Сағыздан сурет салатын суретші

17 Ақпан 2013, 09:25

Украиналық суретші танымал адамдардың портреттерін ерекше материалдардан жасайды екен, деп хабарлайды kaztrk.kz. Донецкілік Анна Матвеева картиналарын сағыздан жасайды. Оның үстіне, картинаға кіріспес бұрын сағыздар жақсы шайналған болуы керек. Бұған оның достары көмектесетін көрінеді. Мысалға, Apple-дің негізін салушы Стив Джобстың бейнесін жасауға мыңнан астам сағыз қажет болған. Ал, әйгілі әнші Элтон Джонның жүзіне 250 сағыз жұмсалды. Қазіргі уақытта Анна жергілікті футбол клубы жаттықтырушысының мүсінін жасауда. Әзірге суретшінің 3 жұмысы бар, бірақ алдағы уақытта ол өзінің жеке көрмесін өткізуді жоспарлап отыр. BAQ.kz

Украиналық суретші танымал адамдардың портреттерін ерекше материалдардан жасайды екен, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Донецкілік Анна Матвеева картиналарын сағыздан жасайды. Оның үстіне, картинаға кіріспес бұрын сағыздар жақсы шайналған болуы керек. Бұған оның достары көмектесетін көрінеді.
Мысалға, Apple-дің негізін салушы Стив Джобстың бейнесін жасауға мыңнан астам сағыз қажет болған. Ал, әйгілі әнші Элтон Джонның жүзіне 250 сағыз жұмсалды.
Қазіргі уақытта Анна жергілікті футбол клубы жаттықтырушысының мүсінін жасауда. Әзірге суретшінің 3 жұмысы бар, бірақ алдағы уақытта ол өзінің жеке көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.

BAQ.kz

Бөлісу: