Жұмағалиев Қайрат

27 Ақпан 2013, 11:43

Ақын Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда (қазіргі Бөкей Ордасы) ауданының Жиекқұм ауылдық кеңесінің (қазіргі Бейсен ауылы) Бесқұдық деген жерінде дүниеге келген. Бастауыш мектепті Теректі ауылында оқыған, Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр мектеп интернатында тәрбиеленген. Капустин Яр сынақ полигонының ашылуына байланысты Орда ауданы таратылып, халқы Оңтүстік Қазақстанға көшірілген соң, 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданында III Интернационал атындағы қазақ орта мектебінде білім алған. 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1959-1984 жылдар аралығында «Жазушы» баспасының Көркем аударма редакциясында кіші редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып қызмет еткен. 1985-1992 жылдары Қазақ республикалық теледидарының Әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында аға редактор, комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметтерін атқарған. 1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, консультант қызметтерін атқарды. Қазір «Сарыарқа» журналында редактор. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ақынның отызға тарта кітабы жарық көрген. «Ақырғы матч», «Беймаза бақыт», «Шам шаһарында», «Самардың сарша тамызы», «Дос құшағы» поэмалары, «Құрақ көрпе», «Хатшепсут», «Батыр туралы баллада», «Журналист» балладалары, балаларға арналған «Таба нан», «Жампоз», «Кәмпит туралы баллада», «Соқыр қыран» сияқты дастан, балладалары жарық көрген.    Ол Гомердің «Илиада» поэмасын, Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена» трагедияларын, әл-Мааридің, Ш.Руставелидің, Физулидің, Низамидің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің, Есениннің, Хикметтің, Блоктың, Тувимнің, Мұса Жәлелдің, Светловтың, Лукониннің, Ғафур Ғұламның, С.Наровчатовтың, Р.Рождественскийдің, Р.Казакованың шығармаларын ана тілімізге аударған. А.Дюманың «Граф МонтеКристо» романын (Ә.Жұмабаевпен бірге), монғол жазушысы Л.Тудэвтің «Тау тасқыны» романын, француз ақыны Беранженің шығармаларын, қырғыз эпосы «Манасты» қазақ тілінде сөйлеткен. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер бар. Балаларға арналған көптеген ән мәтіндерінің авторы. Мәскеуде «Степная дорога», «Целомудрие» («Советский писатель»), Алматыда «Раздолье», «Подарок малышам» атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. Шығармалары ТМД елдерінің тілдерінде, сондай-ақ ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне аударылған. «Молодая гвардия» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты. Беларусь Республикасының Құрмет Грамотасымен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, КСРО-ның «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының грамоталарымен марапатталған.                      Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. «Жазушы», 1964; Жанар. Өлеңдер. 1966; Перзент үні. Өлеңдер. «Жазушы», 1967; Жеңісбай. «Жазушы», 1968; Айнамкөз. Өлеңдер. «Жазушы», 1969; Сақара. Өлеңдер. «Жазушы», 1970; Шапағат. Өлеңдер. «Жазушы», 1974; Сәске. Таңдамалы. «Жазушы», 1986; Ататау. Өлеңдер. «Жалын», 1997; Парасат. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1978; Құбажон. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1980; Ақмарал. Өлеңдер, балладалар. «Жалын», 1981; Кім көріпті мұндайды?! Өлеңдер. «Жалын», 1985; Құланиек. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1989; Төлбасы. Өлеңдер. Поэмалар. «Жалын», 1992; Жүрегімнің бөлшегі... Балаларға арналған өлеңдер. Астана. 2004.

Ақын Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда (қазіргі Бөкей Ордасы) ауданының Жиекқұм ауылдық кеңесінің (қазіргі Бейсен ауылы) Бесқұдық деген жерінде дүниеге келген. Бастауыш мектепті Теректі ауылында оқыған, Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Азғыр мектеп интернатында тәрбиеленген.
Капустин Яр сынақ полигонының ашылуына байланысты Орда ауданы таратылып, халқы Оңтүстік Қазақстанға көшірілген соң, 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданында III Интернационал атындағы қазақ орта мектебінде білім алған.
1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
1959-1984 жылдар аралығында «Жазушы» баспасының Көркем аударма редакциясында кіші редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып қызмет еткен.
1985-1992 жылдары Қазақ республикалық теледидарының Әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында аға редактор, комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметтерін атқарған.
1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, консультант қызметтерін атқарды. Қазір «Сарыарқа» журналында редактор.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ақынның отызға тарта кітабы жарық көрген.
«Ақырғы матч», «Беймаза бақыт», «Шам шаһарында», «Самардың сарша тамызы», «Дос құшағы» поэмалары, «Құрақ көрпе», «Хатшепсут», «Батыр туралы баллада», «Журналист» балладалары, балаларға арналған «Таба нан», «Жампоз», «Кәмпит туралы баллада», «Соқыр қыран» сияқты дастан, балладалары жарық көрген.   
Ол Гомердің «Илиада» поэмасын, Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена» трагедияларын, әл-Мааридің, Ш.Руставелидің, Физулидің, Низамидің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің, Есениннің, Хикметтің, Блоктың, Тувимнің, Мұса Жәлелдің, Светловтың, Лукониннің, Ғафур Ғұламның, С.Наровчатовтың, Р.Рождественскийдің, Р.Казакованың шығармаларын ана тілімізге аударған. А.Дюманың «Граф МонтеКристо» романын (Ә.Жұмабаевпен бірге), монғол жазушысы Л.Тудэвтің «Тау тасқыны» романын, француз ақыны Беранженің шығармаларын, қырғыз эпосы «Манасты» қазақ тілінде сөйлеткен.
Ақын өлеңдеріне жазылған әндер бар. Балаларға арналған көптеген ән мәтіндерінің авторы.
Мәскеуде «Степная дорога», «Целомудрие» («Советский писатель»), Алматыда «Раздолье», «Подарок малышам» атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. Шығармалары ТМД елдерінің тілдерінде, сондай-ақ ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне аударылған.
«Молодая гвардия» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты. Беларусь Республикасының Құрмет Грамотасымен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, КСРО-ның «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының грамоталарымен марапатталған.

                     Шығармалары:

Бөлісу: