20 Ақпан 2013, 03:26
Қазақстанның 29 оқытушысы «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелге оқуға аттанбақ. Біліктілігін арттыруға аттанатын ұстаздарды бүгін оқу орнының ұжымы салтанатты жағдайда шығарып салды. Академияның жоғарғы басшылары мен оқытушылары бір жылға дейін АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея, Нидерланд, Испания елдерінің жоғарғы оқу орындарында білім алып, ғылыми жұмыспен айналысады. «Болашақ» стипендианттарының арасында 7 доктор мен 15 ғылым кандидаты бар. Олардың жасы 30 бен 56-да. Мемлекеттік қаржыландыру есебінен білім алуға үміткерлердің барлығы тиісті сынақтардан сүрінбей өткен. Биыл «Болашақ» бағдарламасына үміткерлердің жасына шектеу жойылып, оқу орындарынан ұжымдық тапсырыстар қабылдана бастады. Бизнес академиясы - ұжымдық тапсырыс арқылы ұстаздарының біліктілігін арттыруға грант жеңіп алған алғашқы оқу орны.
Такир БАЛЫҚБАЕВ, Халықаралық ЖОО ректоры:
- Бұл идеяның ең бір жақсы, ең бір қызық жері бірінші рет тапсырыспен бір жерге ұжым болып бара жатыр. Себебі, әркім өзі жеке барып, біліктілігін, білімін арттырып жатқанымен, ұжым болып барған кезде бұл жерде ұжымның арнайы мақсатын орындап, ұжымды көтеруге және біздің білімді көтеруге мүмкіндік береді.