27 Ақпан 2013, 10:22
18 ғасырда Кіші және Орта жүздердің ресейлік бодандыққа өтуі Сарыарқадағы тарихи үрдістің аяқ алысы мен мазмүнын шұғыл өзгертті. 19 ғасырдың 20-жылдарында шеткері жатқан округтерді қорғау мақсатында далаға сұғына еніп кіріп кеткен әскери шептер мен бекіністерді кері жылжыту басталды. Осылайша 1822 ж. Ақмоладан оңтүстікке қарай 300 шақырым жердегі Ақтау тауындағы Сарысу өзенінің жағасынан Ақтау, ал Есілдің жағасынан Жарқайың бекіністері салынды. 1824 ж. тұңғыш екі округтік приказ Көкшетау мен Қарқаралыда ашылды. Қазақ даласында Ақмола сырткы округінің ашылуына подполковник Ф.И. Шубиннің басшылығындағы экспедицияның жасаған үлкен дайындық жұмысы негіз болды. Бұл миссияның қызметі екі бағытта жүргізілді. Біріншіден, округтік приказдың құрылысы үшін орын таңдау, екіншіден, патшалық отарлаушы әкімшіліпнің жағына сұлтан мен билер секілді феодалдық ақсүйектерді тартып, оларды орыс тағына адалдыққа ант беруге көндіру болатын. Осы мақсатпен түрлі аудандарға бес экспедиция жіберілді. Стратегиялық тұрғыдан Есіл өңірі ең тиімді аудан деп табылды. Есіл өңіріне жеткеннен кейін, подполковник Шубин қосымша тағы да үш отряд жібереді. Олардың арасында «Ақмола» шатқалына жақын жерден қолайлы орын тауып, жолы болған жүзбасы Чириков болды. Оның үстіне шатқалдың бір артықшылығы Қазақстанның түкпір-түкпірінен, тіпті Орта Азиядан кіре тартқандар өтетін атақты «Қараөткел» тап іргесінде еді. Сондай-ақ, бекіністің бұл жерде салынуына – өзеннің жақындығы, шөбінің шүйгіндігі, сонымен қатар қысқы суықта отқа жағатын қара ағаштың мол болуы да себеп болды.
Осындай жан-жақты ойластырумен таңдалған округтік приказдың орналасқан орны қазақ даласында Ресей самодержавиесінің саясатын жүзеге асыру үрдісінен шыққан еді. Есілдің оң жақ биік жағалауында, Қараөткел шатқалынан төмен карай өзен ағысы бойынша төрт шақырым жерде орналасқан Ақмола қонысы округ құрылтайшысы құрамына кірген көшпенді рулардың географиялық орталығы болды.
Алғаш көшпенді қазақтардың арасында Ақмола атауымен белгілі (қазіргі Тайтөбе ауылы орналасқан жер) жерден округтік орталык құру жөніндегі шешім кейіннен өзгертілді де, приказдық Есілдің оң жақ жағалауынан салына бастады, соңынан қаланың өзі де осы жерден ірге теуіп, сол алғашқы жер атауымен аталып кетті. 1831 жылдың соңында құрылған Ақмола округінің құрамына халқы 131 262 адампан тұратын 3576 ауыл кіреді деп ойластырылды. Бұл ауылдар бойынша мал атаулыдан 332 452 жылқы, 670 775 қой, 31 666 түйе тіркелген болатын. Шубин: «Қарпық және Алтай болыстарының қырғыздары малға, әсіресе, жылқыға бай деп толық мағынада айтуға болады. Біз қоныс тепкен ұланғайыр даланың малдан теңгедей бос жері жоқ және ең бастысы, олардың байлығы сонда жатыр. Солардың ішінен Сапақ пен Жұман биді мысалға келтіруге болады. Олардың әркайсысының 8 мыңнан жылқысы бар және де бір мыңнан бес мыңға дейін және одан да көп жылкысы барлар толып жатыр», - деп атап өтеді.
1832 жылдын 9 қаңтарында Ресей императо-ры I Николай жаңа Ақмола сыртқы округінің ресми ашылуына өз рұқсатын берді. Акмола сыртқы округінің ресми ашылуы 1832 ж. 22 тамызда жергілікті халықтың көпшілігінің қатысуымен салтанатты жағдайда өтті. Жаңа округтің ашылу құрметіне зеңбіректен 31 дүркін оқ атылды. Аға сұлтан болып аймақтың беделді сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин сайланды. Ол Орта жүз ханы Сәмекенің шөбересі еді. Акмола сыртқы округінде ғимарат салу үшін инженер-подпоручик Поповтың басшылығымен солдаттар мен офицерлерден 52 адамнан жеке команда құрылды. Попов мұның алдында Көкшетаудағы құрылыс командасын басқарған болатын. Құрылыс отряды 1834 ж. округтік приказ ғимараты мен шенеуніктерге арналған үйлерді пайдалануға тапсырды. Сол кезде Ақмолада әскери отряд бастығына арналған алғашқы жеке меншік екі бөлмелі, сенегі бар ағаш үй пайда болды. Тілмаштар, артиллеристер, дәрігер мен Акмола приказының кейбір қызметкерлері жертөлелерде тұрды. Біртіндеп округтік приказ қызметкерлерінің дені жеке үйлерде тұра бастады.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы