24 Ақпан 2013, 05:13
Кейіпкерлер және орындаушылар:
Бейбарыс -Мысыр елінің сұлтаны, даңқты қолбасшы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов
Қалауын - Бейбарыстың бас уәзірі. Халықаралық конкурстың лауреаты Бейімбет Таңарықов
Людовик- Франк королі, кіресшілер қолбасшысыСерік Қабақов
Айдана - тұтқынға түскен қыпшақ қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ
Камералық хор. Көркемдік жетекшісі және бас дирижеры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріЕржан Дәуітов
Қазақ халық аспаптар оркестрі. Көркемдік жетекшісі және бас дирижеры - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов
Айта кету керек, бүгінгі күні Сұлтан Бейбарыс тақырыбы тәуелсіз Қазақстанда отаншыл, мемлекетшіл сананың ояна түсуімен қатар, ұлттың өзін-өзі құндауына қызмет етуде озық мысал ретінде өзекті орында болып отыр.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтеріліп, Мысырдай алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушылары мен крест жорығын бастаушылардан жалпы ислам әлемін аман сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Бейбарыстың бала кезде тұтқынға Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі біздегі Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар жазып қалдырған» деген еді. Сонымен бірге Елбасы арабтардың өз заманында Мысырды алдыңғы қатарлы, қуатты елдердің қатарына қоса білген оның есімін осы күнге дейін қатты құрмет тұтатынын мақтанышпен атап өткен болатын. Бейбарыс сұлтан туралы жазылған шығармалар, түсірілген кинофильмдер қадау-қадау шығып жатыр.
Күні кеше Абайдың мұрасын - қара сөздерін, әндері мен күйлерін орындаған қазақ халық аспаптары оркестрі мен филармония әртістері бүгінгі таңда ұлы бабамыз Бейбарыс сұлтанға арналған операның концерттік нұсқасын халыққа ұсынбақ Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтеріліп, Мысырдай алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол жаулаушылары мен крест жорығын бастаушылардан жалпы ислам әлемін аман сақтап қалған біздің ұлы бабамыз Бейбарыстың бала кезде тұтқынға Атырау бойынан әкетілгені, өзінің сүйегі біздегі Беріш тайпасынан екенін көптеген тарихшылар жазып қалдырған» деген еді. Сонымен бірге Елбасы арабтардың өз заманында Мысырды алдыңғы қатарлы, қуатты елдердің қатарына қоса білген оның есімін осы күнге дейін қатты құрмет тұтатынын мақтанышпен атап өткен болатын. Бейбарыс сұлтан туралы жазылған шығармалар, түсірілген кинофильмдер қадау-қадау шығып жатыр.
Күні кеше Абайдың мұрасын - қара сөздерін, әндері мен күйлерін орындаған қазақ халық аспаптары оркестрі мен филармония әртістері бүгінгі таңда ұлы бабамыз Бейбарыс сұлтанға арналған операның концерттік нұсқасын халыққа ұсынбақ
Премьера 24 ақпан күні сағат 17.00-де Конгресс Холл сарайында өтеді.