1916-1917 ж.ж.

27 Ақпан 2013, 10:59

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында шикізат өңдеу өнеркәсібі кең дамыды. Оған әсер еткен қалаға ұсталар мен қолөнершілердің мол шоғырлануы еді. Екіншіден, мал шаруашылығының шикізаты өте мол болды. Қолөнер кәсібі негізінен мал шикізатын өңдеуге негізделді. Қалада май қайнату, тері илеу, жүн жуу, ішек-қарын аршу зауыттары іске қосылды. Қалалықтардың елеулі бөлігі жел, су және бу диірмендерінде жұмыс істеді. Халық санының өсуі құрылыстың даму қарқынын күшейтті. Көптеген шағын кірпіш зауыттары пайда бола бастады. Қалада сыра, бал қайнату және тәтті тоқаш зауыттары, жеміс шырыны, май шайқау, сонымен катар тоңмай, білте майшам, сабын қайнату, қыш зауыттары жұмыс істеді. Алайда зауыттардың құрал-жабдықтары тозығы жеткен, ондағы жұмысшылар саны да шамалы еді. 1916-1919 ж. Ақмола аумағында аймақтың басқа бөліктеріндегі сияқты маңызды оқиғалар болып өтті. 1916 жылдың жазында қазақ халқы патшалық билікке қарсы көтерілді. Көтеріліске патшаның қазақтарды тыл жұмыстарына тарту туралы Жарлығы себеп болды. Тыл жұмысына шақырылғандардың қарулы қарсылықтар көрсеткендері де аз болмады. Жергілікті халықтың ашу-ызасының күшеюіне соғыс жылдарында қазақ жерлерінің келімсектерге берілуі де әсер етті. Көтерілісшілер тыл жұмысына шақырылғандардың тізімін жойды, болыс басқарушыларын, сонымен қатар полицей мен әскери шенділерді өлтірді. Қазақтар майданға адам, арба, ат беруден бас тартты. Қозғалыс қатыгездікпен басып-жаншылды. 1917 жылдың ақпанында монархия құлатылғаннан кейін қарапайым халық өз өмірлерінің жақсаратынынан үмітті болды. Уакытша өкімет өкілдерінің жаңа билігі ондай жақсылық әкелмеді. Сондықтан Уақытша өкімет органдарымен қатар жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттардың кеңесі құрыла бастады. Олар болыпевиктер партиясының басшылығымен жасақталды. Қазан революциясының басталуына қарай Кеңестер өз билігін нығайтты. Қалада екі билік – бір жағынан, Уақытша өкімет билігі, екінші жағынан, Кеңестік билік орнады. Қазақ жұмысшылары да тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ұйымдаса бастады, қазақ комитеттерін құрды. Қазан төңкерісі Ақмоланың саяси өмірін жаңа арнаға бұрды. Қаладағы билік қантөгіссіз Ревкомға өтті. Желтоқсанда большевиктердің жергілікті ұйымы мен Ақмола қалалық Совдепі құрылды. Большевиктер барлық жерде үгіт жұмыстарын күшейтті. Жұмысшыларға – зауыттарды, кедей шаруалар мен қазақтарға - жер беруге, солдаттарға соғысты уақытынан бүрын бітіруге, қалғандарына – саяси бостандық беруді уәде етті. Қиындыктарға карамастан, Совдеп облыс орталығы Омбымен пошта-телеграф байланысын қалпына келтірді. Қалалықтарды аса қажетті тұрмыстык тауарлармен жабдықтады. Барлық жерде мектептер, ауруханалар, мәдени-ағарту мекемелері, курстар мен ликбездер ашылды. Жаңа биліктің алғашқы айларындағы Ақмола интеллигенциясынын өмірі мен қызметі С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабында шынайы түрде жазылған. «Барлық қиын жұмыс, — деп жазды ол, — маған жүктелді. Оның үстіне мен мектептегі сабақтарымды да тастамадым. Жасөспірімдерге арналған кешкі мектеп ашылды, маған онда да сабақ беруге тура келді. Таң атқаннан түн ортасына дейін біз дем алмастан жұмыс істедік». Совдеп сонымен қатар жергілікті Қызыл армия бөлімшесін де кұрды. Қалада бандитизм, алып сатарлық және жаңа билікке қарсылармен жаппай күрес басталды. Дереккөзі: АСТАНА энцикллпедиясы

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында шикізат өңдеу өнеркәсібі кең дамыды. Оған әсер еткен қалаға ұсталар мен қолөнершілердің мол шоғырлануы еді. Екіншіден, мал шаруашылығының шикізаты өте мол болды. Қолөнер кәсібі негізінен мал шикізатын өңдеуге негізделді. Қалада май қайнату, тері илеу, жүн жуу, ішек-қарын аршу зауыттары іске қосылды. Қалалықтардың елеулі бөлігі жел, су және бу диірмендерінде жұмыс істеді. Халық санының өсуі құрылыстың даму қарқынын күшейтті. Көптеген шағын кірпіш зауыттары пайда бола бастады. Қалада сыра, бал қайнату және тәтті тоқаш зауыттары, жеміс шырыны, май шайқау, сонымен катар тоңмай, білте майшам, сабын қайнату, қыш зауыттары жұмыс істеді. Алайда зауыттардың құрал-жабдықтары тозығы жеткен, ондағы жұмысшылар саны да шамалы еді.

1916-1919 ж. Ақмола аумағында аймақтың басқа бөліктеріндегі сияқты маңызды оқиғалар болып өтті. 1916 жылдың жазында қазақ халқы патшалық билікке қарсы көтерілді. Көтеріліске патшаның қазақтарды тыл жұмыстарына тарту туралы Жарлығы себеп болды. Тыл жұмысына шақырылғандардың қарулы қарсылықтар көрсеткендері де аз болмады. Жергілікті халықтың ашу-ызасының күшеюіне соғыс жылдарында қазақ жерлерінің келімсектерге берілуі де әсер етті. Көтерілісшілер тыл жұмысына шақырылғандардың тізімін жойды, болыс басқарушыларын, сонымен қатар полицей мен әскери шенділерді өлтірді. Қазақтар майданға адам, арба, ат беруден бас тартты. Қозғалыс қатыгездікпен басып-жаншылды.

1917 жылдың ақпанында монархия құлатылғаннан кейін қарапайым халық өз өмірлерінің жақсаратынынан үмітті болды. Уакытша өкімет өкілдерінің жаңа билігі ондай жақсылық әкелмеді. Сондықтан Уақытша өкімет органдарымен қатар жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттардың кеңесі құрыла бастады. Олар болыпевиктер партиясының басшылығымен жасақталды. Қазан революциясының басталуына қарай Кеңестер өз билігін нығайтты. Қалада екі билік – бір жағынан, Уақытша өкімет билігі, екінші жағынан, Кеңестік билік орнады. Қазақ жұмысшылары да тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ұйымдаса бастады, қазақ комитеттерін құрды. Қазан төңкерісі Ақмоланың саяси өмірін жаңа арнаға бұрды. Қаладағы билік қантөгіссіз Ревкомға өтті. Желтоқсанда большевиктердің жергілікті ұйымы мен Ақмола қалалық Совдепі құрылды. Большевиктер барлық жерде үгіт жұмыстарын күшейтті. Жұмысшыларға – зауыттарды, кедей шаруалар мен қазақтарға - жер беруге, солдаттарға соғысты уақытынан бүрын бітіруге, қалғандарына – саяси бостандық беруді уәде етті. Қиындыктарға карамастан, Совдеп облыс орталығы Омбымен пошта-телеграф байланысын қалпына келтірді. Қалалықтарды аса қажетті тұрмыстык тауарлармен жабдықтады. Барлық жерде мектептер, ауруханалар, мәдени-ағарту мекемелері, курстар мен ликбездер ашылды. Жаңа биліктің алғашқы айларындағы Ақмола интеллигенциясынын өмірі мен қызметі С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабында шынайы түрде жазылған. «Барлық қиын жұмыс, — деп жазды ол, — маған жүктелді. Оның үстіне мен мектептегі сабақтарымды да тастамадым. Жасөспірімдерге арналған кешкі мектеп ашылды, маған онда да сабақ беруге тура келді. Таң атқаннан түн ортасына дейін біз дем алмастан жұмыс істедік». Совдеп сонымен қатар жергілікті Қызыл армия бөлімшесін де кұрды. Қалада бандитизм, алып сатарлық және жаңа билікке қарсылармен жаппай күрес басталды.

Дереккөзі: АСТАНА энцикллпедиясы

Бөлісу: