрғындарынан. Комитетті қалалық дәрігер Благовещенский басқарды. Жаңа билік органы құрамында Уақытша үкіметті жақтаушылар көп еді. Әйтсе де сол уақыттың өзінде съезге қатысушылардың арасында көтерілісті қолдаушы солдаттар мен жұмысшы, шаруалар басым болды. Қайта сайланған уездік Атқарушы комитет екі жікке бөлінді. Оның оң және сол қанаты арасында өткір күрес басталды. Біреулері Құрылтайшы жиналысты қолдады әрі олар көпшілік еді. Басқалары билікті Кеңестерге беру үшін күресті. Соңғылардың қатарында қазақ жастарының көшбасшысы С. Сейфуллин, сондай-ақ Ақмола гарнизоны солдаттары Феодосий Кривогуз бен Нестор Монин болды.
Мамыр — Қалада «Прогресс» кинотеатрында Ақмола уезі шаруаларының съезі өтті, оған 159 депутат қатысты. Онда саяси, шаруашылық және мәдени мазмұндағы мәселелер талқыланды. Съезд қазақ және орыс халқының мүддесін білдіретін арнайы комиссия құрды, оған әр тараптан 18 адам енгізілді. Халыққа білім беру саласында мемлекет пен земства есебінен уезде жалпы бастауыш білімді енгізу туралы шешім қабылданды. Ең басты мәселе – жер мәселесіне қатысты «нақты жер заңын тек қана Құрылтай жиналысы белгілейді» деген шешім қабылданды. Соғыс туралы мәселені қарастырып, съезд «Жеңіске дейін соғысу» ұранын қолдады. Жалпы алғанда, съезд шешімдері Уақытша үкіметті қолдауға бағытталды. Мамыр — Қалада большевик топтары пайда болды, оған Ә. Майкөтов, Н. Монин, Ф. Кривогуз, Т. Бочок, Богомолов және т.б. енді. Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының Омбы бөлімі басқарған ақмолалық большевиктер өз ұстанымын билік үшін саяси күреске бағыттады.
Күз — Ақмолада «Еңбекші мұсылмаңдар одағы» құрылды.
16 желтоқсан — Ақмола қаласы және Ақмола уезі қазақтарының митингісі. Митингке қатысушылар Кеңес өкіметін қолдап, В.И.Ленинге құттықтау жедел хатын жолдады.
25 желтоқсан — Ақмола болылевиктері ұйымы құрылды. Оны Т. Бачок пен Э. Пионтковский басқарды, қазынашысы Е.Кондратьева болды. Қаланың алғашқы коммунистеріне жергілікті баспаханадан шығарылған билеттер берілді. Сол күні болыдевиктер өздерінің алғашқы жиналысын өткізіп, революциялық комитет құрды, оған Н. Монин, Ф. Кривогуз, С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, А. Асылбеков, Т. Бачок, 3. Катченко және т.б. енді.
27 желтоқсан — Революциялық комитет (ревком) жергілікті гарнизон солдаттары, фронтовиктер мен мұсылман жұмысшыларына сүйене отырып, қалада Кеңес өкіметінің орнатылғаны туралы хабарлады. Комитет Уақытша үкімет әкімшілігі мүшелерін тұтқындау туралы шешім қабылдады, бірақ басты жау – прапорщик Петров қазақша киініп қашып кетті.
29 желтоқсан - Ақмолада қазақ еңбекшілерінің көп адам қатысқан шеруі болып өтті.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы