Архитектурасы және қала құрылысы 2001-2002 ж.ж.

26 Ақпан 2013, 09:26

Назардан тыс қалдыруға болмайтын тағы бір мәселе – 2000 ж. араб елдері, еуропа және америка сәулетшілерінен құралған «Дар әл-Хандасан» фирмасы дайындаған Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жобасы бекітілді. Жоба бастамашылық негіздегі Қазақстанға қайтарымсыз сый ретінде жүзеге асырылды. Экстраполяция тәсілінің негізінде құрастырылған тұрғындардың сандық құрамы және туудың өзгеруі, өлім және коныс аудару кешені бойынша жасалған есептің негізінде, осы шығармашылық топ сәулетшілері 2030 жылға қарай Астана қаласы тұрғындарының саны 660 мың адамға жетеді деген болжам жасады. Осы Бас жоспардың тұжырымдамасында Есіл өзенінің сол жағалауына Шұбар поселкесінің оңтүстігіне қарай үкімет әкімшілігінің орталығын құру идеясы қарастырылған. Қаланың жаңа құрылысын оңтүстік бағытқа қарай дамытудың артықшылығы туралы ұсыныстар айтылды, ал батыс және шығыс бағыты бұрын салынған құрылысты қайта қалыптастыратын және жаңғыртылатын аудан ретінде қарастырылды. Негізінде жоба мазмұнында қандай да бір қала салудың жаңа, айқын идеясы көріне алған жоқ, мәселені кеңірек тұрғыдан алғанда, орналастырылатын жердің солай таңдалуы мен жоспарлау ұйымының Жаңа үкімет әкімшілігі орталығының сызбасы арасындағы ортақ ұқсастықтардан қазақ сәулетшілері жобалау тобы дайындаған жобаның біршама өңделген нұсқасын көруге болатын. Бұл орналастыру орнын таңдау, сонымен бірге Үкімет әкімшілігі жаңа орталығының құрылымын жоспарлауды ұйымдастыру сызбасының толық ұқсастығынан көрінетін еді. Жоба 2001 жылдың 15 тамызына дейін қала салу қызметін реттеуші негізгі құжат ретінде өмір сүріп келді де, «ХӘЖА зерттеу тобы» дайындаған Бас жоспар бекітілгеннен кейін қызметі тоқтатылды. Алайда доктор К. Курокаванын жетекшілігімен дайындалған Бас жоспарды жақын арада қайта қарауға тура келді. Оның басты себебі Қазақстанның экономикалық даму жылдамдығы мен тұрғындар санының өсу қарқыны және астана құрылысы бойынша орындалатын жұмыс көлемінің артуында еді. Бұл «ХӘЖА зерттеу тобының» болжамынан асып түсті. 2002 жылдың соңына қарай Астана қаласындағы тұрғындар саны 2010 жылға жоспарланған көлемнен де асып кетті. Бұл орайда тұрғындар саны қала өмірін қамтамасыз етуші жүйенің қуатын айқындайтын негізгі базалық көрсеткіш және оның инженерлік, көліктік инфрақұрылымының өлшемі екенін назардан тыс қалдыруға болмайды; тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени құрылыстың ауқымы да сол арқылы жоспарланады. Сонымен қатар тұрғындар санына шаққандағы Аймақтық жалпы ішкі өнім (АЖІӨ) маңыздылығы кем емес базалық көрсеткіш болып табылады. Астана қаласындағы АЖІӨ 2006 жылдың өзінде доктор К. Курокаваның 2030 жылға (4111 ад./үл.) жасаған болжамынан екі есеге асып түсті (11200 ад./үл.). Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Назардан тыс қалдыруға болмайтын тағы бір мәселе – 2000 ж. араб елдері, еуропа және америка сәулетшілерінен құралған «Дар әл-Хандасан» фирмасы дайындаған Астана қаласын дамыту Бас жоспарының жобасы бекітілді. Жоба бастамашылық негіздегі Қазақстанға қайтарымсыз сый ретінде жүзеге асырылды. Экстраполяция тәсілінің негізінде құрастырылған тұрғындардың сандық құрамы және туудың өзгеруі, өлім және коныс аудару кешені бойынша жасалған есептің негізінде, осы шығармашылық топ сәулетшілері 2030 жылға қарай Астана қаласы тұрғындарының саны 660 мың адамға жетеді деген болжам жасады. Осы Бас жоспардың тұжырымдамасында Есіл өзенінің сол жағалауына Шұбар поселкесінің оңтүстігіне қарай үкімет әкімшілігінің орталығын құру идеясы қарастырылған. Қаланың жаңа құрылысын оңтүстік бағытқа қарай дамытудың артықшылығы туралы ұсыныстар айтылды, ал батыс және шығыс бағыты бұрын салынған құрылысты қайта қалыптастыратын және жаңғыртылатын аудан ретінде қарастырылды. Негізінде жоба мазмұнында қандай да бір қала салудың жаңа, айқын идеясы көріне алған жоқ, мәселені кеңірек тұрғыдан алғанда, орналастырылатын жердің солай таңдалуы мен жоспарлау ұйымының Жаңа үкімет әкімшілігі орталығының сызбасы арасындағы ортақ ұқсастықтардан қазақ сәулетшілері жобалау тобы дайындаған жобаның біршама өңделген нұсқасын көруге болатын. Бұл орналастыру орнын таңдау, сонымен бірге Үкімет әкімшілігі жаңа орталығының құрылымын жоспарлауды ұйымдастыру сызбасының толық ұқсастығынан көрінетін еді. Жоба 2001 жылдың 15 тамызына дейін қала салу қызметін реттеуші негізгі құжат ретінде өмір сүріп келді де, «ХӘЖА зерттеу тобы» дайындаған Бас жоспар бекітілгеннен кейін қызметі тоқтатылды. Алайда доктор К. Курокаванын жетекшілігімен дайындалған Бас жоспарды жақын арада қайта қарауға тура келді. Оның басты себебі Қазақстанның экономикалық даму жылдамдығы мен тұрғындар санының өсу қарқыны және астана құрылысы бойынша орындалатын жұмыс көлемінің артуында еді. Бұл «ХӘЖА зерттеу тобының» болжамынан асып түсті. 2002 жылдың соңына қарай Астана қаласындағы тұрғындар саны 2010 жылға жоспарланған көлемнен де асып кетті. Бұл орайда тұрғындар саны қала өмірін қамтамасыз етуші жүйенің қуатын айқындайтын негізгі базалық көрсеткіш және оның инженерлік, көліктік инфрақұрылымының өлшемі екенін назардан тыс қалдыруға болмайды; тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени құрылыстың ауқымы да сол арқылы жоспарланады. Сонымен қатар тұрғындар санына шаққандағы Аймақтық жалпы ішкі өнім (АЖІӨ) маңыздылығы кем емес базалық көрсеткіш болып табылады. Астана қаласындағы АЖІӨ 2006 жылдың өзінде доктор К. Курокаваның 2030 жылға (4111 ад./үл.) жасаған болжамынан екі есеге асып түсті (11200 ад./үл.).

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: