2 Наурыз 2013, 01:43
Астана қаласын Қазақстаннын солтүстігіне, орталық өңірге қарай көшіру Экологиялық туризмді дамытудың бағыттарын алдын ала айқындап отырады. Өлкенің келбеті, Бурабай, Зеренді, Сарыоба, Қорғалжын сияқты табиғаты сұлу аймақтар туризм қызметін орнықтыруға үлкен мүмкіндік береді.
Астаналық қаланың имиджі қаладағы көлік қозғалысын астаналық талаптар деңгейіне сәйкестендірудің қажеттіліктерін алдын ала анықтап отырады. Қалада магистральдык жолдар, автомобильдік көпірлер, көлік айрықтарының құрылысы жандандырылуда. Астанадағы қауіпсіздікті халықаралық деңгейге келтіру және көлік ағымдарын оптимизациялау үшін Трафиктік басқару орталығы (ТБО) құрылуда, мәселесі күрделі 20 даңғыл мен көше бөліктеріндегі (олардың ішінде, мәселесі күрделі 7 бөлік бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған) жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Жолаушылар диспетчерлік кызмет көрсететін Орталықтандырылған, автоматтандырылған радионавигациялық жүйесін енгізудің бірінші кезеңі аяқталды.
Астана қаласына астана мәртебесінің берілуі оның алдынан даму мен өсудің өте үлкен перспективаларын ашты. Жаһандық, өңірлік, ұлттық нарықтың ықпалдасу барысы Елорданың болашақ дамуы мен экономикалық өсу орталығы ретінде қалыптасуын алдын ала анықтап берді және ол: қаланы жүйелі дамыту және үзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 2006 жылы 30 наурызда Президенттің №80 Жарлығымен бекітілген астананы тұракты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының; астананы әрі қарай дамытуға, соның ішінде, әлемдік стандарттарға сай қаланың қазіргі инфрақұрылымын қалыптастыруға, өмірлік маңызды нысандарды қайта жөндеуге және экологияны жақсартуға бағытталып, 2006 жылы 4 мамырда бекітілген № 111 Астананы 2006-2010 жылдар аралығында әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының; халықаралық сараптаудан өтіп, Астана қаласының түзетілген Бас жоспары тұжырымдамасының негізінде жүзеге асырылуда. Қала өмірі бірнеше топқа біріккен 39 категория бойынша бағаланады, олардың қатарында сауда, экономика, тұрғын үй қорының жағдайы, денсаулық сақ тау жүйесі, экология, криминогендік жағдай және әлеуметтік қиыншылықтар, коммуналдық қызмет жүйесі, бос уақытты үйымдастыру, білім беру, адам құқықтарын қорғау мен азаматтық бостандық, т.б. тұр. Әлемдік стандарттарға сай болуға талпыну қаланың негізгі «экспорттык» тартымдылығын анықтайды. Астананың ел аумағындағы ықпалдастық рөлін ескере отырып, қала экономикасының дамуына баса назар аударылады.
Дерккөзі: АСТАНА энциклопедиясы