Үндістанда тотықұстардың көрмесі ашылды (видео)

17 Ақпан 2013, 09:15

Үндістанның Мумбай қаласында тотықұстардың көрмесі ашылды. Ерекше құстарды көруге мыңдаған халық жиналды. Құстардың түрлі-түсті қанық бояуларына көз тоймайды. Көрмеде шамамен 50-ге жуық тотықұстардың түр-түрін тамашалауға болады. Аталмыш іс-шараны Үндістанның жергілікті университетінің зерттеу орталығы мен өз еркімен көмегін көрсетіп ниет білдірген мамандар ұйымдастырды. Келген қонақтар құстарды тамашалап қана қоймай, оларды сатып алуға мүмкіндік алды. Көрмеде бір құстың құны 200-ден 1000 АҚШ долларына дейін сатылады. Осы iс-шараның басы-қасында жүрген кәсiпкерлердің айтуынша, тотықұстар адам денсаулығына пайдалы. Ол адамның шаршағанын басып, көңіл-күйін көтереді екен.

Үндістанның Мумбай қаласында тотықұстардың көрмесі ашылды.

Ерекше құстарды көруге мыңдаған халық жиналды. Құстардың түрлі-түсті қанық бояуларына көз тоймайды. Көрмеде шамамен 50-ге жуық тотықұстардың түр-түрін тамашалауға болады. Аталмыш іс-шараны Үндістанның жергілікті университетінің зерттеу орталығы мен өз еркімен көмегін көрсетіп ниет білдірген мамандар ұйымдастырды. Келген қонақтар құстарды тамашалап қана қоймай, оларды сатып алуға мүмкіндік алды. Көрмеде бір құстың құны 200-ден 1000 АҚШ долларына дейін сатылады. Осы iс-шараның басы-қасында жүрген кәсiпкерлердің айтуынша, тотықұстар адам денсаулығына пайдалы. Ол адамның шаршағанын басып, көңіл-күйін көтереді екен.

Бөлісу: