ХХІ ғасырдың басы

28 Ақпан 2013, 12:31

21 ғасырдың басында Қазақстан ғылыми айқындауы рөлге ие болды, ал оның кадрлық әлеуеті инновациялық экономиканы құрастырудағы жүйелі құрылымның элементіне айналды. Ғылымды зертханалармен қамту, инфрақұрылымдар және білім мен ғылымның интеграциясы жетілдірілуде. Ғылымды басқарудың жаңа үлгісі әзірленіп, оны жүзеге асырудың құралы ретінде 2007-2012 жылдардағы ғылым дамуының мемлекеттік бағдарламасы алғаш рет егемен ҚР-ның тарихында Елбасы Жарлығымен бекітілді (Мемлекеттік бағдарлама). Ғылымды басқарудың жаңа үлгісін іске асыру аясында еліміздің ғылыми ұйымдарын, ең бастысы, техникамен қайта жабдықтандыру мақсатында ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ашық үлгідегі ұлттық зертханалар құру жұмыстары жүргізілуде, жетекші жоғары оқу орындары жанынан, конкурстық негізде айқындалған инженерлік бағыттағы зертханалар құрылуда. 2006 ж. қыркүйек айында Астанада ауыр иондар айрықша жылдамдатқыш ЦД-60 базасында жасалған Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені (ПҒЗК) іске қосылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әлемде теңдесі жоқ ауыр иондарды айрықша жылдамдатқыш құрылған. Циклотрон Біріккен ядролық зерттеу институты (Ресей Федерациясвы, Дубна қаласы, БЯЗИ) мен ҚР-ның Ядролық физика институты бірігіп жасаған. ПҒЗК іргелі және қолданбалы ғылым мен жоғары білім ықпалдастығының үлгісі болып табылады. Ол іргелі зерттеулер жүргізуге, айрықша материалдарды, оның ішінде, әр түрлі көлемдегі ядролық мембраналарды да қоса дайындауға мүмкіндік береді, олар Астанада ашылып жатқан биотехнологиялық және Алматыдағы нанотехнологиялық орталықтар жұмысының негізі болып табылады. Елбасының тапсырмасы бойынша ғылым мен білімді ықпалдастыру мақсатында инновациялық-білім беретін консорциумдар құрылуда. Ғалымдардвың жетістіктері тұрақты түрде мемлекет қолдауына ие болып отыр. 2007 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің математикалвіқ модельдеу әдістері кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы М. Өтелбаев 1972-2006 жылдар аралығында орындалған «Спектралды теория және оның қосымшалары» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Жұмыс теориялық физика мен механиканың, дифференциалдық теңдеулер теориясының, есептеу математикасының маңызды бірқатар тапсырмаларын шешуге арналған. М. Өтелбаев ашкан ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республиканың көптеген жоғары оқу орындарында, ол дайындаған арнайы курстардың аясында, оқу үрдісінде қолданылып, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланылады. Ғалымдарға ғылымның әр саласындағы жетістіктері үшін сыйлықтар тағайындалады. Ғылымның әр түрлі салаларындағы жетістіктері үшін өткен жылдарда мынадай ғалымдарға сыйлықтар берілді: 2002 ж. аграрлық ғылымдар саласында үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар жүргізгені үшін, «Қазіргі заманғы биотехнология жетістіктері негізінде ірі қара малдың өкпе ауруы диагностикасының серологиялық тәсілін дайындау бойынша ғылыми жұмыстар сериясын» дайындаған С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы А.Қ. Болашев; С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің доценті, ветеринария ғылымдарының кандидаты Қ.Т. Шенжанов; С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің доценті, ветеринария ғылымдарының кандидаты С.З. Ескендірова; С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің ғылыми қызметкері А. Бәкірова сияқты ғалымдарға А.И. Бараев атындағы сыйлық; 2003 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Н. Нұрғалиға гуманитарлық ғылым саласындағы үздік ғылыми жетістіктері үшін, «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты кітабы бойынша Ш.Ш. Уәлиханов атындағы бірінші сыйлық; 2004 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі М.Ж. Жолдасбековке түркология саласындағы жетістіктері үшін, «Орхон ескерткіштері: мәтіні, мәні және аудармасы» еңбегі бойынша Күлтегін атындағы сыйлық; 2005 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының профессор Е.Д. Нұрсұлтановқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін, «Функционалдық кеңістікке арналған интерполяциялық тәсілдер және олардың гармониялық анализдегі қосымшасы» атты еңбегі бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық берілді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

21 ғасырдың басында Қазақстан ғылыми айқындауы рөлге ие болды, ал оның кадрлық әлеуеті инновациялық экономиканы құрастырудағы жүйелі құрылымның элементіне айналды. Ғылымды зертханалармен қамту, инфрақұрылымдар және білім мен ғылымның интеграциясы жетілдірілуде. Ғылымды басқарудың жаңа үлгісі әзірленіп, оны жүзеге асырудың құралы ретінде 2007-2012 жылдардағы ғылым дамуының мемлекеттік бағдарламасы алғаш рет егемен ҚР-ның тарихында Елбасы Жарлығымен бекітілді (Мемлекеттік бағдарлама). Ғылымды басқарудың жаңа үлгісін іске асыру аясында еліміздің ғылыми ұйымдарын, ең бастысы, техникамен қайта жабдықтандыру мақсатында ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ашық үлгідегі ұлттық зертханалар құру жұмыстары жүргізілуде, жетекші жоғары оқу орындары жанынан, конкурстық негізде айқындалған инженерлік бағыттағы зертханалар құрылуда. 2006 ж. қыркүйек айында Астанада ауыр иондар айрықша жылдамдатқыш ЦД-60 базасында жасалған Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені (ПҒЗК) іске қосылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әлемде теңдесі жоқ ауыр иондарды айрықша жылдамдатқыш құрылған. Циклотрон Біріккен ядролық зерттеу институты (Ресей Федерациясвы, Дубна қаласы, БЯЗИ) мен ҚР-ның Ядролық физика институты бірігіп жасаған. ПҒЗК іргелі және қолданбалы ғылым мен жоғары білім ықпалдастығының үлгісі болып табылады. Ол іргелі зерттеулер жүргізуге, айрықша материалдарды, оның ішінде, әр түрлі көлемдегі ядролық мембраналарды да қоса дайындауға мүмкіндік береді, олар Астанада ашылып жатқан биотехнологиялық және Алматыдағы нанотехнологиялық орталықтар жұмысының негізі болып табылады.

Елбасының тапсырмасы бойынша ғылым мен білімді ықпалдастыру мақсатында инновациялық-білім беретін консорциумдар құрылуда. Ғалымдардвың жетістіктері тұрақты түрде мемлекет қолдауына ие болып отыр. 2007 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің математикалвіқ модельдеу әдістері кафедрасының профессоры, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы М. Өтелбаев 1972-2006 жылдар аралығында орындалған «Спектралды теория және оның қосымшалары» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Жұмыс теориялық физика мен механиканың, дифференциалдық теңдеулер теориясының, есептеу математикасының маңызды бірқатар тапсырмаларын шешуге арналған. М. Өтелбаев ашкан ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республиканың көптеген жоғары оқу орындарында, ол дайындаған арнайы курстардың аясында, оқу үрдісінде қолданылып, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланылады. Ғалымдарға ғылымның әр саласындағы жетістіктері үшін сыйлықтар тағайындалады. Ғылымның әр түрлі салаларындағы жетістіктері үшін өткен жылдарда мынадай ғалымдарға сыйлықтар берілді: 2002 ж. аграрлық ғылымдар саласында үздік ғылыми зерттеулер мен жұмыстар жүргізгені үшін, «Қазіргі заманғы биотехнология жетістіктері негізінде ірі қара малдың өкпе ауруы диагностикасының серологиялық тәсілін дайындау бойынша ғылыми жұмыстар сериясын» дайындаған С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы А.Қ. Болашев; С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің доценті, ветеринария ғылымдарының кандидаты Қ.Т. Шенжанов; С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің доценті, ветеринария ғылымдарының кандидаты С.З. Ескендірова; С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің ғылыми қызметкері А. Бәкірова сияқты ғалымдарға А.И. Бараев атындағы сыйлық; 2003 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Н. Нұрғалиға гуманитарлық ғылым саласындағы үздік ғылыми жетістіктері үшін, «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атты кітабы бойынша Ш.Ш. Уәлиханов атындағы бірінші сыйлық; 2004 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі М.Ж. Жолдасбековке түркология саласындағы жетістіктері үшін, «Орхон ескерткіштері: мәтіні, мәні және аудармасы» еңбегі бойынша Күлтегін атындағы сыйлық; 2005 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының профессор Е.Д. Нұрсұлтановқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін, «Функционалдық кеңістікке арналған интерполяциялық тәсілдер және олардың гармониялық анализдегі қосымшасы» атты еңбегі бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық берілді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: