«Қазақ» көтерген мәселелер әлі де өзекті

17 Ақпан 2013, 09:23

Алаш баспасөзінің бастауы, ұлт жаршысы болған «Қазақ» газетінің ұлттық мүдде жолындағы бастамаларын бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары жалғастырып әкетуі керек. Осыдан бір ғасыр бұрын жарық көрген «Қазақ»-тың көтерген мәселелері әлі де өзекті. Бұл туралы кеше Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мен «Руханият» орталығы өткізген «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстелде айтылды. ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының көтерген дүниелеріне бүгінгі қоғамның көзқарасымен қарап, қазіргі заманғы өзекті мәселелерді талқылауды мұрат еткен басқосуда сөз алған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы Қайрат Сақ ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының негізгі идеялық орталығы, ақыл-ойының ұясы, сондай-ақ жалпы қазақ санасының оянып, жүрегін дүр сілкіндіруге түрткі болған «Қазақ» газетінің тарихы, тағылым-тәжірибесі бүгінгі таңда да аса өзекті екенін айтады. «Сондықтан да «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған шаралар тек тарих үшін ғана емес, бүгініміз бен болашағымызды айқындау үшін де, ұлтымыздың бағдарын, жолын айқындап алу үшін де өте маңызды» деді ол. Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазының пікірінше, «Қазақ» газеті ұлт мәселесін аршып айтып, оны келешек ұрпақ алдына да қойып кетті. «Біздің бақытымыз – ұлт мәселесін жетер жеріне көтеріп кеткен «Қазақ» газетінің болғаны. Сол үшін онда қызмет еткен қайраткерлердің аты мәңгі өшпейді. Ол кісілердің аруағы риза болсын десек, бүгінгі қолына қалам ұстаған әрбір журналист «Ахаңның, Жахаңның сөзін мен айтпағанда, кім айтады?» деп, ұлттың мәселесін жұрттың санасына жететіндей етіп көтеруі керек. Бір ғана жер мәселесін алайық, қазір жерді алып пайдаланбай жатқандар бар. Ол пайдаланбайын деп жатыр ма, мүмкін пайдалануға техникасы, болмаса қаражаты жетпей жатқан шығар? Олай болса, бұл мәселені қалай шешу керек деген сұрақтың жауабын республикалық газеттен бастап, аудандық газетке дейін жазу керек. Осы ретте журналистердің істейтін жұмысы көп дер едім» дейді депутат. Қазақстан Дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сайлау Батыршаұлы бүгінгі БАҚ тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін жайттарды жіті қадағалап отыруы керек екенін айтады. «1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді жариялап, қуанып жатқан уақытта Мәскеу бізді мемлекет ретінде мойындаған жоқ. Қазақстанды 80-нен астам мемлекет тәуелсіз ел ретінде мойындап, келісім жасап үлгерген 1992 жылдың 22 қарашасына дейін Мәскеу бізді мойындамады. Соның салдарын бүгін де көріп отырмыз. Мысал айтайын, Кедендік одақтан кейін Еуразиялық одақ пен оның Парламентін құрамыз деді. Парламенттің құрамы әр елдің халық санына сәйкес болады екен. Демек, ол Парламенттің 80 пайызы орыстар, 9 пайызы беларусьтар, ал 11 пайызы қазақтар болады деген сөз. Парламентте шешім көпшілік дауысьпен қабылданатынын ескерсек, онда Мәскеу кеңес үкіметі кезіндегідей билемекші болды бізді. Әрине, бұған еліміздің интеллигенциясы қарсы болды, жазатын жерге жазды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа рақмет, Мәскеу, Алматы, Астанада өткен басқосуларда осы мәселенің басын бір емес, бірнеше рет ашып берді. «Біздің тәуелсіздігімізге қол созбаңдар, біз экономикалық интеграция туралы айтамыз, бізде саяси интеграция жоқ. Біз БҰҰ-ға мүшеміз, тәуелсіз мемлекетпіз» деген сөзін де өткен жылдың 19 желтоқсанында айтты. Біз тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін мәселелерді ашық айтуымыз керек. Ресей басшысы В.Путин осыдан үш ай бұрын Еуразиялық одақ құруға қатысты: «В связи с предстоящим созданием Евразийского Союза отпадает обустройство государственной границы между Россией и Казахстаном» деген пікір білдірді. Бұл не сөз? Екі мемлекет арасында шекара болмаса не болады? Біздер осындай пікірлер мен мәселелерді ескеріп отыруымыз керек. Мұны не үшін айтып отырмын. Осыдан бірер жыл бұрын біздің шекарашыларымыз Ресейдің астық тиеген 30 КамАЗ көлігін ұстады. Алайда босатуларына тура келді. Себебі екі тарап көлік ұсталған аумақты Қазақстан мен Ресейдің қайсысына тиесілі екенін дәлелдей алмаған. Өйткені ол маңда шекара қазығы қағылмаған. Осындай мәселені журналистер ашық көрсетуі керек» деді Сайлау Батыршаұлы. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов «Қазақ» газеті туралы айтқанда, оның алдында жарық көрген «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газеттерінің болғанын ұмытпауымыз керек екенін еске салды. «Дала уәлаяты» газетінде де ұлттық мәселелерге қатысты көп мақала жариялағанын тілге тиек еткен профессор осы үш басылымның ұқсас-тығы мен ерекшеліктері туралы мағыналы әңгіме шертті. «Қазақ»-та көтерілген ұлт мәселесінің бүгін де алдымызда тұрғанын шегелеп тұрып жеткізді. Халима БҰҚАРҚЫЗЫ BAQ.kz

Алаш баспасөзінің бастауы, ұлт жаршысы болған «Қазақ» газетінің ұлттық мүдде жолындағы бастамаларын бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары жалғастырып әкетуі керек. Осыдан бір ғасыр бұрын жарық көрген «Қазақ»-тың көтерген мәселелері әлі де өзекті. Бұл туралы кеше Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мен «Руханият» орталығы өткізген «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстелде айтылды.
ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының көтерген дүниелеріне бүгінгі қоғамның көзқарасымен қарап, қазіргі заманғы өзекті мәселелерді талқылауды мұрат еткен басқосуда сөз алған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы Қайрат Сақ ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының негізгі идеялық орталығы, ақыл-ойының ұясы, сондай-ақ жалпы қазақ санасының оянып, жүрегін дүр сілкіндіруге түрткі болған «Қазақ» газетінің тарихы, тағылым-тәжірибесі бүгінгі таңда да аса өзекті екенін айтады. «Сондықтан да «Қазақ» газетінің 100 жылдығына арналған шаралар тек тарих үшін ғана емес, бүгініміз бен болашағымызды айқындау үшін де, ұлтымыздың бағдарын, жолын айқындап алу үшін де өте маңызды» деді ол.
Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазының пікірінше, «Қазақ» газеті ұлт мәселесін аршып айтып, оны келешек ұрпақ алдына да қойып кетті. «Біздің бақытымыз – ұлт мәселесін жетер жеріне көтеріп кеткен «Қазақ» газетінің болғаны. Сол үшін онда қызмет еткен қайраткерлердің аты мәңгі өшпейді. Ол кісілердің аруағы риза болсын десек, бүгінгі қолына қалам ұстаған әрбір журналист «Ахаңның, Жахаңның сөзін мен айтпағанда, кім айтады?» деп, ұлттың мәселесін жұрттың санасына жететіндей етіп көтеруі керек. Бір ғана жер мәселесін алайық, қазір жерді алып пайдаланбай жатқандар бар. Ол пайдаланбайын деп жатыр ма, мүмкін пайдалануға техникасы, болмаса қаражаты жетпей жатқан шығар? Олай болса, бұл мәселені қалай шешу керек деген сұрақтың жауабын республикалық газеттен бастап, аудандық газетке дейін жазу керек. Осы ретте журналистердің істейтін жұмысы көп дер едім» дейді депутат.
Қазақстан Дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сайлау Батыршаұлы бүгінгі БАҚ тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін жайттарды жіті қадағалап отыруы керек екенін айтады. «1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді жариялап, қуанып жатқан уақытта Мәскеу бізді мемлекет ретінде мойындаған жоқ. Қазақстанды 80-нен астам мемлекет тәуелсіз ел ретінде мойындап, келісім жасап үлгерген 1992 жылдың 22 қарашасына дейін Мәскеу бізді мойындамады. Соның салдарын бүгін де көріп отырмыз. Мысал айтайын, Кедендік одақтан кейін Еуразиялық одақ пен оның Парламентін құрамыз деді. Парламенттің құрамы әр елдің халық санына сәйкес болады екен. Демек, ол Парламенттің 80 пайызы орыстар, 9 пайызы беларусьтар, ал 11 пайызы қазақтар болады деген сөз.
Парламентте шешім көпшілік дауысьпен қабылданатынын ескерсек, онда Мәскеу кеңес үкіметі кезіндегідей билемекші болды бізді. Әрине, бұған еліміздің интеллигенциясы қарсы болды, жазатын жерге жазды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа рақмет, Мәскеу, Алматы, Астанада өткен басқосуларда осы мәселенің басын бір емес, бірнеше рет ашып берді. «Біздің тәуелсіздігімізге қол созбаңдар, біз экономикалық интеграция туралы айтамыз, бізде саяси интеграция жоқ. Біз БҰҰ-ға мүшеміз, тәуелсіз мемлекетпіз» деген сөзін де өткен жылдың 19 желтоқсанында айтты. Біз тәуелсіздігімізге нұқсан келтіретін мәселелерді ашық айтуымыз керек. Ресей басшысы В.Путин осыдан үш ай бұрын Еуразиялық одақ құруға қатысты: «В связи с предстоящим созданием Евразийского Союза отпадает обустройство государственной границы между Россией и Казахстаном» деген пікір білдірді. Бұл не сөз? Екі мемлекет арасында шекара болмаса не болады? Біздер осындай пікірлер мен мәселелерді ескеріп отыруымыз керек. Мұны не үшін айтып отырмын. Осыдан бірер жыл бұрын біздің шекарашыларымыз Ресейдің астық тиеген 30 КамАЗ көлігін ұстады. Алайда босатуларына тура келді. Себебі екі тарап көлік ұсталған аумақты Қазақстан мен Ресейдің қайсысына тиесілі екенін дәлелдей алмаған. Өйткені ол маңда шекара қазығы қағылмаған. Осындай мәселені журналистер ашық көрсетуі керек» деді Сайлау Батыршаұлы.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов «Қазақ» газеті туралы айтқанда, оның алдында жарық көрген «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газеттерінің болғанын ұмытпауымыз керек екенін еске салды. «Дала уәлаяты» газетінде де ұлттық мәселелерге қатысты көп мақала жариялағанын тілге тиек еткен профессор осы үш басылымның ұқсас-тығы мен ерекшеліктері туралы мағыналы әңгіме шертті. «Қазақ»-та көтерілген ұлт мәселесінің бүгін де алдымызда тұрғанын шегелеп тұрып жеткізді.

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ

BAQ.kz

Бөлісу: